Облыс орталығындағы 400-ден астам гараж бұзылады — CaspianLife ақпараттық порталы
Четверг, 8 июня, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Облыс орталығындағы 400-ден астам гараж бұзылады

25.05.2023
Жаңалықтар, Қауіпсіздік, Қоғам, Қылмыс, Мәселе, Оқиға
0
Облыс орталығындағы 400-ден астам гараж бұзылады

CaspianLife, 25 мамыр – Атырау қаласындағы 400-ден астам гараж бұзылады деп хабарлайды сaspianlife.kz.

Оқи отырыңыз...

Атырауда интернет арқылы жасалған алаяқтық өршіп тұр

Атырауда интернет арқылы жасалған алаяқтық өршіп тұр

07.06.2023
Облыстағы кәсіпорындар жылына 160 млн. текше метр су тұтынады

Облыстағы кәсіпорындар жылына 160 млн. текше метр су тұтынады

07.06.2023

«Лесхоз» ықшам ауданындағы елеусіз жерде орналасқан мына гараждарға анда-санда келсек те, осы уақытқа дейін ешкім тиген емес. Бірақ мемлекет меншігіне алынады деген әңгіме шыққалы бері ұры қаптады, — дейді иелері.

 «Құқық қорғау органдарына арыздандық. Олар келеді, көреді, тексереді. Бірақ, қайран жоқ. Мұндай бассыздықты тек Атыраудан көруге болады. Көзімізді бақырайтып қойып тапа тал түсте тонап жатыр. Өзім де куә болдым. «Не істеп жатсың?» деп сұрадым. «Сенің гаражың емес, қатысың жоқ іске басыңды сұқпа» деді маған», — деп пікір білдірді тұрғын Уран Давлетов.

Жанар Джаксманова да – зардап шеккендердің бірі. Ол гаражы тоналмастан екі апта бұрын әкімдіктен бұл жердегі нысандардың бұзылатындығы туралы хабарлама алған. Жанар қажетті құжаттарды жинап тапсырғаннан кейін гаражының қақпасы жоқ екенін көріпті. Кейін бірден полицияға шағымданған.

 «Маған 400 000 теңгеден астам  шығын келді. Гараждар бұзылады дегенге дейін ешкім ештеңені тонаған емес. Мұндай жағдай басқалардың да басында бар. Кім құжат тапсырды, солардың гаражы ұры-қарының олжасына айналды», — дейді Жанар Джаксманова.

Қазір тоналған гараж саны 10-нан асып жығылады. Алайда, полицияға 5 адамнан ғана арыз түскен.

 «Қазіргі таңда қазір қылмысқа қатысты деректерді іздеу бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс ҚК 188 бабы 3 бөлігіне сәйкес жүргізілуде» деп хабаралады Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қалалық ТҮКШ бөлімі гараждарды бағалаумен айналысатын компанияны анықтау үшін конкурс жарияламақ. Ал тұрғындар тоналған меншігі арзанға бағалана ма деп алаң. Бірақ әкімдік қызметкерлері жылжымайтын мүлікті бағалау кезінде мұның ескерілетінін айтты.

 «Полицияға берген кезде өзінің шығынын көрсетеді ғой, дұрыс па? Шығыны тіркеледі етіледі, дұрыс па? Енді біз оны жұмыс барысында осындай жағдай практикада қалай болғанын анықтаймыз. Мұндай практика бізде де болған емес. Басқа қалада болған шығар. Сіз құнымен келіспесеңіз, заңда көрсетілген тәртібімен жүре береді. Ал, тоналғаны бойынша оны жұмыс барысында анықтаймыз. Бұл туралы қосымша анықтаймыз», — дейді Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Фараб Қуанышқалиев.

Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі мамандарының айтуынша, қазірге дейін 60 адам ғана құжат тапсырған. Ал, өзгелері хабарлама алса да, асықпай отыр. Сондықтан, мамандар тұрғындардың Сәтпаев даңғылы бойындағы 13-ші ғимаратқа келіп,  құжат тапсыруларын сұрайды. Айтпақшы, 400-ден астам гараж 3 гектар аумақты алып жатыр. Болашақта бұл жерде  «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 2 000 бала оқитын мектеп салынбақ.

Тегтер: CaspianатыраугаражЛесхоз
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.