Атырауда оңалту орталығының құрылысы биыл басталады — CaspianLife ақпараттық порталы
Четверг, 8 июня, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

Атырауда оңалту орталығының құрылысы биыл басталады

25.05.2023
Денсаулық, Жаңалықтар, Қоғам
0
Атырауда оңалту орталығының құрылысы биыл басталады

CaspianLife, 25 мамыр — Атырауда заманауи оңалту орталығы салынады деп хабарлайды сaspianlife.kz Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқи отырыңыз...

Атырауда интернет арқылы жасалған алаяқтық өршіп тұр

Атырауда интернет арқылы жасалған алаяқтық өршіп тұр

07.06.2023
Облыстағы кәсіпорындар жылына 160 млн. текше метр су тұтынады

Облыстағы кәсіпорындар жылына 160 млн. текше метр су тұтынады

07.06.2023

150 орындық оңалту кешенінің құрылысы биыл басталмақ. Жалпы аумағы 12 мың шаршы метрден асады. 3 қабатты ғимарат барлық заманауи талапқа сай болады деп жоспарланып отыр. Жаңа орталықта жылына 1500-ден аса адам ем-дом алуға мүмкіндік жасалмақ. Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, орталықтың жобалау-сметалық құжаттамасы толық жасақталған. Осы жобаға сәйкес, мұнда сауықтыру-жүзу бассейні, спорт зал, мәжіліс залы және техникалық ғимарат пен жылыжай қарастырылған. Ғимараттың бірінші қабатында дәрігерлік бөлмелер мен оңалту-жаттығу залы, УЗИ кабинеті және дәріхана да ойластырылған. Сондай-ақ, жобада 125 орындық асхана бар. Ал, ғимараттың екінші қабатында науқастарды оңалтуға арналған үш аумақ болады. Олар медициналық оңалту, әлеуметтік оңалту және психологиялық оңалту боп бөлінеді. Үшінші қабатта тұз шахтасы, электр сәулемен емдеу, ингалятор аумағы, физиологиялық және механикалық емдеу, сумен және инемен емдеу секілді терапиялық бөлмелер бар.
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігерді анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу порталында тендер жарияланған.

 

Тегтер: Caspianатырау
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.