Пойыз жолаушысынан тырысқақ ауруы анықталды — CaspianLife ақпараттық порталы
Четверг, 8 июня, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

Пойыз жолаушысынан тырысқақ ауруы анықталды

24.05.2023
Денсаулық, Жаңалықтар
0
Пойыз жолаушысынан тырысқақ ауруы анықталды

CaspianLife, 24 мамыр – «Дина Нұрпейісова – Атырау» бағытында қатынайтын пойыз жолаушыларының бірі тырысқақ ауруына шалдығуы мүмкін деген күдікпен оқшауландырылды деп хабарлайды сaspianlife.kz.

Оқи отырыңыз...

Атырауда интернет арқылы жасалған алаяқтық өршіп тұр

Атырауда интернет арқылы жасалған алаяқтық өршіп тұр

07.06.2023
Облыстағы кәсіпорындар жылына 160 млн. текше метр су тұтынады

Облыстағы кәсіпорындар жылына 160 млн. текше метр су тұтынады

07.06.2023

21 жастағы жолаушы өзін жайсыз сезініп, жолсеріктерден көмек сұрапты. Ал қалаға жақындай бергенде жағдайы күрт нашарлаған оны арнайы қызметкерлер күтіп алды.

 «Оның қасында мейілінше ешкім болмауы керек, қасындағы пассажирлердің барлығы басқа вагондарға көшіріліп, байланыста болған адамдардың барлығын оқшаулау керек. Санитарлық қызмет  күдіктіні алып кеткеннен кейін, сол вагонда дезинфекция жұмыстары жүргізіледі», — дейді Атырау обаға қарсы күрес станциясының зертхана дәрігері Тілекші Ізмұхамбетова.

Жолда жұқпалы ауру жұқтыруы мүмкін деген жолаушы анықталған жағдайда пойыз қызметкерлері жедел әрекет етуі керек. Әсіресе, алдағы стансадағы мамандар дайын болу үшін мейілінше тезірек хабарлауы тиіс.

 «Пойыз диспетчері дереу Атырау стансасының кезекшілеріне хабарлайды. «Осындай вагонда оба ауруымен ауырып келе жатқан вагон бар. Науқас бар» деп. Біздің станса кезекшілері барлық тиісті мамандарға хабарласып және оны вокзалдың бірінші жолына алуға жағдай жасайды. Өйткені, бірінші жолда науқасты түсіру, тиеу жеңіл»,- деді Атырау станциясының бас инженері Бекжан Жембетов.

Көпті әбігерге салып, арнайы мамандарды аяғынан тік тұрғызған бұл жағдай – шын мәнінде оқу-жаттығу жұмыстарының бір бөлігі ғана. Өйткені өмірде де болуы мүмкін. Сондықтан алдын алу мақсатында іс-шара өткізіп, дайындықты пысықтаған ешқашан артық болмайды, — дейді эпидемиологтар.

 «Оқу-жаттығудың мақсаты мен міндеттері жолаушылар пойызында аса қауіпті инфекцияға шалдыққан науқасты немесе анықталған кезде эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізуге дайындығын тексеру, бағалау және тиімділігін арттыру болып табылады», — дейді  эпидемиолог Гүлшат Әжіғалиева.

Мұндай оқу-жаттығу жыл сайын өткізіліп тұрады. Мамандардың айтуынша, осы уақытқа дейін пойыздарда қауіпті инфекцияны жұқтырған жолаушы болмапты.

 

Тегтер: Caspianатырау
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.