CaspianLife, 17 мамыр — Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде тұңғыш рет мектеп түлектерінің шеруі өтті, деп хабаралайды CaspianLife.
Оған қала мен аудандардағы білім ордаларынан шамамен 500 дей оқушы қатысты. Мұндай ауқымды іс-шараны университет басшылығы мен облыстық білім басқармасының әдістемелік орталығы бірлесе ұйымдастырған. Олардың сөзінше, басты мақсат – жаңа өмірге аяқ басқалы отырған түлектердің мамандық таңдауына ықпал ету.
«Бұл шерудің негізгі мақсаты біздің университетімізге түлектерді шақырып біздің оқу орнымызды көрсету. Яғни біздің корпустармыздағы зертханалық, тәжірбиелік аудитроиларымызбен таныстыру өтеді. Олардың ішінде өндірісте біз кеңінен қолданатын гидродинамикалық зерттеулер сосын трид програмалар, содан кейін кен игеру кезінде қолданылатын қондырғалар, бұрғылау кезінде қолданатын қондырғалар бәрі тәжіриелік кабинетте бар» — деді С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің факультет деканы Райхан Сүлейменова.
Оқушылардың арасында әлден-ақ қандай оқу орнына, қай мамандыққа түсетінін таңдап қойғандар да бар. Кейбірі болашағымен мұнай-газ саласымен байланыстырғысы келеді.
«Осы түлектер шеруі өте жақсы өтуде. Біздер университет қабырғасының өмірімен танысып қызығушылығымыз артып жатыр» — деді 11 сынып оқушысы Диляра Мақсотқызы.
Шеруден соң қазақша квиз өтті. Оған әр мектептен 7 оқушы қатысты. Сайыс нәтижесі бойынша, 1 орынға Бауыржан Момышұлы атындағы №25 орта мектеп, 2 орынға №37 Салық Зиманов атындағы орта мектеп оқушылары ие болды. №34 көп салалы мектеп-гимназиясының оқушылары 3 орынды місе тұтты. Айтпақшы университет басшылығы квиз қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен 5 мектепке грант бөлу туралы шешім қабылдады.