CaspianLife, 28 сәуір – Алматы облыстық ПД бұрынғы бастығы Серік Күдебаев 10 жылға сотталды. Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады деп хабарлайды сaspianlife.kz.
Серік Күдебаевқа лауазымын асыра пайдалану және азаптау баптары бойынша айып тағылды. Бірақ, тергеушілер таққан айыппен сотталушы келіспей, «кінәм жоқ» деді.
Серік Күдебаевқа лауазымын асыра пайдалану және азаптау баптары бойынша айып тағылды. Бірақ, тергеушілер таққан айыппен сотталушы келіспей, «кінәм жоқ» деді.Жалпы Серік Күдебаев 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы болып жұмыс істеді. 2022 жылдың 18 ақпанында ол өз еркімен жұмыстан кеткен. Кейін қаңтар оқиғасына қатысты күдікті деп танылған оның үстінен қылмыстық іс қозғалған еді.30 наурыз, сағат 11:00-де Серік Күдебаевқа қатысты сот процессі өтуі тиіс болған. Бірақ айыпталушы сотқа келмеді. Соған оны сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы шыққан еді. Артынша генералдың елден қашып кеткені белгілі болып, оған халықаралық іздеу жарияланды.Ал 27 сәуір күні Күдебаев Түркияда ұсталып, елге жеткізілді.