CaspianLife, 25 сәуір – Жаңаөзен қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды көмумен және қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорын мемлекет меншігіне қайтарылды деп хабарлайды сaspianlife.kz. Мекеме «Тазалық-С» ЖШС-на 7 жылға сенімгерлік басқаруға берілген еді. Бірақ прокурорлар серіктестіктің өз міндетін орындамағанын анықтапты. Атап айтқанда, арнайы техника паркі жаңартылмаған және полимерлі құбырлар өндірісі қалпына келтірілмепті. Нәтижесінде құны 1 млрд теңгеден асатын кешен мемлекет балансына алынды. Қазір комбинаттың бұрынғы иесі кәсіпорынның басты бәсекелесіне айналған. Қоқыс шығарумен әлі айналысып жүр. Айтпақшы прокурорлар комбинатты жаңаөзендіктердің шағымынан соң тексеруге кірісті. Өйткені тұрғындар қаланың жөнді тазаланбай, қоқысқа батып жатқанына реніш білдірген еді.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 25 сәуір – Атыраулық ихтиолог Асқар Камеловтың «Жайық-Каспий бассейніндегі бекіре тұқымдастар» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті деп хабарлайды сaspianlife.kz. Бұл — ғалымның жарыққа шыққан үшінші кітабы. Бұған дейін автор орыс бекіресі және бекіре тұқымдастар туралы қызықты мағлұматтар жинағын шығарған. «Кітапты кәдімгідей монография деуге болады. Ол біріншіден біздің Жайық-Каспий бассейіндегі барлық бекіре тұқымдас балықтарға арналған. Ол өздеріңіз білетіндей қортпа, шоқыр, сүйрік, бекіре деген балықтарға арналған. Жабайы балықтарды зерттедім»,- деді «ҚазЭкоЖоба» ЖШС бас ғылыми қызметкері Асқар Камелов. Асқар Камеловтың балық шаруашылығы саласын зерттеумен айналысып жүргеніне 40 жыл. 500 дана кітаптың жарыққа шығуына жергілікті мұнай компанияларының бірі демеушілік жасаған.
CaspianLife, 25 сәуір – Атырауда «Үздік ауыл әкімі» атты сайыс өтті деп хабарлайды сaspianlife.kz. Сайысқа аудандарға қарасты ауылдық округтерден 6 әкім қатысты. Байқау ережесі бойынша қатысушылар ауылда жасалған жұмысы туралы видеоролик-презентация әзірлеуі немесе өз өңірін дамытуға бағытталған жоба ұсынуы керек еді. Ауыл әкімдерінің көбісі ережені дұрыс түсінбесе керек, жоба-жоспардан гөрі елдімекеннің инфрақұрылымдық дамуы туралы айтып кетті. Бірақ бір жоба қазылар алқасының назарын аударды. Гүлжазира Әбенова — Құрманғазы ауданына қарасты «Бірлік» ауылының әкімі. Елдімекендегі 2200-дей тұрғынның жартысына жуығы мал асырап күн көріп отыр. Осыны ескерген әкім ауыл шаруашылығы кооперативін құрып, егін, құс шаруашылығын дамытуды көздеп отыр. Сонымен бірге, көкөністерді консервілеумен айналысатын цех…
CaspianLife, 25 сәуір – Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысында магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болды деген ақпарат тарап жатыр деп хабарлайды сaspianlife.kz. Жер сілкінісі туралы Еуропалық-жерорта теңізінің сейсмологиялық орталығы мәлімдеген. Жер сілкінісі 12:30 дар шамасында тіркелген. Зілзала ошағы Форт-Шевченкодан солтүсті-шығысқа қарай 187 шақырым, Шетпе ауылынан солтүстікке қарай 104 шақырым жерде орналасқан.Тұрғындарға жердің сілкінісі сезілген. Видео: ztb.kz
CaspianLife, 25 сәуір – Биыл 1500-ге жуық атыраулыққа жер телімі беріледі деп хабарлайды сaspianlife.kz. Мұндай ақпаратты Атырау облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқали айтты. Қазіргі уақытта облыста 138 мыңнан астам жер кезегінде тұр. Оның басым бөлігі Атырау қаласының тұрғындары. Ал аудандар бойынша барлығы 31331 адам учаске алғысы келеді. Индерде – 5978, Мақат ауданында — 1294, Махамбетте – 4217, Жылыойда – 14041, Исатайда – 459, Қызылқоғада — 2877, Құрманғазыда — 2465. «Атырау облысында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға өтініш бергендердің саны 138 мыңнан асты. Оның ішінде 106707 адам жер телімін Атырау қаласынан алғысы келеді. Биыл жеке тұрғын…
CaspianLife, 25 сәуір – «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының қатысушылары 1 мамырдан бастап несиелерін Отбасы банк арқылы төлейді деп хабарлайды сaspianlife.kz. өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының бөлім басшысы Данияр Тайшекенов айтты. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап «Дипломмен ауылға» жобасының сенімді агенті болып «Отбасы банкі» тағайындалды. Жоба тұрғын үйді сатып алуға немесе салуға кредит беруді және көтерме жәрдемақы төлеуді көздейді. — Осы жылы Отбасы банкі «Дипломмен ауылға» жобасының сенімді агенті болып тағайындалды. Ендігі кезекте «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының қатысушылары несиелерін Отбасы банкі арқылы өтейді. Сондықтан қазір қазақстандықтарға, «Дипломмен –…
CaspianLife, 25 сәуір – Атырау қаласына қарасты Жаңаталап ауылындағы Жамбыл орта мектебінің үш оқушысы қызылша ауруын жұқтырған деп хабарлайды сaspianlife.kz. Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Гүлнара Сәдуақасованың айтуынша, жағдайға байланысты мектептегі екі сыныптың оқушылары сабақты 2 мамырға дейін қашықтан оқиды. «Жаңаталап ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектебінің 5 сыныптан — 1 баладан, 3 сыныптан — 2 оқушыдан қызылша ауруының белгілері анықталды. Осыған байланысты 3 сынып пен 5 сыныпты 25 сәуір мен 2 мамыр аралығында қашықтықтан оқыту форматына көшіреміз деп шешім қабылдадық. Өйткені, дизенфекция мен тазалық жұмыстары жүргізілу керек»,- деді Г. Сәдуақасова. Жалпы биыл Атырауда 2 наурыз – 24 сәуір…
CaspianLife, 24 сәуір – ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды сaspianlife.kz. Сот Кәрім Мәсімовке қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарадыдеп жазды ulysmedia.kz. Сот Кәрім Мәсімовті Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп таныды. «Жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті жаза тағайындалды – мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырумен 18 жылға бас бостандығынан айыру» деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі. Астана қалалық сотының мәліметіне сүйенсек, К.Мәсімов пен А.Садықұловқа мемлекетке опасыздық жасау,…
CaspianLife, 24 сәуір – Кәсіпкерлік бастамашылық шеңберінде жастарға берілетін микрокредиттер бойынша өтінім берген 18 үміткердің бизнес-жобасы тыңдалды деп хабарлайды сaspianlife.kz. өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Кәсібін кеңейткісі келетіндердің қатары көп. Облыс әкімінің өкімімен құрылған комиссия құрамы 18 үміткердің құжатын қарап, әрқайсымен сұрақ-жауап алмасты. Бизнес-жобалардың басым көпшілігі мал шаруашылығымен айналысуға бағытталған.Комиссия мүшелері ұсынылған жобалардың өзектілігін, дәлелділігін, экономикалық негізділігін, маңыздылығы мен өміршеңдігін ескере отырып, тиісті шешімдер қабылдайды.Микрокредиттер 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Жас кәсіпкерлер жылдық 2,5% номиналды сыйақы мөлшерлемесі бойынша өтеу мерзімі 5 жылға дейін…
CaspianLife, 24 сәуір – Атырауда БАҚ қызметкерлері арасында шахмет пен футболдан жарыс өтті. Спорттық іс-шара өңірге белгілі журналист Мақат Хайруллиннің 85 жылдығына орай оны еске алу мақсатында ұйымдастырылды деп хабарлайды сaspianlife.kz. Футболдан 6 команда ойнап, нәтижесінде 1-орынды «Атырау-Ақпарат», 2-орынды «Баспахана» командасы алса, 3- орынды «Атырау телеарнасы» иеленді. Одан бөлек ойыншылар «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы» сынды дипломдармен марапатталды. Ал шахмат турниріне 8 адам қатысып, 1-ші орынды «Каспиан Ньюс» телеарнасының директоры Қазбек Кертаев, 2-орынды Атырау телеарнасының қызметкері Данияр Ахметов, 3-орынды «Қызылқоға» газетінің тілшісі Бауыржан Бердіғалиев жеңіп алды. Мақат Хайруллин 1938 жылы Индер ауданы, Кулагино ауылында дүниеге келген. М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін…
