CaspianLife, 20 наурыз — Биыл Жылыой ауданындағы Жем өзенінің арнасы суға толды, деп хабарлайды CaspianLife. Жемнен бастау алатын Құрсай өзегі мен Қамыскөл де арнасынан асардай боп тұр. Аудан халқының көңілі жайлы. Жұртшылық өзен деңгейінің көтеріліп, салаларының суға толып, бұлақ көздерінің ашылғанына қуанышты. «Мал бағу оңай емес, осыдан 2 жылдың аржағында 3-4 жыл қатарынан қатты қуаңшылық болды. Су аз келді, шабатын шөп те болмады. Әкелген шөптер қымбат болды. Былтыр да, биыл да Жем суы мол келді. Әсіресе биыл тіпті мол. Қазір малдарымыз рахаттанып, Жем суынан су ішеді. Бұл енді күзге дейін қыстай, малымызға су болады. Шабындық та мол болады. Су қайтқан…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 20 наурыз — Мақатта газ өңдеу зауытын салып жатқан мердігер ең алдымен аудан халқын жұмыспен қамту керек. «Аманат» партиясының облыстық филиалында өткен жиын барысында осындай мәселе көтерілді, деп хабарлайды CaspianLife. Болашақта ел қазынасына миллиардтаған қаржы құйып, экономикалық көрсеткіштердің артуына үлесін қосады деп жоспарланып отырған газ өңдеу зауыты жұмыссыздық мәселесін шешуге де ықпал ету керек деген пікірде қоғам белсенділері. «Осы мәселені 2019 дан бері көтеріліп келе жатырмын. 20 желтоқсанда халықтың сыртынан сол кездегі аудан әкімі Шәкір Кейкин қоғамдық тыңдау ұйымдастырды. Қоғамдық тыңдауда талаптар, халықтың ұсыныстары бекітілді. Қазір сол талаптар орындалмағаннан кейін халық 2022 ге дейін қаңтар оқиғасына дейін зауыт басталып…
CaspianLife, 20 наурыз — Жаңаөзендегі жарылыстан кейін үй-жайсыз қалған тұрғындар баспанамен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды CaspianLife. Олар қазіргі уақытта туыстарының үйін жағалап жүр. Тұрғындардың сөзінше, бір бөлігі қирап қалған үйде тұру тұрмақ, оған жақындаудың өзі қорқынышты. Жалпы 2 қабатты ескі үйде 12 пәтер бар. Алдыңғы күні болған жарылыстың салдарынан 4 пәтер қирап қалған еді. Осыған дейін бұл үйде 9 отбасы тұрды. Әкімдіктегілердің сөзінше, жергілікті мұнай компаниясы 9 жанұяға баспана сатып алып бермек. Зардап шеккендерге таңдау мүмкіндігі де беріледі дейді қала басшылары. Ал қайтыс болғандарды жерлеу рәсіміне кететін шығынды әкімдік өз мойнына алмақ.
CaspianLife, 19 сәуір — Өткен жылы Атырау облысында 21 бала терезеден абайсызда құлап кеткен, деп хабарлайды CaspianLife. Салдарынан 1 кішкентай қайтыс болды. Қалғандары түрлі жарақат алған. Мұндай оқиға болмас үшін полицейлер халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізіп жатыр. Дегенмен ата-ананың салғырттығы басым дейді тәртіп сақшылары. Үлкендер баланы қараусыз қалдыра беретін болса, олардың іс-әрекеті арнайы комиссияда қаралып, ата-ана құқығынан айыру шарасына дейін түрлі шешім қабылдану мүмкін. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 128-ші бабы бар «Балаға білім беру, бала тәрбиесімен дұрыс айналыспау» дерегі бойынша ата-аналарға айыппұл салынады. Бұл әрекеттерді бірнеше мәрте қайталаған жағдайда ата-аналардың үстінен қылмыстық іс қозғалады» — деді Атырау облыстық ПД…
CaspianLife, 19 наурыз — Құрманғазы ауданындағы шаруалардың жан айқайы. Тұрғындар «Қиғаш» өзенінің түбін тереңдетумен айналысып жатқан «Павлодар» өзен порты АҚ жұмысшыларының өр суын бөгеп жібермей отырғанына шағым айтып, осы мәселені басшылардың шешіп беруін сұрайды, — деп хабарлайды CaspianLife. Фото: Azattyq-ruhy.kz
CaspianLife, 19 наурыз — Бүгін Астанада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланған жиын өтті. Оған Сенат және мәжіліс спикерлері, президетке бағынышты меморгандардың басшылары, үкімет мүшелері, облыс, аудан әкімдері, Парламенттегі фракция-комит жетекшілері, облыстық, аудандық мәслихат төрағалары қатысты, деп хабарлайды CaspianLife. Премьер-министр Әлихан Смайылов басты-басты деген көрсеткіштерді тізіп, жоспарлары туралы баяндады. Мұнай-газ секторындағы, әсіресе еліміздің батысында қолға алынған және енді жүзеге асатын жобалар туралы да айтты. «Мұнай-газ саласы бойынша Теңіз кенішінде биыл сағааралық қысымды басқару жобасы, ал 2024 жылы Болашақ кеңейту жобасы аяқталады. Қарашығанақта бесінші компрессордың құрылысы басталды. Ол кен орнында мұнай өндіру көлемін жылына 10-11 миллион тонна деңгейінде…
CaspianLife, 19 наурыз — Жарылыстан зардап шеккен екі адам ауыр халде жатыр, деп хабарлайды CaspianLife. Жаңаөзен қаласындағы тұрғын үйде болған жарылыстан зардап шеккендер дәрігерлер мен психологтардың қарауында. Солардың бірі 23 жастағы келіншек құрсағындағы шаранасынан айрылып қалды. Оған бірнеше рет ота жасалған. Ал жұбайы мен қайыненесі қайтыс болды. Құтқарушылар екеуінің денесін үйінді астынан тапты. Әйел жансақтау бөлімшесінде, арнайы аппараттың көмегімен тыныс алып жатыр. Қайынатасының да жағдайы жақсы емес. Дәрігерлер екеуі де өте ауыр жағдайда дейді. «Келіншек бізге бірден жеткізілді, таңғы 4-тен кете. 17 апталық ұрық жатырдан ажырап кеткен екен, аман алып қала алмадық. Кеше омыртқасына өте күрделі ота жасалды» — деді…
CaspianLife, 18 наурыз — Құрманғазы ауданында шағын және орта кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды CaspianLife. Оларды қаржыландыру еліміздегі кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы бағдарламалар аясында жүзеге асырылуда. Кәсіпкер Бауыржан Құмаровтың ағаштан түрлі бұйым жасайтын цех ашқанына көп бола қойған жоқ. Ұсыныс бар жерде, сұраныстың да болатыны белгілі. Уақыт өте келе кәсібін кеңейтуді жөн көріп, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға» қатысып, грант ұтып алды. «Бұрын 2Д форматта ағашқа әртүрлі суреттер, сувенирлер, есімтақталар салатынбыз. Қазір енді «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» шеңберінде жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру мақсатында берілетін мемлекеттік гранттар бойынша «Жарнама агенттігі, матаға, ағашқа, шыныға…
CaspianLife, 19 сәуір — «Атырау-2» волейбол командасы Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды CaspianLife. Волейболдан 23 жасқа дейінгі ерлер командалары арасында өткен ел чемпионатында «Атырау-2» құрамасы 35 ойынның отызында жеңіске жетті. Тараз қаласында өткен жоғары лиганың қорытынды ойынына 8 команда қатысып, бақ сынаған. «Чемпионат өте жақсы деңгейде өтті. Біз үшін нәтижелі жарыстың бірі болды. Волейболшыларымыз жарады. Облыс басшыларына, спорт және дене шынықтыру басқармасына, клуб әкімшілігіне және үздік нәтиже көрсеткен жастарға алғысым шексіз» — деді «Атырау-2» волейбол командасының аға жаттықтырушысы Юрий Лабецкий. Чемпионат барысында Атыраудың намысын 14 спортшы қорғады. Олардың арасында кейбірі «үздік ойыншы» атанды. Нұрасыл Жамбылов осы атаққа үшінші мәрте ие…
CaspianLife, 18 наурыз — Ғасырдан астам тарихы бар тапаншаны тапсырған атыраулыққа мемлекет тарапынан 350 мың теңгеге жуық сыйақы берілді, деп хабарлайды CaspianLife. Облыс аумағында өткізіліп жатқан «Қару» акциясы аясында жергілікті тұрғын 1896 жылы Германияда жасалынған Mauser C96 атыс құралын полицейлерге табыстады. Иесінің сөзіне сенсек, тапаншаны әкесі Исатай ауданында мал бағып жүрген кезде шағылдан тауып алған. Раритет-тапаншаның ендігі орнын құқық қорғау органдары анықтамақ. «Бұл қаруға қазіргі уақытпен есептегенде шамамен 130 жыл болған. Қарудың сақталуы өте жақсы күйде. Ешқандай жерін тат баспаған. Қазір оның атысқа жарамдылығы деңгейін анықтау үшін баллисткалық зерттеу тағайындадық. Баллистикадан кейін атыс деңгейін анықтайтын боламыз» — деді Атырау облыстық…
