CaspianLife, 28 сәуір – Атырау облысы әкімінің үшінші орынбасары боп Құрманғазы ауданының әкімі болған Марат Мурзив тағайындалды деп хабарлайды сaspianlife.kz.
Ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен жұмысына кірісті. Марат Мурзиев Қазақ гуманитарлық-заң университетін («заңгер» мамандығы), Т. Рысқұлов атындағы жаңа экономикалық университетін («экономист» мамандығы) бітірген.Еңбек жолын 2003 жылы Атырау табиғатты қорғау прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.2004 жылы – Атырау қаласы прокурорының көмекшісі, 2006-2009 жылдары-заңгер, түрлі компаниялардағы қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер қызметін атқарды.2009 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің аппаратында әкімнің кеңесшісі болып жұмыс істеді.2010-2011 жылдары — Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының бөлім басшысы, Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі.2012 жылы – Атырау облысы әкімі аппараты басшысының құқықтық қамтамасыз ету және бақылау жөніндегі орынбасары, 2013 жылы — Атырау облысы Тексеру комиссиясының төрағасы.
2017 жылы Исатай ауданының әкімі, 2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін Құрманғазы ауданының әкімі болып, жұмыс істеді.
Фото өңірлік коммуникациялар қызметінен