CaspianLife, 26 сәуір — Атырау университеті мен қаладағы колледждердің бірінде күдік тудырған сөмке бар деген хабарлама шындыққа жанаспайды деп хабарлайды сaspianlife.kz
Мұндай ақпаратты Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі жариялады. Университет пен колледждегі адамдарды эвакуациялап, тексеру жүргізген полицейлер күдік тудыратын затты таппаған. Қазіргі кезде түскен хабарламаға байланысты тергеу басталып кетті.Айта кетейік, көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес жауапкершілік көзделген.