Мақаттағы өзекті мәселелерді шешу үшін 23 млрд. теңге керек — CaspianLife ақпараттық порталы
Четверг, 28 сентября, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мақаттағы өзекті мәселелерді шешу үшін 23 млрд. теңге керек

27.04.2023
Жаңалықтар, Инфрақұрылым, Қоғам, Мәселе, Мұнай-газ, Өндіріс, Экология
0
Мақаттағы өзекті мәселелерді шешу үшін 23 млрд. теңге керек

CaspianLife, 27 сәуір – Мақаттағы өзекті мәселелерді шешу үшін 23 миллиард теңге керек деп хабарлайды сaspianlife.kz.

Оқи отырыңыз...

Атырауда жүк көліктері ереже-талапты сақтамайды

Атырауда жүк көліктері ереже-талапты сақтамайды

28.09.2023
АМӨЗ: жанармай тапшылығы болмайды

АМӨЗ: жанармай тапшылығы болмайды

27.09.2023

 «Аманат» партиясы өңірлік қоғамдық кеңесінің осы жолғы отырысында Мақат ауданы үшін өзекті саналатын екі тақырып талқыға түсті. Бірі  – аумағы 164 гектарды алып жатқан тұзды жерді көму мәселесі. Және апатты, ескі үйлерді не істейміз деген сұрақ. Жергілікті әкімдік Мақат пен Доссордағы сорды мүлде жоқ қылу үшін  құны 11 миллиард теңге болатын жоба дайындаған көрінеді. Зерттеу де жүргізген. Биыл осы жұмысты бастай берсек деп облыстық әкімдіктен 500 миллион сұратыпты.

 «11 миллиард теңге бюджетке өте ауыр екені белгілі. Біз алғашында 500 миллион теңге қарастырып, сол ақшаға жұмысты бастап кетеміз. Алдағы уақытта еліміздегі ірі компаниялардың бұл жұмысқа араласып, қол ұшын созуды сұраймыз», — дейді Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқов.

Мақат басшыларының айтуынша, әкімдік «Ембімұнайгаз» компаниясынан да көмек сұрапты. Бірақ қолдау болмапты. Жалпы әкімдік жоба іске асса Мақат кентіндегі 91 гектар, Доссор кентіндегі 73 гектар жерді көміп, кейін оның үстіне тал егіп, объектілер салмақ ниетте.

 «Доссор кентінде тал егіліп жатыр. Сол арадан тал шығып жатыр. Барсаңыздар көресіздер, жолдың екі жағынан талдар өсіп жатыр. 165 гектардың бәріне тал екпейміз. Жеңіл ғимараттар салғымыз келеді. Спорттық нысандар салу да жоспар да бар», — деді Мақат ауданы әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин.

Депутаттарды шенеуніктердің жоспары иландырмаса керек кесімді сөз айтуға асыққан жоқ, қайта жобаны 11 миллиард теңгеге бағалаған компания өкілдерімен кездесу керек дегенді айтты. Аудан аумағындағы апатты және ескі үйлерге қарай ойыссақ. Келер жылы 100 жылдығын тойлайтын Мақатта екіқабатты 4 үй апатты жағдайда тұр. Және  ескі 112 баспана бар. Бұл мәселені шешу үшін 12 миллиард теңге қаржы керек.  Әкімдік бюджеттің ақшасына апатты үйде тұрып жатқандарға үй сатып алып бергісі келеді. Облыстық мәслихат депутаттарының бірі  бұл мәселе тек мақаттықтарға ғана емес, барлық ауданға қатысы барын айтып, ортақ бір бағдарлама жасау керек десе,  енді бірі қауіпті үйлерде тұрып жатқандарды облыс орталығына көшіру керек деген ұсыныс айтты. Енді олар ауданға барып, халықтың өзімен кездесуді жөн көріп отыр.

Тегтер: Caspianатыраумақатмұнай-газ
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.