Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 13 сәуір — Облыстағы іргелі өнер ордасы Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының құрылғанына биыл 85 жыл толды. Осыған орай театр ұжымы маусымдық қойылымдарымен аудандарды аралауға шықты, деп хабарлайды Caspian Life. Гастрольдік сапар Исатай ауданынан басталды. Жастар театры күндіз балаларға арнап, «Ұр, тоқпақ» ертегісін, кешкілік украин драматургы Мария Ладоның «Болмаған оқиға» шығармасын сахналады. Қойылым адамдардың бір-біріне деген қадір-қасиетін, қоршаған ортаға деген құрметін жан-жануарларға тіл бітіре отырып, суреттеді. Театр әртістерінің 85 жылдық мерейтойға арнаған жоспары ауқымды. Және олар тек белгілі жазушы, драматургтардың шығармаларын ғана емес, театр әртістерінің жүрегінен шыққан дүниелерді де сахналамақ. Қойылым соңында мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Ринат…

Read More

CaspianLife, 13 сәуір — Мақаттықтар Африкадағы балаларға арнап ауызашар берді, деп хабарлайды Caspian Life. Бұған риза болған кішкентайлар өздеріне қамқорлық танытып, қолдау білдірген алыстағы жандарға деген рахметін қағаз бетіне түсіріпті. Жергілікті «Ақ жайық» газеті тілшісінің айтуынша, игілікті істі Мақат кентінің жастары жасады. Балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін дастархан жаюды ниет етіп, қаражат жинап, оны Африка мұсылмандарының қорына аударған. Нәтижесінде 60 балаға ауызашар берілді. Фото:  massaget.kz

Read More

CaspianLife, 3 сәуір — Облыстық «Аманат» партиясының ғимаратында экологиялық қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті. Жиналғандар «Атырау облысы су арнасы» мекемесі балансындағы №5-інші су тазарту қондырғысының қазіргі жағдайын талқылады, деп хабарлайды Caspian Life. Әбден ескірген оны жаңғыртудан өткізу керектігі айтылды. Негізі дәл осы әңгіме бұған дейін де талай жиынның тақырыбы болған. Бірақ, айтылған жерде қалып келеді. Жиында суды тазартатын қолданыстағы технология туралы да сөз болды. Астанадан келген сарапшы суды хлормен тазалауға мүлде қарсымын деді. Оның сөзінше, бұл — ескінің сарқыншағы. Дамыған елдер мұндай тәсілден әлдеқашан бас тартқан. «Атыраудағы су тазарту жүйесі тым ескі. Әлі күнге дейін суды хлорлау әдісі қолданылады. Бұдан…

Read More

CaspianLife, 13 сәуір — Атыраудағы кейбір қоғам белсенділері «Ақжайық» қонақ үйінің маңындағы жердің жекеге өтіп, учаскеге ғимарат салынатынына қарсы, деп хабарлайды Caspian Life. Облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Виктор Сутягинның айтуынша, кәсіпкерге дәл осы жерді беру туралы жауаптылардың бұл шешімі ақылға қонымсыз. Себебі, айналма жолға жақын, қиылыстағы аумақта нысан бой көтерсе, адамдардың өміріне қауіп төнеді. «Менің ойымша бұл іске жергілікті билік, сот немесе прокуратура органдары араласып, бассыздыққа жол бермеуі керек. Мына жерге қандай да бір ғимараттың салынуына қарсымын. Жайқалып, өсіп тұрған ғаштарды отап тастаған. Адамдардың өміріне қауіпті тудыратыны анық, тіпті адам өлу фактісі тіркелуі мүмкін. Себебі, бұрылыста жаяу жүргіншілер жолағы бар»,…

Read More

CaspianLife, 13 сәуір — Ақтауда мейрамханаға ауызашарға барған дәрігерлер уланып қалды. Ауруханаға келген 50-ден астам адамның 16-сы жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды, деп хабарлайды Caspian Life. Барлығының дене қызуы көтеріліп, іші өткен. Құсқан. Емдеуші дәрігерлердің сөзінше, науқастарға қажетті көмек көрсетіліп, бактериологиялық сынама алынған. Болжамды диагноз – жіті жұқпалы инфекция және орта дәрежелі жіті гастроэнтерит. «Ас мәзірі бойынша жасымық көжесі, тәтті тоқаш, палау және шайберілген. Науқастардың сөзінше дастархандағы тағамнан күдіктенетіндей себеп болмапты. Бір уақытта бірнеше адамның ауырғаны – ауру ошағының бір жер екенін көрсетеді», — деді Маңғыстау облыстық ауруханасының бөлімше меңгерушісі Гүлбану Нұржанова. Астан уланғандардың бірі — пульмонолог дәрігер Индира Атжанова ауызашарға…

Read More

CaspianLife, 2 сәуір — 12 сәуір – еліміздегі ғылым қызметкерлерінің және ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген күні. Осыған орай жергілікті ғалымдар, орта және жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Caspian Life. Кәсіби мейрамға орайластырылған іс-шараға жиналғандар ғылым саласында жасалып жатқан жұмыс пен өзекті деген мәселелерге тоқталды. Өкінішке қарай, жыл сайын жоғары оқу орындарын аяқтайтындардың басым бөлігі бакалавриат атанып шығады. Яғни, білімін жетілдіріп, ғылым саласына бет бұратындардың саны аз. 2021 жылы ғылымды қаржыландыру жұмысы жанданды. Нәтижесінде ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекет тарапынан қаржыландыру мерзімі 5 жылға ұзартылды. Стартап…

Read More

CaspianLife, 12 сәуір — Облыстық халық шығармашылығы орталығында Қаршыға Ахмедияровты еске алуға арналған «Күй – ұран» атты кеш өтті, деп хабарлайды Caspian Life. Рухани іс-шараны «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі ұйымдастырды. Кеште композитордың әртүрлі жанрдағы 22 шығармасы орындалды. Қаршыға Ахмедиярұлы күйшілігінен бөлек, дирижер, өнертану профессоры әрі композитор. ҚР халық әртісі, мемлекеттік және Махамбет атындағы сыйлықтың, «Парасат» орденінің иегері, Атырау облысының «Құрметті азаматы». Оның 500-ден аса күйі радио, теледидар мұрағаттарында сақтаулы. Қаршыға Ахмедьяров 1946 жылы Махамбет ауданы, Таңдай ауылында дүниеге келген.1972 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын тәмамдайды. Кейін Құрманғазы атындағы қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінде домбырашы, концертмейстер, жеке…

Read More

CaspianLife, 12 сәуір — Бүгіннен бастап елімізде жанар-жағармай бағасы қымбаттады, деп хабарлайды Caspian Life. АИ-92 және АИ-93 маркалы бензиннің бағасы литріне 182 теңгеден 205 теңгеге, дизель отыны 230 теңгеден 295 теңгеге дейін өсті. Бірақ Атырауда әзірге мұндай өзгеріс байқала қойған жоқ. Алайда министрліктен нұсқама келген бойда жанар-жағар май жаңа бағамен сатыла бастайды. «Жанар-жағармайдың өсуінің басты себебі — ішкі нарықтағы ресурстарды сақтап қалу. Нақтылап айтсақ, қазіргі таңда тұтынушылардың саны күннен-күнге өсуде және көршілес мемлекеттерге қарағанда біздің бағамыздың айырмашылығы болуына байланысты», — деді Атырау облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы Гүлфайруз Өмірғалиева. Қазақстан жанар-жағармай бағасы жағынан ең арзан елдер тізіміне кіреді.…

Read More

CaspianLife, 12 сәуір — 13 сәуірде облыстың батысы мен оңтүстігінде, 14-15 сәуірде өңірдің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Caspian Life. Найзағай ойнап, бұршақ түсуі ықтимал. Бұл — атыраулық синоптиктердің осы аптаның соңғы күндеріне жасаған болжамы. 12-14 сәуір аралығында шаңды дауыл соғып, апта соңында желдің жымдағы кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін. «Ауа температурасы түнде 3-8 жылыдан 0+5 жылыға дейін төмендейді. Аптаның соңында облыстың солтүстігінде, солтүстік- шығысында 3 градус аяз болады деп күтілуде. Күндіз 15-20 градустан 18-23-ке дейін, аптаның соңына 10-15 жылыға дейін төмендейді», — дейді «Қазгидромет» РМК АОФ бөлім басшысы Айна Қазғұлова. Жалпы 13-15 сәуір аралығында Қазақстан…

Read More

CaspianLife, 12 сәуір — Құрманғазы аудандық ауруханасындағылар өздеріне қызмет көрсетіп, тауар жеткізіп берген кәсіпкерлердің 7 миллион теңгесін бермеген. Ал Атырау қаласының әкімдігіндегілер кәсіпкердің жер учаскесін кеңейту туралы өтінішін қараған кезде заңсыздыққа барыпты, деп хабарлайды Caspian Life. Антикор қызметкерлері осы және өзге де тақырыпты қамтыған 25-ке жуық өтінішті қараған. Олардың 11-і қанағаттандырылса, алтауы тексеріліп жатыр. Ал 8 өтініш бойынша жазбаша түсінік берілген. Бұл жұмыстарды ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері «Бизнеске жол» жобасы аясында жасапты. Биыл қолға алынған жоба нәтижесінде 180-ге жуық кәсіпкердің құқығы қорғалған. ««Атырау облысы су арнасы» 99 кәсіпкерге 739 миллион теңге берешек болған. Олар ақшаларын ала алмай,…

Read More