CaspianLife, 13 сәуір — Мақаттықтар Африкадағы балаларға арнап ауызашар берді, деп хабарлайды Caspian Life.
Бұған риза болған кішкентайлар өздеріне қамқорлық танытып, қолдау білдірген алыстағы жандарға деген рахметін қағаз бетіне түсіріпті. Жергілікті «Ақ жайық» газеті тілшісінің айтуынша, игілікті істі Мақат кентінің жастары жасады. Балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін дастархан жаюды ниет етіп, қаражат жинап, оны Африка мұсылмандарының қорына аударған. Нәтижесінде 60 балаға ауызашар берілді.
Фото: massaget.kz