Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 7 сәуір —Маңғыстауда жыл басынан бері браконьерлерден 300 келіден астам балық тәркіленді, — деп хабарлайды caspianlife.kz Биыл табиғат қорғау заңнамасын бұзуға қатысты бес дерек тіркелген. Атап айтқанда, ҚР ҚК-нің 339-бабы (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша – 3, ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) дерегі анықталды. Сондай-ақ, жыл басынан бері табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 175 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Read More

CaspianLife, 7 сәуір —Атыраулықтар қаланы тағы да түтін басқанын айтып, дабыл қақты, — деп хабарлайды caspianlife.kz Әлеуметтік желіде тараған мына видеодан кішкентай қыздың түрінің көрінбей қалғанын байқауға болады. Дамбылықтар мұны 5 күн бойы бықсыған қамыс өртімен байланыстырады.

Read More

CaspianLife, 7 сәуір —«Ақжайық» резерватында шыққан қамыс өрті 5 күн дегенде сөндірілді, — деп хабарлайды caspianlife.kz Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрттің жалпы ауданы шамамен 1200 га. Жалынды сөндіруге 70-тен астам қызметкер мен 16 техника және 2 қайық, 4 мотопомпа, МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Жалынды өшіру үшін жалпы көлемі 260 жуық тонна шамасында су шашылды.

Read More

CaspianLife, 7 сәуір —Атырау облысында Жайық өзенінің жағалауын бекіту мерзімінен кешігуі мүмкін, — деп хабарлайды caspianlife.kz Жайық жағасында орналасқан «Махамбет», «Талдыкөл» және «Алға» ауылдарын су басу қаупі жоғары. Осыған орай 2021 жылы жағалауларды бекіту жұмыстары басталған еді. Жобаны жүзеге асыруға 10 млрд 900 млн теңге шамасында қаражат қарастырылған. Оның жартысынан астамы игерілді. Бірақ жергілікті билік өкілдерінің сөзінше, мердігер мекеме жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырмағандықтан, кестеден кешігіп жатыр. Қазір Жайық өзенінің көтерілуіне сәйкес жұмыс тоқтап тұр.

Read More

CaspianLife, 7 сәуір —Атырау қаласының 59 жастағы тұрғыны терроризмді насихаттаумен айналысқан,— деп хабарлайды caspianlife.kz ҚР Терроризмге қарсы орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Такси жүргізушісі клиенттеріне өзінің деструктивті діни көзқарасын таңып, террористік мазмұндағы материалдарды таратқан. Оның мұндай іс-әрекеті дер кезінде анықталып, тоқтатылды. Оған қылмыстық кодекстің «терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру» бабы бойынша айып тағылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Read More

CaspianLife, 7 сәуір — Енді құтқарушылар 48 жастан бастап зейнетке шығуға мүмкіндік алады,— деп хабарлайды caspianlife.kz Мұны Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында мәлім етті. Қазір «Төтенше жағдайлар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге құтқарушыларды азаматтық қызметшілер санатынан азаматтық қорғаныс санатына өткізу мәселесін пысықтап жатыр» делінген жауапта. Айтуынша, осының арқасында құтқарушылардың зейнетке шығу жасы қысқармақ. Аталған өзгеріс құтқарушыларды әлеуметтік кепілдендіру шараларын жетілдіреді. Оның ішінде еңбек өтілі бойынша (25 жыл) немесе шекті жасқа (48 жас) жетуіне байланысты зейнетке шығуға құқық береді. Сондай-ақ, құқық қорғау органы қызметкерлеріне берілетін өзге де жеңілдіктер ұсынылады.

Read More

CaspianLife, 6 сәуір —Орал қаласының әкімдігі 15 орындықты 5 миллион теңгеге сатып алған, — деп хабарлайды caspianlife.kz Яғни әрқайсысы 333 мың теңге тұрады. Бұған қала тұрғындары наразылық білдірді. «Еуразия» бірінші арнасының тілшілерінің сөзінше бұлар — кәдімгі ағаш орындық. Оны сатып алу үшін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мемлекеттік сатып алу конкурсын айналып өткен. Белсенділер болса, жаңа орындықтардың ыңғайсыз екенін алға тартады. Ал шенділер өнім патенттелген болғандықтан тендерсіз сатып алдық дейді

Read More

CaspianLife, 6 сәуір —Көпке «дикий Арман» атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі екі айға ұзарды, — деп хабарлайды caspianlife.kz Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты бойынша қамауда ұстау мерзімін Жұмагелдиевке қарсы екі ай мерзімге, яғни 2023 жылдың 7 маусымына дейін ұзартуға санкция берілген. 2022 жылдың 7 қаңтарында ҚР Ішкі істер министрлігі Арман Жұмагелдиевтің және оның тобына қатысы бар деген бес адам ұсталғанын хабарлаған болатын. Бас прокуратураның мәліметінше, Арман қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде адамдарды алып қашқан. Ал ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәжілістегі жиында сөйлеген сөзінде оның қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚК кураторының басшылығымен әрекет еткенін…

Read More

CaspianLife, 6 сәуір —Ақтауда көпқабатты 11 үй рұқсатсыз салынған, — деп хабарлайды caspianlife.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Мұндай заңсыздықты прокурорлар анықтапты. Бұған қоса салымшылар қаржысын заңсыз тарту бойынша 25 дерек тіркелген. Бұдан бөлек жалпы құны 130 млн теңгеге жуық коммерциялық мақсаттағы 9 жер телімі мемлекетке қайтарылды. Жауапты тұлғаларға қателіктерді түзету үшін уақыт берілді.

Read More

CaspianLife, 6 сәуір —Қаладағы 22 футбол алаңына жөндеу жүргізіліп жатыр, — деп хабарлайды caspianlife.kz Құрылыс жұмыстарына «ЖайықСити» мердігер мекемесі жауапты. Алаңдардың техникалық ерекшеліктеріне байланысты олардың қоршаулары мен жасанды көгал жабындыларын ауыстыру көзделуде. Сонымен қатар, орындықтар пен қоқыс жәшіктері орналастырылады. Қазіргі кезде қала аумағында тозығы жеткен 48 кіші аяқ доп алаңы бар.

Read More