CaspianLife, 6 сәуір —Көпке «дикий Арман» атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі екі айға ұзарды, — деп хабарлайды caspianlife.kz
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты бойынша қамауда ұстау мерзімін Жұмагелдиевке қарсы екі ай мерзімге, яғни 2023 жылдың 7 маусымына дейін ұзартуға санкция берілген.
2022 жылдың 7 қаңтарында ҚР Ішкі істер министрлігі Арман Жұмагелдиевтің және оның тобына қатысы бар деген бес адам ұсталғанын хабарлаған болатын. Бас прокуратураның мәліметінше, Арман қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде адамдарды алып қашқан. Ал ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәжілістегі жиында сөйлеген сөзінде оның қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚК кураторының басшылығымен әрекет еткенін мәлімдеді.