Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 31 наурыз  — Жайық өзенінің Махамбет ауылындағы жағалауын нығайту жұмыстары жоспарланған уақытта аяқталмауы мүмкін деп хабарлайды сaspianlife.kz. Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жағалаудағы өндірістік жұмыстар бекітілген жұмыс кестесінен кешігіп жатыр. Жұмыс күші тапшы, техника саны жеткіліксіз. Жұмыс тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған. Жағалаудың жалпы ұзындығы — 4,5 шақырым. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың тамыз айында басталған еді. Жоспар бойынша бұл жұмыс 2023 жылдың шілдесінде аяқталуы керек. Бүгінде көлбеулерін, кері сүзу сүзгісін қалыптастыру, монолитті ростверк құю, оны сыммен тоқу, бағаналарды қағу, орналастыру, темір шпунт қағу, тасты қабатты орналастыру жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ, жоғарыда жазылған себептерге байланысты  жұмыс уақытылы аяқталмай қалуы әбден…

Read More

CaspianLife, 31 наурыз  — Қаңтар оқиғасы кезінде 84 азаматқа қатысты азаптау жасаған күштік органдардың 35 қызметкері қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Оның 9-ы бас бостандығынан айырылды, қалғандарына қатысты сот талқылаулары жүріп жатыр деп хабарлайды сaspianlife.kz. Мұндай ақпарат еліміздің бас прокуратурасы ұйымдастырған «Азаптаулар туралы істерді тергеудің өзекті мәселелері»  тақырыбындағы  дөңгелек үстел барысында айтылды. Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылдан бері мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «қаңтар оқиғалары» кезеңінде азаптаулар туралы 11 қылмыстық іс тергелген. Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласы мен Алматы облысында бейнебақылау жазбаларын сақтау серверлерін мақсатты түрде жоюлуы құқық бұзушылықтарды анықтауға әсерін тигізген. «Арнайы прокурорлар бұл жазбаларды қалпына келтіре алды. Кейіннен оларды азаптауларды қолданудың негізгі дәлелі…

Read More

CaspianLife, 31 наурыз  — Жетібай ауылындағы жолды жауып, өздерін мұнай-газ саласында жұмысқа орналастыруды сұраған тұрғындар жалақысы 220 мың теңгеден басталатын вакансиялардан бас тартты деп хабарлайды сaspianlife.kz Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нақтырақ айтқанда, 31 наурызда бірнеше компанияның басшылары жетібайлықтармен кездесіп, оларға өз компанияларынан жұмыс ұсынды . Жұмыссыздарға ұсынылған бос орындар — жартылай тіркеме көлігінің жүргізушісі, электрик, дәнекерлеуші, учаске бастығы, асфальт төсеу машинисі, жеңіл көлік жүргізушісі, бульдозер машинисі, жүк тиегіш машинисі, жүк көлігінің жүргізушісі, тас қалаушы, сылақшы, бетоншы қызметі ұсынылған. Бос жұмыс орындарының ең төменгі жалақысы – 223 мың теңге, ең жоғары жалақы – 450 мың теңгеге жетеді. mangystaumedia.kz…

Read More

CaspianLife, 31 наурыз  — Астраханнан келген ресми делегация аймақтық кәсіпкерлік басқармасының өкілдерімен кездесті деп хабарлайды сaspianlife.kz.   Екі жақ Атырау мен Астрахань облыстарындағы кәсіпкерлік субьектілерінің қарым-қатынасын дамыту мәселесін талқылады. Қонақтар жиналғандарға өздеріндегі бизнес саласы, әлемдік нарыққа шығу, тауарды өткізу туралы айтты.  «Саудамызды, кәсібімізді жандандыруымыз қажет. Біз қазір бір-біріміздегі кәсіпкерлік саласы туралы жөнді білмейміз. Сондықтан Астрахань сауда-өндірістік палатасының базасында қазақстандық кәсіпкерлер үшін, ал Атырау жерінде ресейлік кәсіпкерлер үшін шұғыл желі ашу мәселесін талқыладық. Бұл екі жақты қарым-қатынасты нығайту мақсатында жасалған алғашқы қадам болмақ. Бұдан кейін бірігіп кәсіп ашуға, жәрмеңке өткізуге қатысты ұсыныстар да көбейетін болар деп ойлаймын»,-деді “Астрахань сауда-өндірістік палатасының” президенті…

Read More

CaspianLife, 31 наурыз  — Атырау облысы әкімдігінің жанынан құрылған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті деп хабарлайды сaspianlife.kz.   Жиын барысында экология департаментінің басшысы есеп берді. Оның сөзінше, Атырау облысында орналасқан 34 ауа бақылау стансасы былтыр күкіртті сутегінің шамадан 167 рет асқанын анықтапты. Оның 42-сі Мақат ауданында, қалғаны Атырау қаласында болған.  Ал, биыл үш айдың ішінде ауа  26 рет ластанған. Оның 4-еуінің себебі анықталып, айыппұл салынды дейді департамент басшысы. Өңірде экологиялық мәселелерді шешуді өзіне міндет етіп алған бірнеше мемлекеттік орган бар. Олар өздеріне тиесілі заң шеңберінде қызмет етеді. Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, жаңадан құрылған комиссияның құзыреті…

Read More

CaspianLife, 31 наурыз  — Атырауға Ресейдің Астрахань облысынан делегация келді. Бұл қонақтардың бірінші легі. Ал ертең жергілікті басшылар көршілес облыстың губернаторы бастаған тағы бір топты күтіп алады хабарлайды сaspianlife.kz. Бүгін делегация мүшелері аймақтағы өндірістік және ауыл шаруашылығы мекемелеріне барды. Ресейлік қонақтардың бұл келісінен олардың бізбен іскерлік қарым-қатынас орнатуға мүдделі екендігі байқалады.  «Мал және ауыл шаруашылығы саласындағы  кәсіпорындардың жұмысын көрмекпіз. Және балық аулап, оны өңдейтін әріптестерімізбен кездесу де жоспарымызда бар. Өзара біріге отырып, келісімге келеміз деген ойдамын», — деді Астрахань облысының ауыл шаруашылығы және балық өндірісі министрі Руслан Пашаев.  Астрахань және Атырау облыстары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту – осы іссапардың басты…

Read More

CaspianLife, 31 наурыз – «Норд Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясы өздеріне салынған 5 миллиард АҚШ долларынан астам айыппұлға қатысты Caspian News телеарнасының сұранысына түсінік берді деп хабарлайды сaspianlife.kz. Олар компанияның қызметін мемлекеттік органдардың тексергенін растағанмен, ақпарат құралдарында айтылған «шамадан тыс сақтаулы тұрған күкіртке қатысты» мәліметтен өздерінің бейхабар екендіктерін хабарлады. «НКОК» компаниясы күкіртті сақтау мәселесіне жауапкершілікпен қарайтынын, Қазақстан Республикасының заңына сай әрекет ететінін және озық тәжірибе мен қолданыстағы стандарттарға сүйенетінін мәлімдейді» делінген ресми жауапта. Күні кеше белгілі Блумберг басылымы Қазақстанның НКОК компаниясына экологиялық заңдылықты бұзғаны үшін 2 триллион 300 миллиард теңге немесе 5 миллиард доллардан астам айыппұл салғанын жазған еді.

Read More

CaspianLife, 31 наурыз –  Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды сaspianlife.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.  Қылмыстық істің нүктесін Астанадағы Сарыарқа аудандық №2 соты қойды. Енді Боранбаев өмір бойы мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында жұмыс істей алмайды. «Қайрат Боранбаев пен Роман Наханов ұлттық банк пен оған қарасты ведомстволарда, Қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда қызмет атқару құқығынан айрылсын. Сонымен қатар, қаржы ұйымдарында, мемлекеттік ұйымдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет етуге де тыйым салынады», — деді судья Назгүл Бапақова. Тайыр Жанұзақ қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, ол да…

Read More

CaspianLife, 31 наурыз – 1 сәуірде республикалық «Бекіре» акциясы басталады. 31 мамырға дейін Жайық-Каспий бассейнінде құнды балықтарды қорғау жұмысы күшейеді деп хабарлайды сaspianlife.kz. Рейдтік топтар, жылжымалы бекеттер құрылып, мамандар браконьерліктің алдын алу үшін жұмыстанады. Ел аумағынан шығарылатын балық және балық өнімдері мұқият тексерілетін болады. Бұл жұмыстарға еліміздің батыс өңірі бойынша 1200-ге жуық қызметкер жұмылдырылып отыр. Оның ішінде 820 қызметкер – атыраулық.Былтыр акция кезінде батыс өңірі бойынша 1231 тәртіп бұзушылық анықталып, тіркелді. Оның көпшілігі – 820-сы атыраулықтардың үлесінде. Қозғалған қылмыстық іс саны  — 54. 22 тонна балық тәркіленді, оның ішінде тоннаға жуығы бекіре тұқымдас.

Read More

Индербор кентінің «Көктем» шағын ауданында салынып жатқан 80 пәтерлік 2 тұрғын үйдің біреуінің құрылысы тоқтап қалуы мүмкін деп хабарлайды сaspianlife.kz. Өйткені, облыс әкімі Серік Шәпкенов аудандық құрылыс бөліміне «Еврострой» мекемесімен келісім-шартты бұзып, компанияны сотқа беруді тапсырды. Оған компанияның былтыр қажетті материалдар бола тұра, жұмыс күші жетпегендіктен ғимараттың тек 3 қабатын ғана көтеріп, жұмысты тоқтатып тастауы себеп. «Бастаған іске жауапкершілікпен қарамайтын мердігер мекемемен келісім-шартты созудың не керегі бар? Бұған дейін де айттық. Бізде бір алгоритм бар: жұмыс істелмесе қайтадан конкурс жариялау керек. Оларға аяушылық танытып, мүмкіндік берген өзіміз кінәліміз. Бұл биыл бітетін жұмыс емес. «Еврострой» мердігер компаниясын өзіне алған міндеттерін орындамағаны…

Read More