Автор: Сайт әкімшілігі

Life, 28 наурыз — Атыраудағы қолқаны қапқан иіс «Квадрат» булану алаңынан келіп жатыр. Өйткені, жел облыс орталығына солтүстік-батыстан соғып тұр.Ал булан алаңы осы бағытта орналасқан деп хабарлайды сaspianlife.kz. Экологтар бұл жерде көмірсутегінің нормадан 2-3 есеге асып кеткенін анықтады. Енді экологтар мен эпидемиолог мамандар ауаның қаншалықты ластанғандығын білу үшін қаланың өзге де аумақтарынан сынама алып жатыр. Интервью берген Атырау облыстық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мәдениет Танауов

Read More

CaspianLife, 28 наурыз — Атырауда «Довира» украин этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық «Червона Калина» ХXІІ ұлттық фестивалі өтті деп хабарлайды сaspianlife.kz. Ұлттық билер биленіп, украин және қазақ тілдерінде ән шырқалды. Фестиваль барысында облыстық, республикалық , халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен лауреаттары, «Хуторянка», «Тропикана», «Топ Дэнс» би ансамблдері мен «Спиваночка», «Любава» вокалды топтары өнер көрсетті. Мерекелік іс-шараға қатысқан қала тұрғындары мен қонақтары әдемі кештің куәсі болғандарына дән риза.  «Туған жерім Қазақстанда жүріп ана тілім украин тілін үйренуге мүмкіндігіміз барына өте қуаныштымын. Қазақ тілін де үйреніп жүрміз. Қазақстанда ұлтқа бөлінбейді. Барлығы бір-бірін сыйлап, дос тұтады. Сол себепті мен осында туғаныма, балаларымның Қазақстанда өмірге келгеніне қуаныштымын»…

Read More

CaspianLife, 27 наурыз —  «Үш баласын өлтірді» деген айып тағылған ақтаулық азамат туралы көршілері білгендерін айтып берді. Олардың сөзінше, әкелі-балалылар бұл үйге жақында келген. Тып-тыныш, ешкімнің мазасын алмай өмір сүріпті деп хабарлайды сaspianlife.kz. Куәгерлердің айтуынша, оқиға болған кезде күдікті азамат мас болыпты. Бірақ полицейлер бұл ақпараттың не рас, не жалған екендігін айтпай отыр. Тек оның екі айға қамауға алынғанын мәлімдеді. Маңғыстау облыстық ПД баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаеваның айтуынша, ҚР қылмыстық кодексінің 99 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  Жедел тергеу іс-шаралары жүріп жатыр.  Естеріңізге салайық, 36 жастағы жергілікті тұрғын өзінің 12, 9 және 7 жастағы балаларын өлтірді деген күдікпен…

Read More

CaspianLife, 27 наурыз — Биыл 5 мыңға жуық оқушы тегін үйірмелерге  қатыса алады. Бұған жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылған. Алайда  ата-аналар «Даму бала» платформасына емін-еркін кіріп, тіркелудің қиындығын айтып, шағымдануда деп хабарлайды сaspianlife.kz. Атырау облыстық денен шынықтыру және спорт басқармасының мамандары мұны былай  түсіндірді. «Біз «Даму бала» платформасымен қаңтар айында келісімге отырдық. Қазіргі уақытта күні бүгінге дейін жұмыс жасап келгендерді көшіру, тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл өнім берушілер тезірек жұмыс жасаса, жаңаларын қабылдау соншалықты мүмкін болады. Себебі бұл өнім берушілерді торлық қамтып болмай жаңадан қосымша орындар аша алмаймыз» — деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Ернұр Ниетжанов.  Яғни бұрыннан…

Read More

CaspianLife, 27 наурыз — Атыраулық спортшылар өткен аптада волейболдан Бурабай қаласында өткен республикалық жарыстан бас жүлдемен оралды. Оларды ата-аналары мен жаттықтырушылары күтіп алды. Өңірімізден барған волейболшылар Көкше жерінде 3 команда болып өнер көрсеткен еді. Нәтижесінде 14-15, 16-17 жас аралығындағы қыздар командасы 1 орынды иеленсе, 16-17 жастағы ұлдар командасы 3 орын алды деп хабарлайды сaspianlife.kz.  Финалда қыздарымыз ақтөбеліктермен және астаналықтармен ойнап, жеңіске жетті. Ал ұлдар ақтөбеліктерден ұтылып қалды. Волейболшылардың барлығы «Қосарал» академиясының мүшесі. Волейбол академиясының құрылғанына 3 айға жуық уақыт өтті. Құрамадағы 83 волейболшыны 4 тренер жаттықтырады. .

Read More

CaspianLife, 27 наурыз — Атыраудағы білім инновация лицейлерінің саны көбейеді. Оның бірі қаладағы қыздар мектеп-лицейінің қасынан салынбақшы деп хабарлайды сaspianlife.kz. Мұндай ақпаратты облыстың бас ұстазы Гүлнара Сәдуақасова брифинг кезінде айтты. Оның сөзінше алдағы шілде айында Нұрсая және Сарықамыс ықшам аудандарында салынып жатқан Бином мектебінің құрылысы аяқталады. Брифинг кезінде үш ауысымды мектеп, білім орындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, маман жетіспеушілігі секілді мәселелер қозғалды. Егер 2022 жылы облыстағы 25 мектепке модернизация жасалса, 2025 жылға дейін ауылдардағы 128 мектеп қосымша жабдықталмақ. Яғни пәндік кабинеттер жасақталады, кітапхана мен асханаға жөндеу жұмыстары жасалады. Жихаздар жаңартылады. Өйткені мектептердің материалдық-техникалық жағынан жабдықталуы – оқушылардың пәндерді түсініп, игеруіне ықпал…

Read More

CaspianLife, 27 наурыз — Қала іргесінде орналасқан «Тұлпар» лагері бұзылады. Мұны Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Гүлнара Сәдуахасова айтты деп хабарлайды сaspianlife.kz. Оның сөзінше, балаларға арналған демалыс орнының жағдайы туралы 5-6 жылдан бері көтеріліп келеді. Жуықта аймақ басшылары мен жауапты басқарма өкілдері лагердің жағдайын өз көздерімен көріп қайтыпты. Нәтижесінде, жаңа лагерь бой көтеруі тиіс деген нақты шешім қабылдапты. Гүлнара Сәдуақасованың айтуынша, заманауи лагерді салу үшін қажетті қаржы республикалық бюджеттен бөлінуі мүмкін. фото «Ақжайық» газетінен

Read More

CaspianLife, 27 наурыз — Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының ұжымы атыраулықтар үшін театр түнін өткізді деп хабарлайды сaspianlife.kz.  Халықаралық театр күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада әртістер ең алдымен фойеде өзіне тән декорациямен жабдықталған түрлі шығармадан үзінді көрсетті. Жарық. Сан түрлі образ. Сахнаның безендірілуі. Дыбыс… Театр түнінде көрермендер өздерін бір сәтке актер ретінде сынап та көрді. Олар аз ғана уақыт ішінде түрлі кейіпкердің образына еніп, өнер көрсетті. Бірі «Аладдин» ертегісіндегі кілемнің рөлін сомдаса, енді бірі  Махамбет батыр болды. Көпшілік өздеріне мұндай мүмкіндік берген ұжымға ризашылық білдірді. Театр әртістері  махаббат тақырыбында жазылған туындыларды да оқып, кешті ерекшелеуге тырысты. Шырқалған әндер де рухани…

Read More

CaspianLife, 27 наурыз — Атырау қаласындағы жолдарды салу-жаңғырту үшін шамамен 10 млрд. теңге бөлінді деп хабарлайды сaspianlife.kz  inform.kz сайтына сілтеме жасап. Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Әлібек Мұханбеталиевтің сөзінше, облыстағы тас жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 90%-ға жеткізу жоспарланып отыр.«Биыл жолды қайта жаңғырту мен салу үшін республикалық, жергілікті бюджеттен 9,7 млрд теңге бөлінді. Қаладағы С.Датов, Азаттық көшелерінің, Атырау-Индер, Атырау-Дамбы, Атырау-Астрахань бағытына шығатын жолдың шаһар аумағындағы бөлігі қайта жаңғыртылады. Бұл үшін 4,2 млрд теңге қаражат қарастырылған. Ал, Еркінқала, Еркінқала-2, Ракуш, Алмалы, Томарлы ауылдары мен «Балауса» шағын ауданында, сондай-ақ, Бейбарыс даңғылынан «Атырау-Астрахань» автокөлік жолына дейінгі аралығына жол…

Read More

CaspianLife, 27 наурыз — Қазақстан құрамасы Данияны 3:2 есебімен жеңді.Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу ойынында Қазақстан құрамасы өз алаңында Даниямен кездесті деп хабарлайды сaspianlife.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. Ел құрамасы құрлықтық додада H тобында сынға түседі. Қарсыластары – Дания, Словения, Финляндия, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино. Алғашқыда даниялық футболшылардың басымдығы байқалып, Расмус Хёйлунн 21, 36-минутта қос гол соқты. Ойынның 73-минутында даниялық футболшылар өзінің айып алаңында ереже бұзды. Қақпаға белгіленген пенальтиден Бактиёр Зайнутдинов мүлт кеткен жоқ. Ал 86-минутта Асхат Тағыбергеннің голы қақпаға дөп тиді. Сондай-ақ 89-минутта әуелеп келген допты Абат Айымбетов баспен қақпаға енгізді. Осылайша, Қазақстанның құрама командасы қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті .…

Read More