CaspianLife, 27 наурыз — «Үш баласын өлтірді» деген айып тағылған ақтаулық азамат туралы көршілері білгендерін айтып берді. Олардың сөзінше, әкелі-балалылар бұл үйге жақында келген. Тып-тыныш, ешкімнің мазасын алмай өмір сүріпті деп хабарлайды сaspianlife.kz.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға болған кезде күдікті азамат мас болыпты. Бірақ полицейлер бұл ақпараттың не рас, не жалған екендігін айтпай отыр. Тек оның екі айға қамауға алынғанын мәлімдеді. Маңғыстау облыстық ПД баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаеваның айтуынша, ҚР қылмыстық кодексінің 99 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел тергеу іс-шаралары жүріп жатыр. Естеріңізге салайық, 36 жастағы жергілікті тұрғын өзінің 12, 9 және 7 жастағы балаларын өлтірді деген күдікпен 25 наурызда ұсталды. Полицейлер үшеуінің денесін 27-ші ықшам аудандағы 46-шы үйдегі пәтерлердің бірінен тапты. Бейресми дерекке қарағанда отбасы ажырасқан. Балалар анасымен Атырау қаласында тұрыпты. Әкесі екі қызы мен ұлын каникулға Ақтау қаласына алып келген көрінеді.