Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 19 наурыз — Атырауда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттарын кезектен тыс сайлауы басталды. Өңірде жұмыс істеп тұрған сайлау учаскелерінің саны -269. Оның он бірі жабық бөлімше. Ал дауыс беруге құқылы сайлаушылардың саны 412 мыңнан асады. Олардың 10 мыңдайы басқа облыстан келіп, тіркелген, деп хабарлайды CaspianLife. Таңғы сағат 7 де облыстағы 269 сайлау учаскесінің есігі айқара ашылып, қызу жұмысқа кірісті. Дауыс беру кабиналары талапқа сай жабдықталып, мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасалған. «Қазіргі кезде біз өз ережемізге сай, заңдылыққа сәйкес сағат 7де өз жұмысымызды бастап кеттік. Қазіргі кезде он сайлаушымыз дауыс берді. Көзі көрмейтін адамдарғада, құлағы естімейтін адамдарға да барлығы…

Read More

CaspianLife, 19 наурыз — Атыраулықтардың сайлаудағы белсенділігі артып келеді. 4 сағат ішінде өңір тұрғындарының 30 пайыздан астамы бюллетень алған, деп хабарлайды CaspianLife. Түркістан облысында 38,29 пайыз тұрғын дауыс беріпті. Ал, алматылықтардың белсенділігі төмен. Ресми мәліметке қарасақ оңтүстік астанадағы сайлаушылардың 11,25 пайызы ғана сайлау учаскелерінде бой көрсетіпті. Жалпы дауыс берген қазақстандықтардың саны 2 сағатта 2,3 есеге өсті. Өзіңіздің сайлау учаскеңізді электронды портал арқылы немесе 109 нөміріне қоңырау шалып, білуіңізге болады. Сондай-ақ, телеграмдағы «CайлауАтыраубот» чатына жеке сәйкестендіру нөмірін теру арқылы да анықтай аласыз.

Read More

CaspianLife, 19 наурыз — Бүгін қазақстандықтар үшін маңызды күн. Елімізде мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Қызылқоға ауданында 30 мыңға жуық халық тұрса, оның 18 488-і дауыс беру құқығына ие. Аудан бойынша 36 депутаттыққа үміткер бар. Ал, таңдау жасаймын деген азаматтар үшін 19 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Әр сайлау учаскесінде 10 байқаушы бар, деп хабарлайды CaspianLife. 3 сайлау учаскесі — аудан орталығы саналатын Миялы ауылында. “Арман” мәдениет үйінің ғимаратындағы № 146 сайлау учаскесінде 1948 тұрғын дауыс беруге құқылы. Олардың 13-і мүмкіндігі шектеулі жан. Комиссия мүшелері бірінші боп келіп дауыс берген және ең қарт сайлаушыға сыйлық дайындап қойыпты. Ерлі-зайыпты…

Read More

CaspianLife, 19 наурыз — Мақат халқы да саяси науқанда барынша белсенділік танытуда. ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беруге 16 885 тұрғын құқылы, деп хабарлайды CaspianLife. Жалпы саны 12 сайлау учаскесі дайындалған. Алтауы Мақат, бесеуі Доссор кентінде және біреуі Бәйгетөбе ауылдық округінде. Ораз Сарғұнанов атындағы орта мектептегі №210 сайлау учаскесі келушілерді сазды әуенмен қарсы алып, сайлаушыларға наурыз көже ұсынды. «Қазақстанда ілгерілеушілік бар. Байқаушылар отыр. Біз Жаңа Қазақстан үшін, жаңа көзқарас, жаңа реформалардың жасалатындығы үшін қуаныштымыз. Балаларымыздың болашағы үшін, еліміздің дамып, әрқашан барлық елдерден озып, алда болғанын қалаймыз» — деді Доссор кентінің тұрғыны Әнуар Шайхудинов. Доссордағы №212…

Read More

CaspianLife, 19 наурыз — Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов дауыс берді, деп хабарлайды CaspianLife. Нұрғиса Тілендиев атындағы кіші өнер академиясы ғимаратындағы №8 сайлау учаскесіне келген ол тұрғындарды саяси науқанға белсене қатысуға шақырды. «Мәжіліс пен мәслихат сайлауының депутаттары бойынша еліміздің тұрғындары келіп, дауыстарын беріп, таңдауларын жасауда. Сондықтан мен ойлаймын реформаның нәтижесін бүгін біз көріп отырмыз. Өз басым таңдауымды жасадым. Баршаңызды таңдау жасауға шақырамын» — деді Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов. Аймақта 269 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Дауыс беруге құқылы сайлаушылардың саны 412 мыңнан астам. Мәжіліс пен түрлі деңгейдегі мәслихаттың депутаттығына кандидат саны – 442. Оның ішінде мәжіліске 11, облыстық мәслихатқа…

Read More

CaspianLife, 19 наурыз — Елорда уақытымен сағат 8.15-тегі жағдай бойынша облыстардың, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының комиссиялары ұсынған жедел деректерге сәйкес, ел аумағында барлық 10146 учаске және Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 18 учаске дауыс беруге кірісті, деп хабарлайды CaspianLife. Шетелдегі 59 учаске дауыс беруді уақыт белдеулерінің айырмашылығын ескере отырып бастайтын болады.

Read More

CaspianLife, 17 наурыз — Рамазан айында Атырау облысындағы мешіттерде күн сайын 3700 адамға ауызашар беріледі, деп хабарлайды Caspian Life Caspian News арнасына сілтеме жасап. Оның ішінде «Иманғали» мешті тәулігіне 500 адамның ауызын ашпақ ниетте. Ол үшін Алла үйінің ауласына 3 киіз үй тігіледі. Мұның бәріне қайырымды жандар мен кәсіпкерлер атсалысады дейді облыстың бас имамы. Биыл рамазан айы наурыздың 23 күні басталып, 20 сәуірде аяқталады. Сәуірдің 17-сінен 18-іне қараған түн – Қадір түні. Ал пітір садақа 535 теңге немесе екі келі ұнның бағасы. Сондай-ақ осы айда мешіттерде құран мен намаз оқуды үйрететін курстар ашылмақ.

Read More

CaspianLife, 17 наурыз — 13 наурыз күні Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ресей Федерациясынан автокөлік контрабандасымен айналысқан деген күдікпен 34 жастағы деструктивті діни ағымының ұстанушысын анықтаған. Тұрғылықты мекенжайын тінту барысында жалған автокөлік мемлекеттік белгілері, автокөлікті сатып алу-сату келісім шарттары, сенімхаттар, Ресей Федерациясында тіркелген автокөліктің төлқұжаты, азаматтық тұлғалардың жеке куәліктері, тауарға арналған декларация, «Iphone 13» ұялы телефоны және түбіртектер алынған. «Аталған дерек бойынша ҚК-тің 385-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген…

Read More

CaspianLife, 17 наурыз — Осы уақытқа дейін «Артспорт» платформасымен тып-тыныш жұмыс істеп, кейін «Даму балаға» ауысқан 30 шақты кәсіпкер наразылық білдірді. Айтуларынша жаңа платформаға көшкелі, яғни ақпан айынан бері еңбекақыларын ала алмай жүр, деп хабарлайды Caspian Life Caspian News арнасына сілтеме жасап. Кәсіпкер Мерует Құсайынова 300-дей баланы тегін үйірмемен қамтып отыр. Бірақ, үкіметтен қаржы бөлінбей жатқандықтан жұмыс істеу қиын болып бара жатқан көрінеді. 300 оқушыны бірден босата салуға да негіз жоқ, — дейді ол. Мәдениет басқармасындағылар кәсіпкерлердің шығынын өтеп беруге қолданыстағы заң қолбайлау болып тұр дейді. Себебі платформа ауысқалы бері бұрыннан келе жатқан кәсіпкерлермен жұмыс істеу механизмі нақтыланбапты. Сондықтан шешім…

Read More

CaspianLife, 17 наурыз — Қаржы мониторинг агенттігінің Атырау облысындағы қызметкерлері өңірде жасырын казиносы бар адамдарды анықтады, деп хабарлайды Caspian Life. Нысанға тінту жүргізген мамандар ойын фишкаларын, 3300 АҚШ доллары мен 1 миллион теңгеге жуық қаржы және басқа да заттар тәркілеген. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға қатысты тұлғалар мен куәгерлерден жауап алынған. «Қылмыстық құқықбұзушылық ұйымдастырушалары өз әрекеттерін толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда», — дейді ҚР ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Read More