Атырау облысында 269 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр — CaspianLife ақпараттық порталы
Понедельник, 27 марта, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Атырау облысында 269 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

19.03.2023
Жаңалықтар, Қоғам, Саясат
0
Атырау облысында сайлау 261 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

CaspianLife, 19 наурыз — Атырауда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттарын кезектен тыс сайлауы басталды. Өңірде жұмыс істеп тұрған сайлау учаскелерінің саны -269. Оның он бірі жабық бөлімше. Ал дауыс беруге құқылы сайлаушылардың саны 412 мыңнан асады. Олардың 10 мыңдайы басқа облыстан келіп, тіркелген, деп хабарлайды CaspianLife.

Оқи отырыңыз...

ОФ «БолашакК» начал реализацию проекта «Внедрение программы «Раннего вмешательства» в Атырауской области»

ОФ «БолашакК» начал реализацию проекта «Внедрение программы «Раннего вмешательства» в Атырауской области»

24.03.2023
Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

24.03.2023

Таңғы сағат 7 де облыстағы 269 сайлау учаскесінің есігі айқара ашылып, қызу жұмысқа кірісті. Дауыс беру кабиналары талапқа сай жабдықталып, мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасалған.

«Қазіргі кезде біз өз ережемізге сай, заңдылыққа сәйкес сағат 7де өз жұмысымызды бастап кеттік. Қазіргі кезде он сайлаушымыз дауыс берді. Көзі көрмейтін адамдарғада, құлағы естімейтін адамдарға да барлығы өз ережесіне сай жасақталған. Жеке кабина бар»- деді №8 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Мәншүк Закарина.

Қаладағы Кіші өнер академиясының ғимаратында орналасқан № 8 сайлау учаскесінде 2340 адам тіркеліпті. Үйден дауыс беретіндігін айтып 5 адам өтініш жазған. Ертемен өз таңдауын жасауға келгендердің арасында Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев те бар.

«Бүгін елімізде елімізде үлкен саяси науқан өтіп жатыр.Бірнеше деңгейдегі мәжіліс пен мәслихат депутаттары ерекше жүйеде болып жатыр. Өйткені бұл жерде бірмандаттылар, партиялық тізім бойынша сайлау. Сондықтанда елімізде үлкен саяси додаға қазақстандықтар келіп, өзінің электральдық құқығын жүзеге асырады деген сенімдемін. Соған байланысты өзімде ерте келіп дайыс бердім» — деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.

Атырау облысы бойынша ҚР Парламенті мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауына 442 кандидат қатысып жатыр. Оның ішінде мәжіліске 11, облыстық мәслихатқа партиялық тізім бойынша 60 , ал бірмандаттық сайлау округтері бойынша 39 кандидат тіркелген. Атырау қалалық мәслихатының депутаты атанғысы келетіндер саны – 71, аудандық мәслихаттар бойынша – 261 кандидат бар. Өзіңіз баратын сайлау учаскесінің нөмірін электронды портал арқылы немесе 109 нөміріне телефон шалып, біле аласыз. Және телеграмдағы «CайлауАтыраубот» чатына жеке сәйкестендіру кодын жазу арқылы да білуге болады. Дауыс беру кешкі 8-де аяқталады.

Тегтер: CaspianLifeатыраужаңалықтарқоғамсайлау2023саясат
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.