«Менің мақсатым — халықтың үнін билікке жеткізу» — CaspianLife ақпараттық порталы
Понедельник, 27 марта, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Менің мақсатым — халықтың үнін билікке жеткізу»

16.03.2023
Жаңалықтар, Қоғам, Саясат
0
«Менің мақсатым — халықтың үнін билікке жеткізу»

Құрметті атыраулықтар!
Мен, Сағындықов Ғани Жайшылықұлы Атырау облыстық мәслихатының депутаттығына №6 сайлау округінен өзін-өзі ұсыну жолымен кандидат ретінде сайлауға түскелі отырмын. Мен өзімнің сайлауалды бағдарламамда облыс халқы жиі көтеретін әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға ықпал етуге тырыспақпын. Оның ішінде Атырау қаласы маңындағы елдімекен, ықшамаудандарды жарықтандыру, абаттандыру, аз қамтылған санаттағы отбасылардың қолжетімді пәтер алуына жағдай жасау, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың қажеттіліктеріне қарай берілетін мемлекеттік көмектің теңдей бөлінуіне қол жеткізу, қала халқының тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастыру мақсатында жұмыстану, балаларға арналған ойын, спорт алаңдарын толық жөндеуден өткізу және жаңалау, үш ауысымды мектептерді жою, студенттерге арналған жатақхана санын көбейту секілді мәселелер бар. Және ең өзекті деген тақырыптың бірі де бірегейі – баспана. Облыс орталығында мыңдаған адам пәтер мен жер кезегінде тұр. Бұл – атыраулықтардың баспанаға қаншалықты мұқтаж екенінің дәлелі. Сайлауалды бағдарламамда көрсеткендей қаржылық жағдайы төмен отбасылар үшін оларға тиімдірек болатын бағдарламалардың қабылдануы керек деп есептеймін. Қазіргі кездегі кейбір бағдарламалар тиімсіздеу болып тұр. Өйткені, мемлекет салып берген баспаналар азаматтарға сатып алу құқығынсыз беріледі. Яғни, ондаған жылға жалға алады. Әрине, ол үй басқа жалдамалы баспаналарға қарағанда әлдеқайда арзан. Бірақ, қымбатшылық қысқан күнде барлығы бірдей өздеріне баспана сатып алуға қаржы жинай алмайтынын ұмытпаған дұрыс. Сондықтан, халыққа тиімді бағдарламалар керек. Күні кеше ғана Атырау қаласының әкімдігі әлеуметтік салаларда жұмыс істейтіндерге арнап «Атырау жастары» бағдарламасын қолға алды. 5%-тік несиемен берілетін үйлерді дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет саласының қызметкерлерімен қатар журналистер ала алады деген ережелер болды. Бастапқы жарна ретінде үй құнының 10 пайызын төлеу жеткілікті. Алайда бұл жоба биыл тек 100-ге жуық 35 жасқа толмаған жасты қамтыды. Ал бізде пәтерден-пәтерге көшіп жүрген қаншама жас отбасы бар. Яғни, осы бағдарламаның ауқымын кеңейту үшін бюджеттен ақша көбірек бөліну керек. Тек жастарға емес қарапайым еңбек адамдары үшін де тиімді жобалардың бізге қажеттілігі сезіледі. Және осы орайда салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасы үнемі бақылауда болған дұрыс. Үйдің сапалы салынуын, адамдардың қауіпсіздігін қадағалау жұмыстарына мемлекеттік орган өкілдерімен қатар халық қалаулылары атсалысқан дұрыс деп санаймын.
«Үйі жоқтың көңілінде алтын сарай жүреді» дегендей әр қазақ өзінің меншігіндегі баспанада өмір сүргісі келеді. Бірақ, барлығының бірдей жағдайы жете бермейтіні анық. Сондықтан, халықтың қалауын билік басындағыларға жеткізіп, өгізді де өлтірмейтін, арбаны да сындырмайтындай жұмыстарды қолға алатын уақыт жетті. Ол үшін қарапайым тұрғындар, депутаттар мен жергілікті атқарушы орган өкілдері бірлесіп жұмыс істеуі керек. Және мен сол міндеттің үдесінен шығамын деген сенімдемін! Сондықтан мені қолдап, маған дауыс берулеріңізді сұраймын!

Оқи отырыңыз...

ОФ «БолашакК» начал реализацию проекта «Внедрение программы «Раннего вмешательства» в Атырауской области»

ОФ «БолашакК» начал реализацию проекта «Внедрение программы «Раннего вмешательства» в Атырауской области»

24.03.2023
Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

24.03.2023

 

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының есебінен төленді

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.