«Менің мақсатым — халықтың үнін билікке жеткізу» — CaspianLife ақпараттық порталы
Понедельник, 27 марта, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

«Менің мақсатым — халықтың үнін билікке жеткізу»

17.03.2023
Қоғам, Саясат
0
«Менің мақсатым — халықтың үнін билікке жеткізу»

Құрметті жерлестерім!
Менің сайлауалды бағдарламамда үш ауысымды мектептер мен студенттерге арналған жатақхана санын көбейту туралы айтылған. Енді соған кеңірек тоқталсақ. Барлығымыз да балаларымыздың жақсы мектепте білім алғанын қалаймыз. Ұстаздардың оқушыларға сапалы білім бергенін құп көреміз. Бірақ, бүгінде Атырауда үш ауысымда білім беретін мектеп саны ресми статистика бойынша 10-нан асып жығылады. Яғни, кішкентайларымыз мектептерге сыймай жатыр. Мұның білім сапасына айтарлықтай әсер ететіні анық. Бірнеше ауысымда оқытатын мектептер жою үшін жаңа мектептер ашылу керек. Облыс басшылары бұл бағытта жұмыстанып жатқанын үнемі айтады. Осы орайда демографиялық өсімді де естен шығармаған дұрыс. Мейлінше халық көп шоғырланған елді мекендерді мектеппен қамтамасыз етуге тезірек кірісу керек. Өйткені, қала маңындағы кейбір ауылда тұратындар балаларын қаладағы мектепке оқытуға мәжбүр. Болашағымыздың жарқын болуын қаласақ қазірден бастап кішкентайларымыздың кедергісіз сапалы білім алуына жағдай жасалу қажет. Жергілікті бюджеттен қарастырылған қаржыны тиімді жұмсап, тез шешуді қажет ететін іс-шаралардан уақытша бас тартып, керек десе республикалық бюджетке, қала берді ірі компанияларға сұрау салып жаңа мектептердің құрылысын бастауымыз керек. Әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс жұмыстарының талапқа сай жүруіне қоғамдық бақылау жасалу керек.
Тағы бір мәселе. Студенттерге арналған жатақханалардың жағдайы. Оларда да орын тапшылығы байқалады. Қазіргі уақытта бір бөлмелі пәтердің айлық құны 100 мың теңгеден асатынын есептесек бұл қай-қай студентке де оңай емес екенін аңғаруға болады. Оны төлеуге бәрінің бірдей жағдайы жетпейтіні белгілі. Сондықтан, студенттер арасында қосымша табыс тауып, ата-анасына салмақ салмауды мақсат етіп жүрген жан көп. Бұл жағдай олардың білім алуына әсер етпей қоймайтынын айта кету керек. Студенттердің алаңсыз білім алып, қоғамға кірпіш боп қалануы үшін мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тоқтамау керек. Жатақхана – бұл жақындарынан жырақта жүрген студентке ең қажет нәрсе. Бұл бағытта депутаттарға көбірек жұмыстану қажет. Жатақханалардың жағдайын назарда ұстап, студенттермен тілдесіп, шын мәнінде олардың ондағы өмірі туралы хабардар болғандары дұрыс. Сонда ғана, оқу орындарының басшылығына нақты сұрақтар мен талаптар қойып, проблеманы шешуге атсалысуға мүмкіндік туады.

Оқи отырыңыз...

Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

24.03.2023
Мақат жастары наурыз тойын тойлады

Мақат жастары наурыз тойын тойлады

24.03.2023
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.