Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 10 наурыз — Құрманғазыда 18 дана киік мүйізін заңсыз сақтаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife. 1 наурыз күні Құрманғазы ауданында 18 дана киік мүйіздерін, 16 калибрлі «ИЖ» мылтығын және 7 дана оқ дәрілерін сақтаған 25 жастағы аудан тұрғыны анықталды. Аталған дерек бойынша  сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Read More

CaspianLife, 9 наурыз -Алқабилер Сағыз ауылының 21 тұрғынына қатысты үкім шығарды, деп хабаралйды CaspianLife. Оларға қылмыстық кодекстің адам өлтіру, өлтіруге оқталу, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, қылмысты хабарламады деген айыптар тағылған еді. Істі алты ай бойы қараған алқабилер күдіктілердің үшеуін 16,11,5 жылға бас бостандықтарынан айырды. 11 адамның қылмыстық іске қатысы жоқтығы дәлелденіп, ақталып шықты. Алтауының жаза мерзімі қысқартылды. 1-уі кінәлі болса да, рақымшылық туралы заңға ілігіп, жазадан босатылды. Естеріңізге салайық, жастар арасындағы төбелес екі жыл бұрын қазан айында Сағыз ауылының сыртында, Атырау-Ақтөбе трассасының бойында болды. Арты атысқа ұласқан жанжал кезінде 36 жастағы бір адам қаза тапты. Алты адамға бытыра тиіп, түрлі…

Read More

CaspianLife, 10 наурыз — Атырауда 500 келіден астам ақбөкен мүйізін сақтаған үш азамат ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife. Киік мүйіздері «Береке» ықшам ауданындағы тұрғын үйлердегі пәтерлердің бірінен табылып, тәркіленді. Табиғатқа келген шығын көлемі 6 миллиард 264 миллион теңге шамасында. Мұны облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі уақытта полицейлер күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің «өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн, құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. «24 ақпан14 наурыз аралығында республикалық көлемде өткізіліп жатқан «Браконьер» іс-шарасы кезінде, яғни жедел-іздестіру барысында Атырау облысының үш тұрғыны басталды. Олардан жалпы көлемі 2421 киіктің…

Read More

CaspianLife, 3 наурыз — Кеше кешкілік «Алмагүл» ықшам ауданындағы 22-ші үйде болған қайғылы жағдайға байланысты полицейлер қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды CaspianLife. Әзірге дерек бойынша. Тәртіп сақшыларының мәліметінше дәліздегі балконнан құлаған жасөспірім 16 жаста. Өз-өзіне қол жұмсады ма әлде абайсызда құлап кетті ме, ол жағы белгісіз. Осы үй тұрғындарының айтуынша, балкондар өте аласа. Әсіресе балалар үшін қауіп. Сондықтан алдағы уақытта оқыс оқиға тағы қайталанбас үшін балкондар жабылуы керек, — дейді олар. «Мына адамдар кіретін балкондар түгел ашық тұрады. Балалар үшін өте қауіпті, түгел жабуымыз керек. Балалардың сақтығы үшін. Балалар шығады да еңкейеді, төмен қарайды, бір-бірімен ойнадйы. Сөйтіп жүргенде перевес болып…

Read More

CaspianLife, 2 наурыз — Жылыойлық полицейлер шетелдіктерді тонаған күдіктілерді ұстады, деп хабралайды CaspianLife. 21 ақпан күні Доссор — Құлсары тас жолының 8 шақырым тұсында орналасқан шайхана ішінде белгісіз адамдар тобы тапаншаға ұқсас затпен Өзбекстан Республикасының азаматтарын қорқытқан. 4 ұялы телефон мен мың рубль қаражатын ашық түрде жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған. 18-20 жастағы аудан тұрғындары қамауға алынды. ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Read More

CaspianLife, 2 наурыз — 67 оқушы республикалық олимпиадға жолдама алды, деп хабарлайды CaspianLife. Атырауда 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінің жабылу салтанаты өтті. 6 күнге созылған олимпиадаға 674 оқушы қатысып, нәтижесінде 255 оқушы жүлделі орын алды. Оның ішінде 67-сі республикалық олимпиадаға қатысатын болды. «Олимпиада жақсы өтті. Тек кей жерлері қиындықтар туындады. Бірақ меніңше олардың бәріне көз жұмуға болады. Себебі ұйымдастырушылардың тиянақты жұмысы бізге өте керемет мүмкіндік берді. 11 сынып болғасын негізі қазір әртүрлі жұмыстарға ие болып жатырқ. Мысалға ентға дайындалу, универге дайыналу. Соған орай кішкене өзімнің жасайтын жұмыстарым олимпиададан былай қарай ығысты. Бірақ 1 орын алғанға қуанышты…

Read More

CaspianLife, 28 ақпан — Атырау облысында көлік апатынан төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды CaspianLife. Бүгін сағат 07:55 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 492 шақырымында Мақат — Қызылқоға бағытында Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі көлік құралын игере алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, ауыр жүк көлігімен соқтығысып жол көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 3 адам түрлі дене жарақаттарымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді.

Read More

CaspianLife, 28 ақпан — Атыраулық таеквондошы әлем чемпионатына іріктеу турнирінен алтын медаль алды. Тағы бір таеквондошы қола медальға ие болды, деп хабарлайды CaspianLife. Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, іріктеу турнирі Словенияың Любяна қаласында өткен. «Алдағы мамыр айында Әзербайжан астанасы – Баку қаласында таеквондодан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Төрткүл дүниенің үздік спортшылары бақ сынайтын дүбірлі дода қарсаңындағы таеквондошылар «Slovenia Open» рейтингілік турнирінде сынға түсті. Қазақстан құрамасының сапында атыраулық жаттықтырушы Сәуле Сардарова баптаған таеквондошылар да бақ сынады. Турнирдің G-1 санатындағы додада қарсыластарының бәрін қапы қалдырған Мария Севостьянова 57 келі салмақта алтын медальды жеңіп алды. Ал, 67…

Read More

CaspianLife, 28 ақпан — Атырауда есірткі сақтаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife. 26 ақпан күні Атырау қаласының полиция басқармасы №2 ҚПБ-нің кезекші бөліміне Береке ықшам ауданында орналасқан пәтерлердің бірінде белгісіз азаматшаның есірткілік, психотроптық заттарды заңсыз дайындап, сақтағаны туралы хабарланған. Аталған хабарлама бойынша мекен-жайды тексеру кезінде әсері жоғары 7 дана трамадол, 3 дана тропикамид дәрі-дәрмегінің бос бөтелкесін, дәрігердің рұқсатымен берілетін “Сомнол” дәрі-дәрмегі және целлофанға оралған қара түсті өзіне тән иісі бар психотроптық есірткіге ұқсас зат табылған. Бұдан бөлек 14 дана белгісіз азаматтардың жеке басын куәландыратын түрлі құжаттары, 6 дана еңбек кітапшасы және 3 074 000 ақша қаражаттары табылып, тәркіленген. Қазіргі уақытта…

Read More

CaspianLife, 27 ақпан — Түркияда тағы да қатты жер сілкінісі болып, 22 ғимарат қирады, деп хабарлайды CaspianLife. Түркияның Малатия қласында 5,6 балдық жер сілкінісі болып, 29 ғимарат қирады. Зілзала салдарынан 1 адам қаза тапты, 69 адам зардап шеккен. Қазіргі уақытта апат орнында құтқару қызметі жұмыс жатыр. Олар қазіргі уақыттың өзінде жараланған 2 адамды үйінді астынан құтқарды.

Read More