CaspianLife, 28 ақпан — Атырауда есірткі сақтаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife.
26 ақпан күні Атырау қаласының полиция басқармасы №2 ҚПБ-нің кезекші бөліміне Береке ықшам ауданында орналасқан пәтерлердің бірінде белгісіз азаматшаның есірткілік, психотроптық заттарды заңсыз дайындап, сақтағаны туралы хабарланған.
Аталған хабарлама бойынша мекен-жайды тексеру кезінде әсері жоғары 7 дана трамадол, 3 дана тропикамид дәрі-дәрмегінің бос бөтелкесін, дәрігердің рұқсатымен берілетін “Сомнол” дәрі-дәрмегі және целлофанға оралған қара түсті өзіне тән иісі бар психотроптық есірткіге ұқсас зат табылған. Бұдан бөлек 14 дана белгісіз азаматтардың жеке басын куәландыратын түрлі құжаттары, 6 дана еңбек кітапшасы және 3 074 000 ақша қаражаттары табылып, тәркіленген.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.