CaspianLife, 21 ақпан — Маңғыстау және Атырау облыстарында техногендік сипаттағы күшті жер сілкінісі болу қаупі бар, деп хабарлайды CaspianLife. Осыған алаңдаушылық білдірген сарапшылар теңізде және құрлықта геодинамикалық мониторинг жүргізу қажеттігін айтады. 2000-шы жылдары төтенше жағдайлар департаментіне басшылық еткен Қажымұрат Хайрошев маңғыстаулықтар сол кезде түн ішінде болған жер сілкінісін сезді дейді. Бірақ жұрттың үрейін ұшырған сол жағдайға байланысты зерттеу жұмыстары жүргізілмепті. «Мына жақта Теңіз бар, мына жақта Қашаған бар, басқа кен орындар бар. Сол жердегі солардың байланысы қалай?! Теңізге сақ болуымыз керек қой. Теңізде жер сілкініс болып жатса. Ол суды лақтырып тастауы мүмкін. Ол су келіп қаланың быт-шытын шығарса, қазір теңіз…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 21 ақпан — Атырау облысының полицейлері өртке оранған үйден 3 жасөспірімді эвакуциялады, деп хабарлайды CaspianLife. Бүгін Мақат ауданы Мақат кентінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 1 қабатындағы пәтерлердің бірінен өрт шыққаны байқалған. Полицейлер бөлім бастығының бірінші орынбасары Айымбек Қазбеков, аға учаскелік полиция инспекторы Тойғожа Азбергенов және учаскелік полиция инспекторы Сәкен Қазтұрғанов пәтердің терезесін сындыру арқылы ішіне өтіп 2 қабатта түтінге оранған пәтер ішінен 3 жасөспірімді қауіпсіз жерге эвакуациялаған.
CaspianLife, 21 ақпан — Атырау қаласының көшелеріндегі еріген қар суы көліктер мен жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруын қиындатып жіберді, деп хабарлайды CaspianLife. Қазіргі уақытта 23 арнайы техника су сору жұмыстарымен айналысуда. Оның сегізі «Арнаулы Автобаза» ЖШС-не тиесілі болса, қалғаны жекеменшіктегі техника. Атырау қаласы әкімдігінің берген ақпаратына сүйенсек, техникалар қаланың су басу қаупі бар Ескі қала, «Мұнайшы» сынды бөліктерінде жұмыс істеуде.
CaspianLife, 21 ақпан — Түркияның Хатай провинциясында кеше болған жер сілкінісінен зардап шеккендер саны артты, деп хабарлайды CaspianLife. Бұл жайында елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа мәлім етті. «Бүгін кешке Хатайда болған екі жер сілкінісінен 294 адам жарақат алды. Өкінішке қарай, оның ішінде 18 науқастың жағдайы ауыр. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар Адана және Дертиол қалаларына жеткізілді. Біздің барлық далалық ауруханалар пациенттерімізге тиісті қызмет көрсетуді жалғастырып жатыр», — деп жазды министр Twitter парақшасында. Оның айтуынша, Хатай университетінің медицина факультетінде және Искендерун мен Рейханлы мемлекеттік ауруханаларында жатқан жалпы саны 95 пациент екі жаңа жер сілкінісінен кейін сақтық шарасы ретінде Адана…
CaspianLife, 21 ақпан — Aтырау облысы әкімінің экс-орынбасары Б.Хаменоваға қатысты алғашқы инстанциядағы сот үкімі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды CaspianLife. 7 жылға бас бостандығынан айырылған Бақтыгүл Хаменованың апелляциялық шағымын қараған сот алқасы сотталушының талап тілегін қанағаттандырмады. Б.Хаменова енді жоғарғы сотқа арызданбақшы.
CaspianLife, 20 ақпан — Атыраудағы №30 мектеп-гимназиясында білім алатын оқушылардың ата-аналары балаларын мектепке жібергісі жоқ. Өйткені, білім ордасының қазіргі жағдайы адам шошырлықтай. Жаңбыр мен қардан төбе жабындылары құлап, іші суға толған. Қазір сабақ онлайн форматқа көшірілген. Ата-аналар оқушылардың қашықтан білім алып жатқандарына да қарсы, деп хабарлайды CaspianLife. «Мектептің қандай жағдайда екенінен бәрі хабардар. Бірақ, ешқайсысы ғимаратты апатты деп танығысы келмейді. Өткен аптада өрт шықты. Үлкен балам осы мектепте оқыды. Қазір 2 балам білім алып жүр. 10 жылдан бері көрген күніміз осы. Мәселені ушықтырмай, тез арада шешу керек» — деді Атырау қаласының тұрғыны Екатерина Унашева. «Мектеп әкімшілігі ауа райы жақсарып, жаңбыр…
CaspianLife, 20 ақпан — Атыраулық Ерұлан Қабдолов MMA бойынша әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды CaspianLife. Сербия астанасы Белградта 11-18 ақпанда ересектер арасында ММА бойынша әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 60 елден 628 спортшы қатысты. Додада Қазақстан атынан ММА ұлттық құрамасының 33 мүшесі өнер көрсетті. «Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 52,2 келі салмақта атыраулық спортшы Ерұлан Қабдолов сынға түсіп, қола жүлдеге ие болды. Бұл Ерұланның әлем чемпионаттарындағы бесінші жүлдесі» — деді облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуова. Айта кетейік, осы ММА бойынша ересектер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық есепте екінші орынды иеленді.
CaspianLife, 20 ақпан — Атыраулық полицейлер өрт шыққан көпқабатты үйдің тұрғындарын эвакуациялады, – деп хабарлайды CaspianLife. 18 ақпан күні сағат таңғы 5:00 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының жаяу патрульдеу бекетінің қызметкерлері Әлібек Амандық пен Асылхан Бегимов әкімшілік аумақты қадағалау кезінде көпқабатты үйде орналасқан дүкен ішінен түтін шығып жатқандығын байқаған. Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары жедел басқару орталығына дереу радиоқабылдағыш арқылы баяндап “101” арнасына хабарлама берген. Мекенжайға дереу жетіп 1-3 қабаты аралығында тұратын пәтер тұрғындарын оятып, қауіпсіз жерге шығарған. Нәтижесінде зардап шеккендер болған жоқ. «Әкімшілік аумақты жаяу патрульдеу кезінде дүкен ішінен өрт шығып жатқанын байқадық. Дереу аға кезеңдегі…
CaspianLife, 20 ақпан — Жаңаөзен қаласына жылдам шахматтан әлем чемпионатының жеңімпазы Бибісара Асаубаева іс-сапармен келді. Гроссмейстер оқушылар шығармашылық үйінің кішкентай шахматшыларымен бір партия шахмат ойнап, шеберлік сағатын көрсетті, деп хабарлайды CaspianLife. «Жаңаөзенге іс-сапармен келу Бибісараның өзінің талабы болды. Мақсатымыз кішкентай балдырғандардың шахматқа қызығушылығын арттыру әрі оларға білгенін үйрету болды. Наурызда шахматтан ҚР чемпионаты өткізіледі. Соған 215 қатысушылардан 100-ге тарта қатысушы іріктеуден өтті. Жаңаөзендік шахматшылар да біраз жетістіктерге жетіп жүр. Бұл бізді қуантады. Биыл 3-4 үлкен турнир өткізу жоспарымызда бар. Бұған облыс бойынша барлық қатысушылар қатыса алады» — деді Маңғыстау облыстық шахмат федерациясының президенті, атқарушы директор Фатима Елбаева. Әлем шахматы тарихындағы…
CaspianLife, 20 ақпан — Түркияның оңтүстігінде жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 41 020 адамға жетті. Бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайларды жою басқармасы (AFAD) мәлім етті, деп хабарлайды CaspianLife. Зілзаладан кейін 6 210 афтершок болған, деп атап өтті ведомстводан. AFAD мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта «жер бетінде» Түркия мен шет елдерден келген іздеу-құтқару жасағының 19 436 мүшесі жұмыс істейді. Апат аймағында барлығы 216 166 шатыр орнатылды, оларды Түркияның министрліктері мен тиісті мекемелері, сондай-ақ шет елдер мен халықаралық ұйымдар ұсынды.
