CaspianLife, 2 ақпан — Былтыр Атырауда ауыл шаруашылығы мақсатындағы 206 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды CaspianLife. Шаруалар 185 жер учаскесін игермепті. Биыл жоспар бойынша игерілмеген тағы 210 мың гектар жер мемлекет меншігіне алынуы керек. «Пайдаланылмай отырған жер учаскелері космомониторинг арқылы анықталады. Содан соң бұл учаскелерге біз мониторинг жасаймыз. Ол жерлерге дәнді дақылдардың егілу жұмыстары немесе мал басының бар-жоқтығы анықталады. Онда ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен нормативіне сәйкес 1 ірі қараға, уақ малға қанша гектар жер учаскесі беріледі сонымен салыстырады. Егер пайдаланылған жер барлық жердің 20 пайызын құраса, ол тиімсіз пайдаланылған болып саналады» — деді Атырау облыстық жер ресурстарын…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 2 ақпан — Атырау баскетболшылары Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды CaspianLife. Щучинск қаласында өткен қысқы ел чемпионаты кезінде олар өзге командаларды артта қалдырды. Жарысқа республиканың түкпір-түкпірінен келген 10 команда қатысқан еді. Жерлестеріміз жартылай финалда түркістандықтарды, ал финалда алматылықтарды қапыда қалдырды. «Осы чемпионатқа бір жыл бойы дайындалдық. Балаларды іріктеуден өткіздік. Бұған дейін West Cup турниріне, Қазақстан кубогіне қатыстық. Күні кеше 6-9 қаңтар аралығында өзімізде Қазақстан кубогі өтті, онда да жеңіске жеттік.Облыста баскетболмен айналысқысы келетін бала саны көбейіп келеді. Соған қуанамыз» — деді баскетболдан Атырау облысының аға жаттықтырушысы Саламат Тұрғаев. Балалардың сөзінше, осындай турнирлер өздерінің шама-шарқын бағалауға мүмкіндік береді. Өйткені қарсыластың…
CaspianLife, 2 ақпан — Бүгін Атырауды тағы да түтін басты. Құтқарушылардың сөзінше теңіздің Жылыой ауданындағы жағалауы тағы да өртеніп жатыр, деп хабарлайды CaspianLife. Жалын екі жерден басталған. Тағы да ошақтары бар ма, жоқ па — анықтау үшін арнайы мобильді топ сол жаққа аттанып кетіпті. Және ертең таңертең жол талғамайтын Трэкол көлігіне жалынды сөндіруге қажетті құрал-жабдығын тиеп, 10 адам жолға шыққалы отыр. Дәл осындай жағдай осыдан бірнеше күн бұрын болған еді. Ол кезде құтқарушылар тікұшақ арқылы барлау жасап, Жылыой жеріндегі қамыс өрті түтінінің желмен облыс орталығына жеткенін айтқан.
CaspianLife, 2 ақпан — Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары Ақтауда мойын омыртқасы сынып, жұлыны зақымданған науқасқа операция жасады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды CaspianLife. 6-қабаттан лақтырылған жиһаз үстіне түскен 39 жастағы азамат ауыр зардап шеккен болатын. «Науқастың омыртқасы толықтай имплантпен алмастырылды. Жұлынды қысып тұрған бөлшектер алынып, жұлын босатылды. Операциядан кейінгі жағдайы бірқалыпты тұрақты ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде», — деді облыстық аурухана нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Думан Мырзабеков. Дәрігерлер алдағы уақытта науқасты бөлімшеге шығару жоспарланып отырғанын айтты.
CaspianLife, 2 ақпан — Ақтауда екі елдің азаматтығымен жүрген 23 жастағы ресейлік ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife. Оған қос азаматтығы үшін сот шешімімен айыппұл салынып, елден шығарылды. Жалпы жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 11 шетелдік әкімшілік жауапкершлікке тартылған. Басым бөлігі Әзірбайжан, Өзбекстан азаматтары болған. Ал былтыр қос елдің азаматтығымен жүрген 10-нан астам адам анықталған.
CaspianLife, 2 ақпан — Өзбекстанда былтыр 3 мыңнан астам шенеунік жауапқа тартылды, деп хабарлайды CaspianLife. Өзбекстан Бас прокуратурасының мәліметінше, 2022 жылы республикада 2965 қылмыстық іс тіркеліп, 3116 лауазымды тұлға жауапқа тартылған. Оның 110-ы республикалық, 264-і облыстық, 2742-сі аудандық (қалалық) басқарма қызметкерлері. «Қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар өзгенің мүлкін иемдену және жымқыру, қызметтік бабын асыра пайдалану, алаяқтық, пара алу, лауазымдық жалғандық, лауазымдық немқұрайлылық, билікті асыра қолдану және басқа да қылмыстар», — деп хабарлайды Бас прокуроратурадан.
CaspianLife, 2 ақпан — Мысыр астанасы Каирде аурухана өртеніп, 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды CaspianLife. Тағы 32 тұрғын жарақат алған. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. «Жарақат алған науқастардың денесі күйген және сынған, сондай-ақ түтінге тұншығып қалған» — дейді елдің денсаулық сақтау министрі Халед Әбдел Ғаффар. Сарапшылар Мысырда өрттен сақтану ережелерінің көп жағдайда сақталмайтынын айтты.
CaspianLife, 2 ақпан — Ұлыбританияда соңғы онжылдықтағы ең ірі наразылық акциялары өтіп жатыр. Ұлттық ереуілге жарты миллионға жуық жұмысшы қосылды. Бұған инфляцияның өсуі және ереуілшілер үшін ең төменгі жұмыс көлемін енгізу жөніндегі үкіметтің бастамасы себеп болды, деп хабарлайды деп хабарлайды CaspianLife. Шеруге қатысушылар еңбек жағдайларын жақсартуды және жалақыны көтеруді талап етті. Сәрсенбі күнгі наразылық шеруіне байланысты Ұлыбританияда мыңдаған мектептер жабылды, ондаған университетте дәрістер үзілді, қоғамдық көліктер жұмысы бұзылды, теміржол қатынасы мен көптеген әуе рейстері тоқтатылды.
CaspianLife, 1 ақпан — Маңғыстауда Бейнеу аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife. Қазір қызметінен босатылған ол Тәжікстан азаматынан 300 АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр. Осылайша шенді шетелдіктің әлі дәлелденбеген қылмыстық ісін жауып тастамақ болыпты «Жүк көлігін тексеру кезінде оның жүргізушісінен есірткі заттары табылған. Сол себепті қылмыстық істі жабу үшін полицей ақша сұраған. Кейін іс тіркеліп, сараптамаға жіберіледі. Нәтижесінде оның есірткілік зат екені дәлелденген жоқ» — деді Маңғыстау облыстық прокуратурасының аға прокуроры Әсет Бекқайыров. Тәжік азаматы заңсыз іс-әрекетке барған полицейдің үстінен прокуратураға арыз түсіреді. Кейін Маңғыстау облыстық жемқорлыққа қарсы қызметі де іске кірісіп, полицей…
CaspianLife, 31 қаңтар — Атыраудың аспанын ала түтін басқанына бүгін екінші күн. Бастапқыда қатты білінбегенімен, бірте-бірте қоюланып, тынысты тарылтқан түтіннің қайдан шығып жатқанынан жауапты орындар тәулік бойы бейхабар болды. Олар қала айналасынан өрт шығып жатпағандығын айтқан. Тек жұрттан түскен арыз-шағым көбейе бастаған соң, құтқарушылар тікұшаққа мініп, өртеніп жатқан жерді іздестіруге кірісті, деп хабарлайды CaspianLife. Әуеден барлау жасаған құтқарушылар Каспий теңізінің Жылыой ауданы тұсында, яғни қаладан 70 шақырым жерде қамыс өртеніп жатқанын анықтады. Өртке оранған аумақ 9 гектар. Және теңіздің Исатай ауданындағы жағалауының да жалындап жатқандығы белгілі болды.Ол жақтағы өрт 250 гектар жерді күлге айналдырыпты. Құтқарушылардың айтуынша, облыс орталығындағы түтін Жылыой…
