CaspianLife, 2 ақпан — Ақтауда екі елдің азаматтығымен жүрген 23 жастағы ресейлік ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife.
Оған қос азаматтығы үшін сот шешімімен айыппұл салынып, елден шығарылды.
Жалпы жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 11 шетелдік әкімшілік жауапкершлікке тартылған. Басым бөлігі Әзірбайжан, Өзбекстан азаматтары болған. Ал былтыр қос елдің азаматтығымен жүрген 10-нан астам адам анықталған.