CaspianLife, 30 қаңтар — АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп 2024 жылы өтетін сайлауға қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды CaspianLife. «2024 жылғы сайлау – елді құтқаратын жалғыз мүмкіндігіміз және бізге оны бірінші күннен бастап жүзеге асыра алатын көшбасшы керек», — деді Дональд Трамп. Мемлекет басшысы қызметі үшін күресуге ниетті екенін Трамп екі жарым ай бұрын хабарлаған болатын. Еске салсақ, 2020 жылғы сайлауда Трамп қазір президент Джо Байденнен жеңіліп қалды. Ол әлі күнге дейін өзінің жеңіске жетуіне дауыс беру кезіндегі тәртіп бұзушылықтар кедергі болғанын айтады.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 30 қаңтар — Әзербайжандағы Иранның дипломатиялық қызметі толығымен тоқтады. Trend.az жазуынша, бұл туралы журналистерге Әзербайжанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов мәлімдеді, деп хабарлайды CaspianLife. «Елшілікте әкімшілік ғимарат пен дипломатиялық қызмет мүлігін күзету үшін 5 адам ғана қалады, бірақ олар дипломатиялық қызмет атқармайды», — деді министр орынбасары. Еске сала кетейік, 2023 жылдың 27 қаңтарында жергілікті уақытпен таңғы 8:30 шамасында Иран Ислам Республикасындағы Әзербайжан елшілігіне террорлық шабуыл жасалды. Шабуыл жасаған адам күзет орнына автоматпен оқ жаудырды, қауіпсіздік қызметінің басшысы өлтірілді, елшіліктің екі күзетшісі жараланды. Қазіргі уақытта лаңкестік әрекет тергеліп жатыр. Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Иранда қаза тапқан Орхан Аскеровтің…
CaspianLife, 30 қаңтар — Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында автобус апатқа ұшырап, 41 адам қаза тапты, деп хабарлайды CaspianLife. Әлемдік ақпарат агенттіктерінің үкімет өкілдеріне сілтеме жасап хабарлауынша, автобус көпірдің тіреуішіне соғылып, жыраға құлаған және өртенген. Апат орнына барған Белуджистан провинциясындағы Ласбела округі әкімшілігі басшылығының өкілі қаза тапқандардың көбін тану мүмкін еместігін, ол ДНҚ талдауы арқылы анықталатынын жеткізді. Автобуста 48 адам болған. Ол провинцияның әкімшілік орталығы – Кветта қаласы мен Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи портты қаласы арасында жүріп бара жатқан. Билік мәліметіне сәйкес, 3 адам құтқарылды. Ласбела округі әкімшілігі өкілінің айтуынша, апатқа автобус жүргізушісінің ұйықтап кетуі себеп болуы мүмкін. Бұған дейін Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва…
CaspianLife, 28 қаңтар — Ақтауда жоғарғы қабаттан лақтырылған жиһаз өтіп бара жатқан адамның үстіне түскен. Зардап шегуші ауыр халде, деп хабарлайды Caspian Life. Облыстық аурухананың мәліметінше, науқастың жағдайы өте ауыр. Астандан арнайы мамандар келіп, оған ота жасайды. Мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Қаңтардың 16 күні, 11-шағын ауданда №41 үйден өтіп бара жатқан адамға жиһаз лақтырылған болатын. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.
CaspianLife, 27 қаңтар — Мәскеуде өтіп жатқан «Шахмат жұлдыздары» атты халықаралық турнирде сенсация болды. Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева рапидте бәсекенің басты фавориті Сергей Карякинді жеңді, деп хабарлайды CaspianLife. Ресейлік шахматшы әлемдегі ең мықты гроссмейстердің бірі. Қазіргі уақытта оның 2 739 ұпайы бар. Турнир комментаторларының айтуынша, Бибісараның блицте әлем чемпионы болғаны бекер емес. Ол өзінің салқынқандылығымен Сергейдің мықты қорғанысына төтеп беріп, жеңіске жетті. Екі мықтының ойыны мазмұны жағынан да, нәтижесі жағынан да турдың сәнін келтірді. Бибісара бұған дейін сұхбаттарында осы турнирде Сергей Карякин және Теймур Раджабовпен ойнағысы келетінін бірнеше рет айтқан. Өз кезегінде ресейлік гроссмейстер мұндағы жалғыз…
CaspianLife, 27 қаңтар — Аманат партиясының облыстық филиалында өткен қоғамдық кеңес отырысында жемқорлыққа қарсы жасалар жұмыс талқыланды. Жиналғандар қазіргі қоғамның жегі құртына тосқауыл болу – партия мен оның мүшелерінің басты міндеті екендігін айтты, деп хабарлайды CaspianLife. Статистикаға қарасақ, жемқорлық дерегі жыл сайын көбеймесе, азайып жатқан жоқ. Соңғы үш жылда мемлекеттік органдар бойынша 18 дерек тіркелген. Оның көбісі – алаяқтық, жымқыру, парақорлық және қызмет бабын асыра пайдаланумен байланысты. Заңсыздық жасауға қалалық әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері, қалалық полиция және қызметтер мен тауарлар сапасын бақылайтын департамент құмар. Қазіргі кезде 9 адам кінәлі деп танылған. 3 іс қаралып жатыр. Дей тұрғанмен «жемқорлыққа қарсы жасалар іс-шараны…
CaspianLife, 27 қаңтар — Маңғыстау облысына көліктердің Грузиядан контрабандалық жолмен әкелініп жатқандығы анықталды, деп хабарлайды CaspianLife. Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерінің сөзінше, 20-дан астам машина Құрық портына арнайы көлікпен жеткізіліп, кейін Өзбекстан аумағына өткізілген. Бірақ қағаз жүзінде. Ал шындығына келгенде олар Қазақстанда сатылып кеткен. Енді осы іске қатысы бар тұлғалар заң алдында жауап бермек. «Арнайы базаға көліктердің Өзбекстан Республикасына өтіп кеткені туралы жалған мәліметтер енгізілген. Бірақ тергеу амалдарынвң барысында 22 дана көлікті тиеген 3 дана авто тасымалдаушы Өзбекстанға өтпегені анықталды. Көліктердің барлығы Қазақстан аумағында жеке тұлғаларға сатылып кеткен» — деді Маңғыстау облыстық экономикалық тергеу департаментінің аға тергеушісі Әлібек Түзелбаев. 2019 жылы…
CaspianLife, 27 қаңтар — Жаңа буын мектебі. Баланың бойындағы қабілетін дамытып, жаңа қырын ашуға жұмыстану. Атырауда «Integity» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен форум өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Іс-шараның өтуіне «Теңізшевройл» ЖШС демеушілік етті. Форумда мектептердегі қазіргі өзгерістерді басқару, білім беру саласындағы маңызды трендтер секілді өзекті мәселелер талқыланды. Бұдан өзге форум қонақтары балалардың жұмыстары қойылған «Өзгелердің бізді тыңдағанын қалаймыз» деп аталатын көрмені тамашалады. «Форумға алғаш рет тек ұстаздар, ата-аналар ғана емес, білім саласының сарапшылары, топ менеджмент өкілдері, басқарушылар шақырылды. Іс-шараның ерекшелігі де осы болар деп ойлаймын. Бәріміз бір-бірімізді мұқият тыңдап, ақырында бір ортақ шешімге келеміз деп ойлаймын. Бұл жерден балалардың энергетикасын сезіндік. Ең…
CaspianLife, 27 қаңтар — Жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Антикор басшылары Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттерімен кездесіп, жоғары оқу орындарындағы жемқорлыққа қарсы жасалар іс-әрекет, оған кедергі келтіретін факторлар туралы талқылады, деп хабарлайды CaspianLife. Департамент өкілінің сөзінше, жас буын – қоғамдық пікір тудыра алады. Сондықтан олардың арасында парақорлыққа, жемқорлыққа қарсы үгіттейтін жұмыс жүргізу аса маңызды саналады. Жоғары оқу орындарындағы жемқорлық туралы көптен бері айтылып келеді. Бұған ақылы негізде оқитын студенттердің көптігі және олардың жұмыс жасайтындығы себеп болуы мүмкін. Ақшаны қалай табамын деп басы қатып жүрген студенттің семинар-сессия кездерінде оқытушысынан көмек сұрары сөзсіз. Әрине ақысына. Ал қосымша қаражаттың ешқашан…
CaspianLife, 27 қаңтар — Өткен жылы Маңғыстау облысындағы 500-ден астам адам жұмыс іздеп еліміздің солтүстік өңірлеріне аттанды. Оның ішінде 200-і жергілікті тұрғын болса, қалғандары Түрікменстан мен Өзбекстанның бұрынғы азаматтары, деп хабарлайды CaspianLife. «Солтүстікке өз еркімен қоныс аудару» деп аталатын ұлттық жоба аясында көшкен жандарға материалдық көмек көрсетіледі. Яғни отбасының әр мүшесіне 200 мың теңгеден тиесілі. Және бір жыл бойы тегін баспанада тұра алады. Түрікменстаннан келген 36 жастағы Тұрар Сүйіқұловтың мұндай мүмкіндікті қалт жібергісі жоқ. Қандастың Павлодар облысында тұрақтап қалатын ойы бар. «Барлығы жақсы. Балалар мектепке барып жүр. Енді үй берсе қаламыз. Өзімізге ұнайды. Ақтаудан достарым хабарласты. Мен көшіп келіп жатқанда…
