Бибісара Асаубаева халықаралық турнирдің басты фаворитін жеңді — CaspianLife ақпараттық порталы
Понедельник, 27 марта, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева халықаралық турнирдің басты фаворитін жеңді

27.01.2023
Жаңалықтар, Спорт
0
Бибісара Асаубаева халықаралық турнирдің басты фаворитін жеңді

CaspianLife, 27 қаңтар — Мәскеуде өтіп жатқан «Шахмат жұлдыздары» атты халықаралық турнирде сенсация болды. Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева рапидте бәсекенің басты фавориті Сергей Карякинді жеңді, деп хабарлайды CaspianLife.

Оқи отырыңыз...

ОФ «БолашакК» начал реализацию проекта «Внедрение программы «Раннего вмешательства» в Атырауской области»

ОФ «БолашакК» начал реализацию проекта «Внедрение программы «Раннего вмешательства» в Атырауской области»

24.03.2023
Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

24.03.2023

Ресейлік шахматшы әлемдегі ең мықты гроссмейстердің бірі. Қазіргі уақытта оның 2 739 ұпайы бар.

Турнир комментаторларының айтуынша, Бибісараның блицте әлем чемпионы болғаны бекер емес. Ол өзінің салқынқандылығымен Сергейдің мықты қорғанысына төтеп беріп, жеңіске жетті.
Екі мықтының ойыны мазмұны жағынан да, нәтижесі жағынан да турдың сәнін келтірді. Бибісара бұған дейін сұхбаттарында осы турнирде Сергей Карякин және Теймур Раджабовпен ойнағысы келетінін бірнеше рет айтқан.

Өз кезегінде ресейлік гроссмейстер мұндағы жалғыз жеңілісінен ұялмайтынын мәлімдеді.

«Мен өте жақсы ойнайтын әлем чемпионынан ұтылдым», — деді Карякин.

Айта кетейік, бұл жарыстың жүлде қоры 15 миллион рубль. Қазір мұнда әлемдегі ең мықты шахматшылар шеберлік байқасып жатыр. Олардың қатарында Бибісара Асаубаева, Сергей Карякин, Александр Грищук, Теймур Раджабов, Раунаку Садвани, Франсиско Вальехо, Владислав Артемьев, Екатерина Лагно және басқалары бар.

Бір қызығы, қазақстандық гроссмейстер турнирге қатысатынын жарыс басталардан екі күн бұрын білген. Бибисара әлем чемпионы Владимир Крамниктің орнын басқан.

Рапид бәсекесі 24-26 қаңтарда өтті. Енді блиц түрінде (28 және 30 қаңтар) Бибисара Асаубаева әлі де өз шеберлігін көрсетеді деп сенеміз.

Тегтер: жаңалықтарспортшахмат
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.