45 отбасы солтүстікке қоныс аударды — CaspianLife ақпараттық порталы
Понедельник, 27 марта, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

45 отбасы солтүстікке қоныс аударды

27.01.2023
Жаңалықтар, Қоғам
0
45 отбасы солтүстікке қоныс аударды

CaspianLife, 27 қаңтар — Өткен жылы Маңғыстау облысындағы 500-ден астам адам жұмыс іздеп еліміздің солтүстік өңірлеріне аттанды. Оның ішінде 200-і жергілікті тұрғын болса, қалғандары Түрікменстан мен Өзбекстанның бұрынғы азаматтары, деп хабарлайды CaspianLife.

Оқи отырыңыз...

ОФ «БолашакК» начал реализацию проекта «Внедрение программы «Раннего вмешательства» в Атырауской области»

ОФ «БолашакК» начал реализацию проекта «Внедрение программы «Раннего вмешательства» в Атырауской области»

24.03.2023
Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

24.03.2023

«Солтүстікке өз еркімен қоныс аудару» деп аталатын ұлттық жоба аясында көшкен жандарға материалдық көмек көрсетіледі. Яғни отбасының әр мүшесіне 200 мың теңгеден тиесілі. Және бір жыл бойы тегін баспанада тұра алады. Түрікменстаннан келген 36 жастағы Тұрар Сүйіқұловтың мұндай мүмкіндікті қалт жібергісі жоқ. Қандастың Павлодар облысында тұрақтап қалатын ойы бар.

«Барлығы жақсы. Балалар мектепке барып жүр. Енді үй берсе қаламыз. Өзімізге ұнайды. Ақтаудан достарым хабарласты. Мен көшіп келіп жатқанда сұрады. Тұрар қалай? Үй бере ма?-деп. Айттым, шақырдым. Көбісі келді» — деді Ақсу қаласының тұрғыны Тұрар Сүйіқұлов.

Тұрар Рысқұлов та мемлекеттен жарты миллион теңге көлемінде көмек алып, өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан. Жалақысы 220 000 теңге шамасында. Дегенмен қаражатының баспана сатып алуға аздық етіп тұрған жайы бар. Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бағдарламасының өкілдері баспана мәселесін қабылдап алатын тараптың шешуі керектігін айтады.

«Нақты олар үшін біз жауап бере алмаймыз. Бірақ мысалы Солтүстік Қазақстанда нақты дайын үйлер бар. Павлодар облысындағы жағдайға келсек бірінші көшіп кеткендерге оларға арнайы үй тапқанға дейін үй тапқанға дейін үй, жатақхана берілетін еді» — деді Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Досан Жеткізген.

Шенеуніктердің сөзінше қоныс аударғандар бағдарламаны пайдалана отырып, алдағы уақытта өз қаражатына үй сатып алу үшін жұмыстануы тиіс. Дегенмен солтүстікке қоныс аударғысы келетін жандардың қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді. Ал жұмыссыз жүргендердің Абай, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ұлытау, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарына көшулеріне мүмкіндік бар.

Тегтер: жаңалықтарқоныс аударумаңғыстау
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.