CaspianLife, 30 қаңтар — «Үмбеті үлгі еткен әз-Мұхаммед». Атырау облыстық дін істері басқармасы және «Иманғали» орталық мешітінің ұйымдастыруымен зияткерлік сайыс өтті. Оған аудандардан келген 135 атыраулық қатысты. Телефон қосымшасы арқылы өткен іріктеу сайысында 30 адам келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды CaspianLife.
Бірінші бөлімде олар түрлі сұраққа жылдам жауап беріп жарысты. Екінші кезеңде «Мен Пайғамбарды көрсем не істер едім?» деген тақырыпта эссе жазды. Сайыс нәтижесінде үшінші орын иеленген исатайлық азамат Түркістан қаласындағы, ал екінші орынға ие болған Мақат тұрғынына Астана қаласындағы қасиетті жерлерге зиярат етуге мүмкіндік беретін жолдама берілді. Жүзден жүйрік шыққан мақаттық тағы бір тұрғын кіші қажылыққа баратын болды.
«Жалпы сайы жақсы өтті. Пайғамбарымызды (с.а.с) бұрыннан оқитынбыз. Сол Алла бұйыртып екінші орын алдық» — деді жүлдегер Мейрамбай Кереев.