CaspianLife, 30 қаңтар — Құлсары қаласындағы сөйлеуді дамыту орталығы аз қамтылған отбасыдан шыққан 10 баланы тегін қабылдамақ. Мұны ата-аналар мен демеушілер алдында есеп берген орталық басшысы айтты, деп хабарлайды CaspianLife.
«Біздің орталыққа тек қана сөйлеу тілі бұзылған балалар ғана келмейді, себебі бізде есту аппараты бұзылған балалар да көптеп кездеседі. Биылғының өзінде біз 2 балаға дұрыс диагностикалаудың арқасында 2 бала аппарат тақса, 1 бала имплярный плант қондырды. Одан бөлек көзі нашар көретін балаға да, қазіргі таңда көзілдірік тақты. Тек қана сөйлеу тілі деп алып келіп, соңғы кезде тек қана сөйлеу тілі емес, оның түсінігінің төмендігі, немесе ойын жеткізе алмайтын балалар санының көптігі, өздерін ортада көрсете алмайтын, әлеуметтендіре алмайтындар көптеп кездеседі. Сондай әлеуметтендіру мақсатында ашылған орталық» — деді сөйлеуді дамыту орталығының жетекшісі Алтынай Аманғалиева.
Құлсары қаласындағы сөйлеуді дамыту орталығы 2022 жылы ашылды. Ерекше білімді қажет ететін балаларға қызмет көрсетеді. Мұнда 1 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға, сал болып қалған ересектерге кешенді оңалту бағдарламасы аясында ем-дом жасалады.