Психикалық орталық пациенттері аштық жариялап, ауыздарын тігіп тастады — CaspianLife ақпараттық порталы
Понедельник, 27 марта, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлем

Психикалық орталық пациенттері аштық жариялап, ауыздарын тігіп тастады

26.01.2023
Әлем, Жаңалықтар
0
Психикалық орталық пациенттері аштық жариялап, ауыздарын тігіп тастады

CaspianLife, 26 қаңтар — Ақтауда психикалық орталық пациенттері аштық жариялап, өз ауыздарын өздері тігіп тастады. Олар орталық басшылығы мен қызметкерлеріне құқығымызды бұзды деген айып тағып отыр. Және әлеуметтік жағдайлары да мәз емес. Берілетін тамақ та құнарсыз көрінеді, деп хабарлайды CaspianLife.

Оқи отырыңыз...

ОФ «БолашакК» начал реализацию проекта «Внедрение программы «Раннего вмешательства» в Атырауской области»

ОФ «БолашакК» начал реализацию проекта «Внедрение программы «Раннего вмешательства» в Атырауской области»

24.03.2023
Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

24.03.2023

«Оңтайландыру бағдарламасы жұмыс жасамайды мүлде, жоқ деп айтуға болады. Бізге беретін астарын тамақ деп айту қиын. 50 грамм деп жазғанмен, алдымызға келетін тамақтың түріне де қарау қорқынышты. Сұмдық!» — деді пациент.

Науқастар соңғы сегіз айдан бері халіміз мүшкіл болған соң, қарсылық ретінде амалсыздан аузымызды тігуге мәжбүр болдық дейді. Өйткені, бас көтеріп, жағдайды айтқандарды қызметкерлер қорқытып, ұрып-соққан.

«Санитарлар бізді әуелі қорқытты, кейін ұрып-соқты. Басымызды қабырғаға ұрған кездері де болды. Олардың іс-әрекеті бейнебақылау камераларына түспейді. Бұл жерде бізді ешкім тыңдағысы, естігісі келмейді» — деді пациент.

Қазір орталыққа жаңа басшы келген. Мән-жайды анықтауға уәде берді. Бірақ ол осында ем алып жатқан азаматтардың өзгелер секілді еместігін ескеруді сұрайды.

«Мұндағы науқастар іштегі қызметкерлер мен күзетшілерді ұрып жіберген сәттер болған. Пациенттердің арасында 3-4 рет сотталып келгендер бар. Олар өздеріне көп көңіл бөлінгенін қалайды» — деді Маңғыстау облыстық психикалық орталықтың директоры Мәди Тоқанов.

Орталық басшылығы пациенттердің шағымы бойынша қызметтік тексеріс жүргізілетінін айтты. Және науқастарды жұмыспен қамту туралы жергілікті атқарушы органға ұсыныс жолдауды жоспарлап отыр. Қазір мұнда есірткі мен ішімдікке тәуелді 60-қа жуық адам ем қабылдап жатыр.

Тегтер: ақтаужаңалықтар
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.