CaspianLife, 18 қаңтар — Маңғыстаулықтар мұз құрсауында қалған Каспий теңізін тамашалаймыз деп бастарын қауіпке тігіп жүр, деп хабарлайды CaspianLife. Бірнеше күн бұрын қатып қалған теңіз әдемі кадр жасауға таптырмайтын жерге айналып үлгерген. Көпшілік мұндай сұлулықты көру бақыты бұйыра бермейтінін айтып, мүмкіндікті қалт жібермеуде. «Мен мұндай әдемілікті 1960 жылы, нақтырақ айтқанда 2 жасымда көріп, қатты таңқалған едім. Күні кеше әлеуметтік желіден теңіздің қатып қалғанын көрдім. Адамдар қызықтап суретке түсіп жатыр. Шыны керек, теңіз бетіндегі мұз қатты қалың емес. Адам өміріне қауіпті» — дейді Ақтау қаласының тұрғыны Татьяна Жаворонкова. Құтқарушылардың айтуынша, Каспийде мұндай құбылыс көп жылдан бері болмапты. Қазір жағалауды 500 метрге…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 18 қаңтар — Ақпан айында облыстағы жұмыссыздарды 5 түрлі мамандық бойынша оқыту басталады, деп хабаралайды CaspianLife. Нақтырақ айтқанда, жұмыс іздеп жүрген 150-ден астам азаматтың құбыр, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика бойынша монтаждаушы, электрмонтаждаушы, құбырларды, металл конструкцияларды дәнекерлеуші мамандықтарының бірін игеруге мүмкіндігі бар. Жұмыссыз ретінде ресми тіркелмегендер де бұл мүмкіндікті пайдалана алады. 16 қаңтар күні басталған іріктеу 21 қаңтарға дейін жалғаспақ. Оқыту процесі бірнеше айға созылады, бағдарламаның 30 проценті теория, қалғаны практикалық сабақ. Оқуға қабылданғандар тегін тамақпен және жатын орынмен қамтылады. «19-20 жылдары тек жұмыссыз адамдардың қасында өткізетін болсақ, қазір кеңінен жасап жатырмыз. Бұған жұмыссыздықта тіркеуде жоқ, оның ішінде жастарымыз бар.…
CaspianLife, 18 қаңтар — Ащы судың буымен адам өлтірді. «Теңіз» кенішінде ішімдік ішкен екі қызметкер жанжалдасып, соңы өліммен аяқталды, деп хабарлайды CaspianLife. Полицейлердің дерегінше, 50 жастағы механик әріптесіне пышақ сұққан. Қайтыс болған 41 жастағы азаматтың техникалық қауіпсіздік қызметкері екендігі және екеуінің де «Бонатти» компаниясында жұмыс істегендіктері белгілі болды. «Жылыой ауданы Теңіз қалашығында болған адам өліміне қатысты қазіргі таңда күдікті анықталып, ұсталып, қамауға алынды. Аталған факт бойынша ҚК 99-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сот-медициналық экспертиза тағайындалды» — деді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
CaspianLife, 18 қаңтар — KPI компаниясы Қытайдың мемлекеттік даму банкінен алған қарызын өтей бастады. Қазіргі кезде компания банкке 75 миллион АҚШ долларын төлеген, деп хабарлайды CaspianLife. Жалпы мекеме 2016 жылы «Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенін салу» жобасын қаржыландыру үшін көрші елдің даму банкінен 2 млрд. АҚШ долларына жуық қаржыны несиеге алған еді. Өткен жылдың қарашасында іске қосылған кәсіпорын күні бүгінге дейін 42 мың тоннаға жуық полипропилен өндірген. Оның 39 мың тоннасын экспорттапты.
CaspianLife, 18 қаңтар — Каспий теңізінде мұз қатуы себепті маңғыстаулықтардың тұщы сусыз қалулары мүмкін. Өйткені жел мен мұз «МАЭК» энергокомбинатының 1-ші және 2-ші жылу электр орталықтарындағы су жинайтын арналардағы су деңгейін төмендетіп жіберген. Әзірге заңды тұлғаларға су беру қызметі жартылай тоқтатылды, деп хабарлайды CaspianLife. Қазір мұз басқан су тоғандары жылытылуда. Ыстық суды жеткізу үшін 11 су таситын көлік пен 3 арнайы техника жұмылдырылған. Теңіз суы деңгейінің күрт төмендеуі тек су тұшыту ғана емес, жылу және электр энергиясын өндіру жұмыстарына да кедергі келтіруде. «Маңғыстау энергетикалық комбинаты өндіретін барлық энергия тасымалдаушы, соның ішінде су тұшыту кешеніне қауіп төніп тұр. Ыстық су құйғаннан…
CaspianLife, 18 қаңтар — Уақытын көңілді, денсаулыққа пайдалы қып өткізгісі келетін атыраулықтар үшін жақсы жаңалық: Қалада тағы бір мұз айдыны жұмыс істейді, деп хабарлайды CaspianLife. Шағын алаң негізінен байдарка және каноэда есу үйірмесінің келушілеріне арналған. Дегенмен, қала тұрғындарының да келіп, сырғанақ тебулеріне болады. Бұл мұз алаңы жылда өзен беті қатқан бойда жасалады. Ал, оны тегістеу жұмыстарымен спорт мектебінің оқушылары айналысады. «Бұл алаңды жыл сайын саламыз. Мұз алғаш рет қатқан уақытта әуелі қоршау орнатып, өзімізге қажетті дайындық алаңын жасақтаймыз. Мұнда балалар келіп, хоккей ойнайды, қыздар коньки тебеді. Мұздың бетін де оқушылар өздері тегістейді» — деді байдарка және каноэда есуден Атырау облысының…
CaspianLife, 18 қаңтар — 19 қаңтарда православ христиандары «Крещение Господне» діни мерекесін атап өтеді. Ол үшін облыста арнайы жеті аумақ жасақталды, деп хабарлайды CaspianLife. Үшеуі облыс орталығында: «Орал» мейрамханасының, «Тұрғындар қалашығы» ықшам ауданындағы жағажай тұсында және Мечников-Баймұқанов көпірінің маңында орналасқан. Ал қалғандары Индер, Махамбет, Жылыой, Құрманғазы аудандарында. Құтқарушылар шомылу кезінде қауіпсіздік талаптарын естен шығармай, қатаң ұстану керектігін ескертеді. «Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қаңтардың 18-і мен 20-сы аралығында күшейтілген тәртіпте жұмыс жасаймыз.150-ден астам құтқарушымыз дайын отыр, сүңгу үшін қажетті 10 шақты техника мен 42 құтқару кеудешесін әзірлеп қойдық» — дейді Атырау облыстық ТЖД қызметкері Сержан Жолмағанбетов. Шомылуға арналған жерлерге 19…
CaspianLife, 18 қаңтар — Өзбекстанның туристік саласы қалпына келтіріліп жатыр. Өткен жылы шетелдік туристер ағыны 2,8 есе өскен, деп хабарлайды CaspianLife. Өзбекстан мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 2022 жылы Өзбекстанға туристік мақсатта 5,2 млн шетелдік азамат келген, бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 3,4 млн немесе 2,8 есе артық. Барлық шетелдік туристердің үштен бір бөлігін Қазақстан азаматтары құрады — 1 551,1 мың адам. Сондай-ақ, осы тізімдегі үштікке Өзбекстанмен көршілес елдер кірді: Тәжікстан – 1447,1 мың турист, Қырғызстан – 1356,9 мың турист. Ресей Федерациясынан келген қонақтар ағыны 567,7 мың адамды құрады. Алыс шетелден 277 мың турист келді, оның ішінде Түркиядан – 75,6 мың қонақ,…
CaspianLife, 18 қаңтар — Өткен жылы Қытай халқының саны 1,411 миллиард адамға дейін қысқарды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 850 мың адамға аз. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік статистика басқармасының директоры Кан И мәлім етті, деп хабарлайды CaspianLife. Оның айтуынша, 2022 жылдың соңына қарай елдегі халық саны 1 411 750 000 адамды құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 850 мыңға азайған. Ерлер саны — 722,06 млн, әйелдер — 689,69 млн, 16 мен 59 жас аралығындағы еңбекке жарамды адамдар саны — 875,56 млн, 60 жастан асқан азаматтар – 280,04 млн. Қала тұрғындарының саны 920,71 миллион болса, ауылдық жерлерде тұратындар 7,31 миллионға азайып, 491,04 миллион болды.
CaspianLife, 18 қаңтар — Филиппинде су тасқыны салдарынан кем дегенде 29 адам қаза тапты, 4 адам із-түзсіз кетті. Сейсенбіде таратылған Табиғи апаттың алдын алу және жою жөніндегі кеңестің есебінде айтылғандай, қолайсыз ауа райы республиканың 14 аймағында 1,39 миллионнан астам адамға зиян келтірген. Бұған дейін 28 адамның қаза тапқаны туралы мәлім етілген еді, деп хабарлайды CaspianLife. Ведомствоның мәліметінше, 203,3 мың адам 484 эвакуациялық орталыққа орналастырылған. Кем дегенде 14,1 мың адам үйлерін тастап кетіп, 12 азамат түрлі жарақат алды. 14 өңірде су тасқыны мен көшкінге байланысты мыңнан астам оқиға тіркелді. Апат 1,37 мың үйге (құны 2,41 миллион песо (43,8 мың доллар) зақым…
