CaspianLife, 20 қаңтар — Биыл Маңғыстауда ауыл тұрғындарына 2,5 пайызбен шағын несие берілмек. Кепілді несиенің мерзімі 7 жылдан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы – 8,6 млн теңге, жалпы шағын және орта шаруа қожалықтарын дамыту үшін – 27,6 млн теңге бөлінеді, деп хабарлайды CaspianLife. «Мына несие берген, жұмыссыз жүрген, жаңа жеке кәсіп бастап жатқан тұрғындарға, ол мысалы мал шаруашылык дамыту несие алатын болса жеке кәсіпкер болып тіркелгеннен кейін онда мүмкіндігі бар мемлекет тарапынан көмекке қол жеткізуге» — деді Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қазбек Тәшімов. Жоба сәуір айында іске қосылады. Яғни осы жылдың соңына дейін өңірдегі 170 кәсіпкер микронесие алуы…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 20 қаңтар — Биыл соңғы қоңырау әдеттегідей 25 мамырда емес, 1маусымда соғылатын болды, деп хабарлайды CaspianLife. Мұны Оқу-ағарту министрлігіне қарасты орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова айтты. Министрлік өкілінің сөзінше оқу жылының соңғы күні – 31 мамыр. Бұл күні мектептерде балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты сабақтармен қатар, түрлі іс-шара өткізіледі. 1 маусым – жазғы каникулдың алғашқы күні болып есептеледі және білім ордаларында соңғы қоңырау салтанаты болады.
CaspianLife, 20 қаңтар — Атырауда жаңадан ашылған 4 мектеп лицензиясыз жұмыс істеп жатыр. Сол себепті оларға сот шешімімен 86 мың теңгеден астам айыппұл салынған, деп хабарлайды CaspianLife. Оның бірі мемлекеттік болса, 3-уі жекеменшік. Қазір барлығы да жұмыс жасауға мүмкіндік беретін құжатты алу үшін тиісті департаментке өтініш жазыпты. Білім басқармасындағылардың айтуынша, лицензиялау кезінде жиі кездесетін мәселе – құжаттардың дұрыс рәсімделмеуі. «Ал бір мектептің лицензияланбау себебі материалдық-техникалық базасының жабдықталуы лайықты, сәйкес болмаған. Ал оның созылу себебі басшы тарпынан кеткен салақтық деуге болады. Немқұрайлық па білмеймін. Қағаздарында қателік болған. Соған байланысты кішкене созылып кетіп жатыр» — деді Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы…
CaspianLife, 20 қаңтар — Алдағы уақытта кәмелетке толмаған балаларға паспорт алу арзандауы мүмкін. Бұл туралы мәжілістің қарауына берілген «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң жобасында көрсетілген, деп хабарлайды CaspianLife. «Ата-анасымен бірге шетелге шығатын 16 жасқа дейінгі балалар туралы паспортқа жазу талабы 2020 жылы алынып тасталды. Сол себепті балаларға паспорт жасалуы тиіс. Бұл отбасыға қаржы жағынан қиындық келтіреді. Осыған байланысты кәмелетке толмаған балаларға берілетін паспорттар үшін мемлекеттік бажды 27 600 теңгеден 13 800 теңгеге дейін төмендету және шет мемлекеттерге жиі баратын азаматтарға ыңғайлы болу үшін 48 беттік паспортты енгізу ұсынылады», — делінген құжатта. Заң жобасына енгізілетін өзгерістер…
CaspianLife, 20 қаңтар — Атырауда мектеп директорының туберкулезбен ауыратындығы анықталды, деп хабарлайды CaspianLife. Ол қаңтардың басында өзінің салмақ жоғалта бастағандығын байқап, дәрігерге көрінген. Өкпесін рентгенге түсіргеннен кейін, өзгеріс бар екендігі анықталыпты. Бірақ, дәрігерге қаралмай, өздігінен ем қабылдаған. Кейін жұбайы учаскелік дәрігерге хабарласып, науқас тіркеуге алынады. Қазір ол облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде ем қабылдап жатыр. » Енді науқасымыз қазір облыстық фтизиопульмонология орталықта жатыр. Туберкулез таяқшасының бөлу түріменен ауырып жатыр. Оны жанағы өзінің тиісті аппараттарда, құрылғылар да анализдердің қорытындыларымен бекітілген. Бұл диагноз дәрігерлердің кеңесімен қойылады. Орталықтандырылған дәрігерлік кеңестің қорытындысымен анықталатын ауру», — дейді Атырау қалалық №4 емханасының директоры Еркін Сабыров. Қазіргі…
CaspianLife, 19 қаңтар — Атыраулық тұрғын полицейлерге тортпен пара бермекші болған, деп хабарлайды Caspian Life. Оқиға 2022 жылдың 30 желтоқсанында болған. Полиция инспекторлары көлікті тоқтатқан кезде жүргізушінің сақтандыру полюсі жоқ екендігін анықтаған. 30 мың теңге айыппұл төлегісі келмеген тұрғын тәртіп сақшыларына басқалай «сый» беруді ұсыныпты. «Сол күні тәртіптік кеңес өткізіліп, екі қызметкер де жұмыстарынан босатылды», — дейді облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
CaspianLife, 19 қаңтар — Еуропа елдерінде амоксициллин сияқты антибиотиктер, тұмауға және басқа да респираторлық инфекцияларға қарсы дәрілер, балаларға арналған кейбір дәрі-дәрмектер дефициті туындады, деп хабарлайды CaspianLife. Көптеген елдерде жағдай аса күрделі, бірақ мұндай тауарлар дәріханалардан мүлдем жоқ болып кетпегендіктен азаматтарға қор жасамауға кеңес беруде. Дәрігерлер коронавирустан қорғану салдарынан халықта табиғи иммунитет әлсірегенін атап өтті. Сұраныстың күрт өсуінің негізгі себебі — өндірістік қуаттылықтың жетіспеушілігі мен респираторлық аурулардың көп таралуы. Фармацевтика мәселесі ұлттық деңгейде шешілгендіктен, үкіметтер тапшылықты жою үшін шаралар қабылдауда. «Педиаторлық дәрі-дәрмектер қарапайым таблетка күйінде өте аз болады. Сондықтан балалар көп ауыратын жерде педиаторлық дәрі-дәрмектертерге сұраныс жоғары», — деді Еуропалық дәрілік…
CaspianLife, 19 қаңтар — Microsoft компаниясы 10 мың қызметкерін қысқартып жатыр. Бұл туралы компания басшысы Сатья Наделланың мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды CaspianLife. «Біз үлкен өзгерістер кезеңін бастан өткеріп жатырмыз және клиенттермен және серіктестермен кездескенде маған бірнеше нәрсе түсінікті болады. Біріншіден, біз пандемия кезінде тұтынушылардың цифрлық шығындарын қалай арттырғанын көргендіктен, енді олардың цифрлық шығындарын оңтайландырып жатқанын байқап жатырмыз. Біз сондай-ақ барлық салалар мен аймақтардағы ұйымдардың сақтық танытып жатқанын көріп отырмыз, өйткені әлемнің кейбір бөліктері рецессияны өткеріп жатыр, ал басқалары оны күтіп отыр. Сонымен қатар, жасанды интеллект жетістіктерінің арқасында есептеудің келесі үлкен толқыны пайда болды, өйткені біз әлемдегі ең озық модельдерді жаңа…
CaspianLife, 19 қаңтар — Халықаралық энергетика агенттігі (ХЭА) мұнайға әлемдік сұраныс 2023 жылы тәулігіне 1,9 млн баррельге өсіп, тәулігіне 101,7 млн баррельге жетеді деп болжап отыр, деп хабарлайды CaspianLife. «Қытай коронавирус шектеулерін жойылғаннан кейін мұнайға сұраныстың жартысына жуығын қамтамасыз етпек. Бұл ретте 2023 жылы әлемде мұнайға сұраныс өсуінің негізгі көзі авиациялық отын болады, оған сұраныс тәулігіне 840 мың баррельге артады» — делінген ХЭА есебінде. Агенттік сондай-ақ 2023 жылы әлемдік мұнай жеткізілімінің өсімі тәулігіне 1 млн баррельге дейін баяулайды деп болжап отыр. Алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 4,7 млн баррельге артқан болатын. ОПЕК + құрамына кірмейтін елдер биыл мұнай ұсынысын тәулігіне 1,9…
CaspianLife, 18 қаңтар — Маңғыстаулықтар мұз құрсауында қалған Каспий теңізін тамашалаймыз деп бастарын қауіпке тігіп жүр, деп хабарлайды CaspianLife. Бірнеше күн бұрын қатып қалған теңіз әдемі кадр жасауға таптырмайтын жерге айналып үлгерген. Көпшілік мұндай сұлулықты көру бақыты бұйыра бермейтінін айтып, мүмкіндікті қалт жібермеуде. «Мен мұндай әдемілікті 1960 жылы, нақтырақ айтқанда 2 жасымда көріп, қатты таңқалған едім. Күні кеше әлеуметтік желіден теңіздің қатып қалғанын көрдім. Адамдар қызықтап суретке түсіп жатыр. Шыны керек, теңіз бетіндегі мұз қатты қалың емес. Адам өміріне қауіпті» — дейді Ақтау қаласының тұрғыны Татьяна Жаворонкова. Құтқарушылардың айтуынша, Каспийде мұндай құбылыс көп жылдан бері болмапты. Қазір жағалауды 500 метрге…
