CaspianLife, 17 қаңтар — Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Атырау облысындағы 15 ауыл жаңғыртылады, деп хабарлайды CaspianLife. Ол үшін республикалық бюджеттен 5,8 млрд теңгеге 22 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі кезде облыста 153 ауыл бар. Олардың қатарынан даму әлеуеті бар 93 ауыл іріктеліп алынған. 2019 — 2022 жылдар аралығында бағдарламаға сәйкес 40 ауыл қамтылып, 41 жоба іске асты. Ол үшін мемлекеттік бюджеттен 24 миллиард теңге жұмсалған. Яғни елдімекендерде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық , әлеуметтік нысандар, ауылішілік жолдар салынып, реконструкцияланбақ және жөнделмек.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 17 қаңтар — Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев кітапханасы директорының орынбасары Тимур Шаймергенов ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife. Мұны ҚазТаг агенттігі Silk Road мультимедиялық порталына сілтеме жасай отырып хабарлады. Бейресми деректер бойынша, құқық қорғау органдары Тимур Шаймергеновты желтоқсан айының ортасында ұстап, қамауға алған. Және оның әйелі де күдіктілер қатарында. Кейбір мәліметтерде «Шаймергеновтің жұбайы сырт елдердің бірін зерттеумен айналысатын институтқа басшылық еткендігі» айтылады. Әзірге ресми органдар мен кітапхана басшылығы үнсіз отыр. Осыған дейін «Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік көшбасшы-реформаторлармен бір қатарда тұр» деп жүрген Тимур Шаймергенов Назарбаев басшылық еткен Қауіпсіздік кеңесінде, Аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсібі вице-министрі болып жұмыс істеген. Сыртқы істер министрлігінде Халықаралық ақпарат комитетіне…
CaspianLife, 17 қаңтар — Биыл Атырау облысында жұмыс жасау үшін 6 144 шетелдік келеді. Оның ішінде 800–і маусымдық жұмыспен қамтылмақ, деп хабарлайды CaspianLife. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 2 есе көп дейді тиісті басқарма мамандары. Өйткені өңірдегі шаруа қожалықтарының тарапынан сұраныс көбейген. Олар тіпті өткен жылы квота санының аздығына байланысты наразылық танытқан көрінеді. Себебі жергілікті халық егін егіп, шөп шауып-жинау секілді қара жұмысты жасағысы келмейді. Бұдан бөлек, 15 мыңға жуық мекеме білікті маман мен басшыға сұраныс жасап отыр. «Біздің облысымызда ірі-ірі мұнай жобалары бар. Басым бөлігі Теңізшевройл, НСОС компаниясының ірі жобаларына қызметке тартылады. Яғни ол жерде жұмыс жасайтын білікті мамандар соларға…
CaspianLife, 17 қаңтар — KPI компаниясының жұмыстан босап қалған қызметкерлері басшыларының үстінен жазған арыздарын қайтып алды, деп хабарлайды CaspianLife. Еңбек инспекторларының айтуынша, алғашында «бізді қыметтен заңсыз босаттты» деген 16 азамат райларынан қайтқан. Сол себепті компанияны тексеру жұмыстары да тоқтатылыпты. «Жұмысшылар арыз-шағымдарын қайтарып алатындықтарын айтып, тексерісті тоқтатуды сұрады. Біз заң шеңберінде істі тоқтаттық. Өйткені екі тарап өзара келісімге келді» — деді Думан Әбеуов, Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары. Думан Әбеуовтың сөзінше, компания жұмыстан босаған әр азаматқа өтемақы төлеген. Еске сала кетейік, осыдан аз уақыт бұрын әлеуметтік желіде зауыт басшылығы алпысқа жуық қызметкердің қолын алдап қойғызып, кейін жұмыстан босатып…
CaspianLife, 17 қаңтар — Қырғызстанда үскірік аяздан ыстықкөл қатып қалды, деп хабарлайды CaspianLife. Мұндай жағдай бұрын соңды болмаған. Судың табиғи жылуы мен тереңдігі байланысты көл ешқашан қатпаған екен. Қазір елдің солтүстігінде аяз күшейіп, ауа температурасы -30 градустан асып кеткен. Айта кетейік, Ыстықкөл әлемде тереңдігі бойынша жетінші, ал көлімі бойынша оныншы орында. Каспий теңізінен кейін екінші тұзды көл болып есептеледі. Жергілікті тұрғындар мұзды ыстықкөлді бірінші рет көріп отыр. «Демалыс күндері қатты суықтан көл қатып қалды. Мұз жағадан көлдің ортасына дейін шамамен 150 метрге жеткен. Кей жерінде мұздың қалыңдығы 1,5 метрге жетті. Біз мұндайды ешқашан көрмегенбіз, бұл біз үшін жаңа құбылыс» -…
CaspianLife, 17 қаңтар — Өзбекстанның жылу жүйесіндегі күрделі проблемалар бірқатар шенеуніктің қызметтен кетуіне себеп болды. Энергетика министрінің орынбасары мен Ташкент әкімі бүгін орындарын босатты, деп хабарлайды CaspianLife. Тағы бірнеше аудан басшысы Президенттен қатаң сөгіс алып, қызметтері төмендеді. Көршіміз кейінгі 80 жылда болмаған қысты өткеріп жатыр. Соның салдарынан энергетикалық орталықтар қаланы жылумен қамтамасыз ете алмауда. Шенеутіктер табиғи құбылысқа уақытылы әзірлік қылмаған. Ташкентте электр қуатын тұтыну көлемі сағатына 250 млн киловатқа жетті. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Электр желілеріне ауыртпалық артып, жиі істен шығып жатыр. Тұрғындар пәтерде қосымша жылыту құралдарын қолдануға мәжбүр. Үйлерде түнгі ауа температурасы тек 10 градусты көрсетеді. Шавкат Мирзиёев Өзбекстанның…
CaspianLife, 17 қаңтар — Қытай жексенбі күні «Чанчжэн-2D» зымыран-тасығышының көмегімен ғарышқа 14 жаңа спутникті ұшырды, деп хабарлайды CaspianLife. Құрамында «Цилу-2» мен «Цилу-3» бар жаңа спутниктер Солтүстік Қытайдың Шаньси провинциясындағы Тайюань ғарыш айлағынан Бейжің уақытымен 11:14-те ұшырылды. Барлық спутник белгіленген орбиталарына жіберілді. «Цилу-2» мен «Цилу-3» дегеніміз — мүмкіндігі жоғары оптикалық спутник және екіншісі Жерді бақылауға арналған оптикалық бейнелеу құрылғылары бар кең жолақты оптикалық спутник. Олар Қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясына жер ресурстарын, ауыл және орман шаруашылығын зерттеу, қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ табиғат апаттарының алдын алу мен олардың салдарын жеңілдетуге қашықтан зондылау қызметін ұсынады. Айтып өткен спутниктер орбитадағы «Цилу-1», спутнигімен бірлесе жұмыс істейді.…
CaspianLife, 16 қаңтар — Маңғыстаулық блогер Азамат Сәрсенбаев ақ қар, көк мұзға оранған Каспий теңізінің видеосын жариялады, деп хабарлайды CaspianLife. Дронмен түсірілген мына бейнекадрлардан теңіз бен жағалаудың «Жартасты соқпақ» жақтағы бөлігін көруге болады. CaspianNews телеарнасына сұхбат берген видео авторы оның 16 қаңтар күні түсірілгенін айтады. Азамат Сәрсенбаевтың сөзінше теңіздің жағалаудан бастап бірнеше метрге дейін қатып қалуы – сирек кездесетін жайт. Тіпті кей жерлердегі мұз қабаты жүздеген метрге жетіп қалатын көрінеді.
CaspianLife, 16 қаңтар — «Аманат» партиясы тұрғындардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Құқықтық көмек» жобасын іске қосты, деп хабарлайды CaspianLife. Пилоттық жоба алғаш болып Атырау облысында қолға алынды. Бұл бастама негізінен шалғай аудан тұрғындарына арналған. Жоба аясында Абзал Құспан Исатай, Индер, Мақат, Жылыойдың және Атырау қаласының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Оның айтуынша, әсіресе аудан халқының жеке сот орындаушыларына қатысты шағымы көп. «Қарапайым мысал, 5 баласымен ажырасып кеткен азаматша жолықты. Жеке сот орындаушы қазір борышкерді не іздемейді, не түсініктеме алмайды, оған қатысты шаралар қолданбайды, ешқандай әрекет жасамайды. Ал, не істейсіз?! Ал, мемлекеттік сот орындаушылары болса, басшыларына шағымданады. Олар өз…
CaspianLife, 16 қаңтар — Облыс орталығында тұрып жатқан аз қамтылған отбасыларға берілетін тұрғын үй көмегін көрсету ережелеріне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды CaspianLife. Енді өз үйінде тұрақты тіркеуде тұрған және мемлекеттік тұрғын үйлерді жалдап жүрген жанұялардың коммуналдық төлемдерінің бір бөлігін мемлекет өтейді. Нақтырақ айтқанда, әуелі отбасының айлық кірісінің 5 пайызы анықталады. Кейін коммуналдық шығындардың жалпы сомасынан кірістің 5 пайызы алынып тасталады. Мысалы, аз қамтылған отбасының айлық кірісі 85 мың теңге делік. Оның 5 пайызы 4250 теңге. Ал сол отбасы ай сайын коммуналдық қызмет үшін шамамен 6200 теңге төлеп отыр. Осы сомадан жалпы кірістің бес пайызы немесе 4250 теңге алынып тасталады. Қалған…
