CaspianLife, 6 қаңтар — Жыл сайын қымбаттаса да, қазақстандықтардың тарапынан көлікке тағылатын вип нөмірлерге деген сұраныс жоғары. Ал оның бағасы айлық есептік көрсеткішпен тікелей байланысты екендігі белгілі. Биылғы бір айлық есептік көрсеткіш 3450 теңге болып бекітілді, деп хабарлайды Caspian Life. Яғни, осы жылы әдемі нөмір алғысы келетіндердің бұрынғыдан артығырақ шығындануына тура келеді. Мәселен, айналы нөмір немесе әріп комбинациясын бірдей қып алғыңыз келсе 196 650 теңге төлеу керек. Ал осы нөмірлердің қасындағы әріптер де бірдей болсын десеңіз, 393 300 теңге төлеуіңіз қажет. Үш саны да бірдей немесе соңы 00-мен аяқталатын нөмірлердің бағасы 470 мың теңгеден асады. Осы сандардың қасындағы әріптер де…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 6 қаңтар — Индерлік шаруалар төрт түліктеріне су тауып бере алмай отыр, деп хабарлайды Caspian Life. Каналдар қатып қалған. Түйе мен сиырдың және жылқы малы Бағырлай, Алғабас-Жорық каналдарын жағалап, тіршілік нәрін іздеп жүр. Амалдың жоқтығынан малшылар өздері үкі ойып, мәселені шешуге тырысып-ақ жатыр. Бірақ, одан шыққан су жан-жақтан анталаған малдың жұмырына жұқ болар емес. Әрі каналдарға кезінде айдалған су деңгейі де төмен түсіп кеткен. Аудан басшысы Дарын Шамұратов су жетіспегенмен, одан қырылып жатқан мал жоқ дейді. Қазір «Қазсушар» мекемесімен бірлесіп, қажетті жұмыс жасалып жатқан көрінеді. Индер ауданында ресми түрде 320 шаруа қожалығы тіркелген. Оның 60-қа жуығына қарасты төрт түлік…
CaspianLife, 6 қаңтар — Биылдан бастап Атырау қаласына қарасты ауылдық округ басшылары санитарлық тазалық жұмыстарына тікелей өздері жауапты болады. Қаражат та өз бюджеттерінен бөлінуі тиіс. Нақты айтқанда жол жиегін, тротуарлар мен көгалдарды қоқыстан тазалау, көлік тоқтайтын жерлер мен павильондарды күтіп ұстау, жуу, сондай-ақ қоқысты полигонға жеткізу секілді шаруа ауыл әкімдерінің мойнында, деп хабарлайды Caspian Life. Бұл жұмыстармен осы уақытқа дейін қала әкімдігі айналысқан еді. Жергілікті әкімдік былтыр Дамбы, Алмалы, Еркінқала, Қайыршақты, Кеңөзек ауылдық округтеріне қар тазалайтын арнайы құрылғысы және тіркемесі бар 5 трактор алып берген. Бұл үшін 119 милион теңге жұмсапты. Естеріңізге салайық, жуықта өткен қалалық мәслихат сессиясында қала әкімі…
CaspianLife, 6 қаңтар — Атырауда 8 қаңтардан бастап күн күрт суиды. Оған арктикалық антициклонның біздің елімізге қарай ойысуы себеп, деп хабарлайды Caspian Life. Соған байланысты облыстың солтүстігі мен солтүстік шығысында тұман түсіп, Индер, Қызылқоға аудандарында қар жаууы мүмкін. Аймақтың басым бөлігінде түнде ауа температурасы -15 градустан -27 градусқа дейін, кей жерлерде -31 градусқа дейін төмендейді деп болжайды мамандар. Күндіз сынап бағанасы -15 пен – -18 градус аралығында болады. Ал желдің екпіні секундына 9-20 метрге дейін жетуі мүмкін.
CaspianLife, 6 қаңтар — Маңғыстаудағы «Қошқар ата» қалдықтар қоймасын қалпына келтіру жұмыстары тағы да тоқтатылды, деп хабарлайды Caspian Life. 2015 жылы билік тарапынан қолдау тауып, бюджеті бекітілген жоба арада алты жыл өткенде қолға алынған еді. Оны игеруге 15 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Бірақ бұл соманың небары бір миллиарды жұмсалған соң жұмыс тұрып қалды. Осы қаражатқа 4 мың гектардан астам жердің 266 гектары тазаланды. Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғатты қорғау басқармасындағылардың сөзінше, мемлекеттік сараптама орталығы жобаны жүзеге асыруға берілген оң шешімді жоққа шығарған көрінеді. «Мемлекеттік сараптама орталығынан хабарлама алдық. 19 тамызда жасалып, түзетілген жоба өз күшін жойды. Осыған байланысты…
CaspianLife, 5 қаңтар — Шетелдік көліктерді заңдастыру процесі 20 қаңтарда басталады. Бұл Атырау облыстық полиция департаментінің өкілдері хабарлады. «Жол қозғалысы туралы» заңға енгізілген өзгерістерге президент Қасымжомарт Тоқаев өткен айдың аяғында қол қойған еді. Шет елден әкелінген темір тұлпарларды тіркеу электрондық үкімет порталы арқылы немесе мамандандырылған ХҚКО-да жасалады. Заңдастыру рәсімі 1 шілдеге дейін жалғасатын болады. Автокөліктерді тіркеу үшін 200 мың теңге көлемінде бастапқы алым төленуі тиіс. Оларды заңдастыру кезінде экологиялық класы мен шығарылған жылы есепке алынбайды. Алайда, 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінгендер заңдастырылмайды. Қазақстан аумағына кіргізілген шетелдік көліктердің саны туралы нақты дерек жоқ. Бірақ, былтыр 1 қыркүйекке дейін 300 мыңнан…
CaspianLife, 5 қаңтар — Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиева қызметінен босатылды, деп хабарлайды Caspian Life. Оның үстінен Атырау облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшылығы қала әкіміне шағым түсіріпті. Сол бойынша қала әкімі аппараты қызметтік тергеп-тексеру жүргізіпті. Мемлекеттік қызметте жүргеніне 30 жылға жуықтаған Нұрлы Хабиеваның іс-әрекеті әдеп кеңесінің отырыстарында жиі талқыланатын. Оған «дөрекілік танытты» деп өзінің қарамағындағы қызметкерлерінің, көп балалы аналардың жиі арыз жазуы себеп. Былтырдың өзінде Хабиева ханым кеңестің талқысына екі рет түсіп, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы тәртіптік жаза алған еді. Қазір бөлім басшысының міндетін оның орынбасары Анар…
CaspianLife, 5 қаңтар — Былтыр некені тіркеуді күту уақыты он бес күнге дейін қысқарған соң Атырауда 1384 жұп ерлі-зайыпты атанған, деп хабарлайды Caspian Life. Ал, бұрын жастар тиісті куәлікті қолдарына алғанша бір ай өтетін. Әділет министрлігі мұндай өзгерісті енгізу арқылы некені тіркеу процесін жеңілдетуді, жұбайларға тиімді қылуды көздепті. Дегенмен, жүктілік болса, дүниеге бала келсе, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнсе және басқа да жағдайлар болып жатса, тіркеуші орган бастығының шешімімен неке 15 күнге дейін қиылуы мүмкін. Бірақ мұның барлығы құжат жүзінде расталуы тиіс.
CaspianLife, 5 қаңтар — Атыраулықтар нан бағасының бірден 10 теңгеге қымбаттағанына реніш білдіруде. Олар бұған дейін ас атасының бір данасын 105 теңгеге сатып алып келсе, қазір оның құны 115 теңгеге дейін жеткен, деп хабарлайды Caspian Life. Халық онсыз да тамақ бағасы бет қаратпай тұрғанда, нан бағасының өсімі жығылған үстіне жұдырық болып отыр дейді. Бағаның қымбаттағанын сатушылар да жоққа шығармады. «Жеткізушілер 30 желтоқсаннан бастап нан бағасын көтеретінін айтты.Сондықтан біз де бағаны көтердік. Бұрын олар нанды 100 теңгеден сататын бізге, енді 110 теңге қылды. Үстіне қосатынымыз сондағы бес теңге. Бағаның бұлайша аяқасты көтерілуіне не себеп екенін білмеймін», — дейді сатушылардың бірі. Жағдайдың…
CaspianLife, 5 қаңтар — Жайық өзенінің бетіндегі мұз ойылып, екі әуесқой балықшы суға түсіп кетті. Оқиға бүгін түскі он бірлер шамасында Жұмыскер-Балықшы автомобиль көпірінің тұсында болды, деп хабарлайды Caspian Life. Спиртті ішімдік ішкен екеу жағадағы тыйым белгісіне қарамастан, балық ауламаққа мұз үстіне шығады. Куәгерлер бірден полиция мен құтқарушыларға хабар беріпті. Оқиға орнына жедел жеткен олар 48 жастағы азаматты құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ал, 47 жастағы тұрғын әлі де іздестірілуде. Құтқарушылар күннің жылып кетуіне байланысты өзен бетіндегі мұз қалыңдығының жұқарғандығын айтып, тұрғындардың сақ болуы керектігін тағы да ескертеді. «Күн райының жылуына байланысты мұздың қалыңдығы 26 сантиметрден 17-смге дейін жұқарды. Мұндай…
