Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 5 қаңтар — Мәжіліс депутаттарының биылғы алғашқы отырысы қаңтар құрбандарын еске алумен басталды. «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының қаңтар оқиғасына қатысты сауалына еліміздің бас прокуроры Берік Асылов пен ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жауап береді, деп хабарлайды Caspian Life. Берік Асыловтың сөзінше ескертусіз оқ ату президент бұйрық бермей тұрып жүзеге асырылған. «Алғаш рет күштік құрылымдар оқты 5 қаңтар күні сағат 16:00-де президент резиденциясын қорғау кезінде атқан. Ары қарай қару полиция, әкімдік және өзге де нысандарға жасалған шабуылдарға тойтарыс беру үшін, яғни тәртіпсіздіктер зорлық көрсету кезеңіне өткен кезде пайдаланылды», — дейді еліміздің бас прокуроры. Берік Асыловтың сөзінше, төтенше жағдай және антитеррористік…

Read More

CaspianLife, 21 желтоқсан -Биыл мектептер мен балабақшаларда жаңа жылдық ертеңгіліктер ұйымдастыруға рұқсат етілді. Өйткені өңірдегі эпидахуал тұрақты, ешқандай шектеу жоқ. Мұны Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы айтты, деп хабарлайды Caspian Life. Дегенмен ол білім беру ұйымдарында өтетін жаңа жылдық кештер үшін қаражат жинауға қатаң тыйым салынатынын айтады. «Аниматорлар мен фотографтарды шақырып, ақша жинауға қатаң тыйым салынады. Бұл барлық мектептер мен балабақшаларға ортақ талап», — дейді облыстық білім беру басқармасының басшысы Гүлнара Сәдуақасова. Қаладағы білім беру ұйымдарында жаңа жылдық ертеңгілік 29 желтоқсан күні кешкі сағат төрт пен жетінің арасында өтеді.

Read More

CaspianLife, 21 желтоқсан — «Самал» ықшам ауданындағы жиырма бірінші көше енді ұлы отан соғысының ардагері Олжас Сұлтанғалиевтің есімімен аталады, деп хабарлайды Caspian Life. Ардагердің аты берілген көшенің салтанатты түрде ашылуына қала әкімдігінің өкілдері мен оның туыстары қатысты. «Біз әкемізді мақтан тұтамыз. Ол өте адал әрі шыншыл адам болатын. Бізді де солай тәрбиеледі. Әкем ұлы отан соғысы аяқталғанннан кейін де шаруашылықты дамытуға көп үлес қосты. Партияда лауазымды қызметтер атқарды. Егер ол қазір арамызда болғанда жасы жүзге жетер еді», — дейді О.Сұлтанғалиевтің ұлы Гельман Сұлтанғалиев. Олжас Сұлтанғалиев 1922 жылы сол кездегі Гурьев облысының Балықшы кентіне қарасты Еркінқала ауылында дүниеге келген. Майданнан оралған…

Read More

CaspianLife, 20 желтоқсан — Атырауда қала тұрғындары мен Қазақ саңыраулар қоғамының балаларына арнап «Сиқырлы шырша шамдары» атты қайырымдылық концерті өтті, деп хабарлайды Caspian Life. Оларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлауды жөн көргендердің қатарына «Светоч-Атырау» славян этно-мәдени бірлестігі, «Вершина» орталығы және «Шаттық», «Камелия» фольклорлық ансамбльдері бар. «Біз балаларға арналған осындай іс-шараларды жыл сайын ұйымдастырамыз. Биыл да бағдарламаны 3-4 айда дайындап, қойып отырмыз. Сахнаға шыққан Шаттық би ансамблінің қыздары 4 жасынан бері сахнада жүр. Ал қойылым қойған балалар жаңадан бастаған актерлар»,- дейді «Вершина» орталығының көркемдік жетекшісі Татьяна Капуова. Балалар концертке ата-аналарымен бірге келіпті. Кішкентайлар мерекелік бағдарламаға белсене ат салысып, мәз мейрам болып жүрсе,…

Read More

CaspianLife, 20 желтоқсан — Атырауда ерекше балалар мен «Шаңырақ» балалар ауылының тәрбиеленушілеріне арналған жаңа жылдық ертеңгілік өтті, деп хабарлайды Caspian Life. Оған барлығы 200-ге жуық бала қатысып, тек қойылымды тамашалап қоймай, әртістердің кейбір іс-әрекеттерін қайталады. Танымдық ақпараттарға қанықты. «Көбіне ауыр диагнозы бар балалар мұндай мерекелік шараларға қатыса алмайды. Бүгін «Жібек жолының» шақыртуымен үйде отырған көптеген балалар келіп, керемет эмоция алып жатыр. Ата-аналары да дән риза», — дейді қала тұрғындарының бірі Гүлжан Құсайынова. Қойылымнан кейін балалар жаңа жылдық шыршаның шамын жағуға қатысып, Аяз Ата-Ақшақармен суретке түсіп бір жадырап қалды. «Жібек жолы» өнер орталығының жетекшісі Әйгерім Хожаева бұл шараға екі ай көлемінде…

Read More

CaspianLife, 20 желтоқсан — Атырауда жылды жемісті қорытындылап, бизнесті дамытуға үлес қосқан кәсіпкерлер марапатталды. «Жыл кәсіпкері» байқауына қатысуға 120-дан аса бизнесмен өтініш білдірген, деп хабарлайды Caspian Life. Солардың ішінде Ұлболсын Ерубаева «Үздік сәтті старт» номинациясын, Нұркен Ғайдаров «Үздік қызмет саласы» номинациясына ие болса, «Үздік әйел кәсіпкер» атағына Бибігүл Ізбасова лайық деп танылды. «Үздік отбасылық бизнес» номинациясы қызылқоғалық Серік Ажайпов, «Үздік сауда саласы» жүлдесі Әлішер Таңатарұлына табысталды. Ал «Үздік өндіруші» номинациясы махамбеттік Қоныс Ермановқа, «Жыл кәсіпкері» атағы Гүлнар Жолмұхановаға, «Туризм саласының үздігі» деген марапат Гүлжан Күзекешеваға, «Үздік жас кәсіпкер» атағы Азамат Хабибуллинге берілді. «Бағалайтын комиссия тек тәжірибелі кәсіпкерлерден құралды. Жеңімпаздарды әлеуметтік…

Read More

CaspianLife, 20 желтоқсан — «Тәуелсіздік – аманаты бабамның». Мерекеге орай құрылғанына енді бір ай толған «Жайдарман» әжелер ансамблі «Береке» ауылындағы мәдениет үйінде концерт қойды, деп хабарлайды Caspian Life. Олар «Сусамыр», «Сәулем ай», «Жайдарман» секілді халық әндерін бірінен соң бірін орындап, жиналғандардың көңілін сергітіп-ақ тастады. Мерекелік іс-шараға ауыл өнерпаздары да ат салысты. «Мен өзім бұрын мәдениет үйінде жұмыс істедім. Мұндай шаралардың жас ұрпақтың тәрбиесінде өз орны бар. Жастарды осылай өнерге баулу қажет», — дейді «Жайдарман» әжелер ансамблінің мүшесі Қарашаш Зейноллақызы.

Read More

CaspianLife, 20 желтоқсан — Атырауда жүргізушіні жаяу жүргінші қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Caspian Life. Полиция департаментінің хабарлауынша, 19 желтоқсан күні сағат 21:50 шамасында Әуезов көшесі, 52а үй тұсында көлік жүргізушісі 48 жастағы азаматты қағып кетті. Өкінішке қарай, зардап шеккен ер адам оқиға орнында қаза тапты. Полицейлер мемлекеттік белгісі мен маркасы белгісіз көлікті іздеп, Стаханов көшесінде орналасқан гараждардың арасынан Mercedes Benz көлігін тапты. Кейін 34 жастағы жүргузішінің мас күйде көлік айдағаны анықталды. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен және 347-бабымен Атырау қалалық Полиция басқармасының №1 полиция бөлімінің қылмыстық іс тіркеліп, жедел тергеу тобымен тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті…

Read More

CaspianLife, 19 желтоқсан — Тәуелсіздік мерекесіне орай Дамбы ауылдық округінде спорт және ойын алаңы пайдалануға берілді. Қос нысанның ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты, деп хабарлайды Caspian Life. «Мемлекет тарапынан еліміздің дамуына, балаларымыздың салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында бүгін Тәуелсіздік күніне орай спорттық алаң мен балалар алаңы тарту етілді. Балаларыңыз талай жетістіктерге жетсін деп тілеймін», — деді қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов. Футбол десе ішкен асын жерге қояр ауыл балалары мен жастары енді су жаңа әрі сапалы көгал үстінде доп қуалайтын болды. Алаңның аумағы ат шаптырым. Соңғы кездері қалада және оның…

Read More

CaspianLife, 19 желтоқсан — Атырауда қолөнершілер орталығы ашылды. Мұнда әзірге жергілікті 15 шебердің жұмысы қойылған, деп хабарлайды Caspian Life. Орталықтағылардың сөзінше, алға қарай олардың қатары одан әрі артуы мүмкін. Өйткені кез келген қолөнершінің осы жерге өз туындысын қойып, көрме ұйымдастыруына мүмкіндік бар. «Ашылу салтанаты Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұнда атыраулық шеберлердің қолөнерлері қойылған», — дейді қолөнерші Оғаша Қарашева. Орталық өкілдері қолөнер шеберлері үшін таптырмас алаң ашылғанын айтып қуанышты. Себебі таланттардың басын біріктіретін арнайы орынның қажеттігі туралы көптен айтылып жүрген. Ол жоспар орындалды. Енді тек біріге отырып жоспарларды жүзеге асыру ғана қалды.

Read More