Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 14 желтоқсан — Атырау қалалық перзентханасы шала туған нәрестелерді қарқынды түрде емдеуге арналған замануи құрал жабдықпен толықты, деп хабарлайды Caspian Life. Инкубатор және ашық реанимация жүйесі мыңдаған нәрестенің өмірін аман алып қалуға көмектеседі дейді дәрігерлер. Патология бөліміне жылына 270-тен астам шақалақ түседі. Ал жаңа технология олардың тезірек қатарға қосылуына ықпал етпек.Медициналық жабдықтарды сатып алуға BAYER Казахстан компаниясы көмектесіпті. Олар қайырымдылық қорына 9,5 млн теңге аударған. «Жоба «Өмір сыйлайық» атты үлкен бағдарлама аясында жүзеге асты. Қордың осы бағытта жұмыс жасап келе жатқанына 15 жыл. Мақсатымыз перинаталдық орталықтарды реанимациялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету», — дейді «Аяла» қайырымдылық қорының вице-президенті Наталья Еськова. Қазіргі…

Read More

CaspianLife, 14 желтоқсан — Теңіз кенішіндегі болашақ кеңею жобасы, яғни үшінші буын зауытын 2024 жылдың бірінші, ал ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасын 2023 жылдың екінші жартысында іске қосу жоспарланып отыр. Қазіргі кезде үшінші буын зауытының құрылысы 95 пайызға аяқталған. Іске қосылғаннан кейін жылына 12 миллион немесе тәулігіне 260 мың баррель мұнай өндіріп, мың адам жұмыспен қамтылмақ, деп хабарлайды CaspianLife. Ал болашақта кеніштегі үш зауыттың қара алтынды өндіру көлемі бір жылда 39 миллион тоннаға жетпек. Мұндай мәліметтер компания ұйымдастырған баспасөз туры кезінде айтылды. Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасына кеңірек тоқталсақ. Бұл жоба ұңғымадағы қысымды төмендету болмаса көтеру арқылы зауыттарды толық қуатта…

Read More

Caspianlife, 14 желтоқсан — Биыл Атырау облысындағы 14-17 жас аралығындағы 600 оқушы «Кәсіптік бағдарлау – болашағыңды таңда да, басқар» жобасына қатысып, мамандық таңдауға бағыт алды, деп хабарлайды Caspianlife. Жуықта жобаның 5 легі қорытындыланып, оған қатысқан 200 оқушыға сертификат берілді. Жылдың соңғы легіне қатысқандардың арасында «Шаңырақ» отбасы үлгісіндегі балалар ауылындағы 15 бала мен 4 ерекше оқушы да бар. Онлайн өткен марапаттау рәсіміне «Теңізшевройл» компаниясының өкілдері, жоба тәлімгерлері, оқушылар мен олардың ата-аналары қатысты. Барлығы келешек ұрпақтың маңызды таңдау жасауына ықпал ететін жобаға қатысқандарына дән риза. «5-потокты аяқтаған оқушылардың бірімін. Жобаға көптеген ақпараттар берді. Көптеген тренингтар өтті. Тренингтердің маған берген пайдасы өте көп.…

Read More

CaspianLife, 14 желтоқсан — Жылыойда 25 қараша – 10 желтоқсан аралығында «Зорлық – зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Акцияның негізгі мақсаты — зорлық-зомбылықтың жолын кесуге ықпал ететін іс-шаралар туралы халықты ақпараттандырып, олардың полицияға деген сенімін арттыру және отбасы құндылықтарын насихаттау. «Акция барысында халық көп шоғырланған жерлерде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сенім телефоны көрсетілген жадынама таратылды», — дейді Жылыой аудандық ПБ ЖПҚ бөлімшесінің аға инспеткоры Рысты Мұханова.  Акция аясында 30-ға жуық іс-шара ұйымдастырылып, 870 адам қамтылған. Ауданда былтыр зорлық-зомбылыққа қатысты 446, биыл 383 дерек тіркеліпті.

Read More

CaspianLife, 14 желтоқсан —  Бұл туралы Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов «Индер ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы» туралы баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды CaspianLife. Есбол ауылында апатты жағдайдағы 320 орындық 1 мектептің және «Болашақ» мөлтек ауданындағы 300 орындық мектеп гимназиясы мен 200 орындық интернаттың құрылысы жүргізіліп жатыр. «Сапалы оқытуға қолайлы жағдай жасау үшін 30 млн 155 мың теңгеге 15 мектептің ішкі және сыртқы алаңы жарықтандырылды. Сонымен қатар, Қ.Есқалиев атындағы орта мектепке балалар тасымалдану үшін 10 млн 669 мың теңгеге автокөлік алынбақ,» — деді Д.Шамұратов.

Read More

CaspianLife, 14 желтоқсан — Бұл туралы Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов мәлім етті, деп хабарлайды CaspianLife. Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына 1957 азамат хабарласса, оның 1567-і жұмыспен қамтылды. Тұрақты жұмысқа тұрғандар 938 адам. Әлеуметтік жұмыс орындарына 101 адам, жастар тәжірбиесіне оқу бітірген 80 адам жастар тәжірбиесінен өтуге жолданды. Жастар тәжірибесін аяқтаған 26 адамның 16-і тұрақты жұмыспен қамтылған. «Ақылы қоғамдық жұмысқа 457 адам тартылды. Қоғамдық жұмысты аяқтаған 250 адамның 94-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар жаңа жоба шеңберінде алғашқы жұмыс орнына 9 адам, күміс жас жобасына 8 адам, ұрпақтар келісім шарт жобасына 1 адам жұмысқа жолданды. Жаңа бизнес-идеяларды іске…

Read More

CaspianLife, 13 желтоқсан — Атыраулық Ерлан Өтепов халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды CaspianLife. 10-11 желтоқсан аралағында Жапонияда парадзюдодан «TOKYO OPEN» халықаралық турнирі өтті. «Кодокан спорт» кешенінде ұйымдастырылған жарысқа 100-ден астам спортшы қатысты. «Бұл турнирдің қазақстандық парадзюдошылар үшін маңызы ерекше болғанын атап өткен жөн. Өйткені, мұндай халықаралық турнирде 2024 жылы Парижде өтетін паралимпиада ойындарына рейтинтік ұпай сарапқа түседі. Бұл жолы да солай болды. Ал рейтингтік ұпай турнир жеңімпазы мен жүлдегерлерінің деңгейін көтеру үшін аса қажет», — деді парадзюдодан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Наран Елшібаев. Жарыстың нәтижесі бойынша J1 санаты бойынша 90 келі салмақ дарежесінде Ерлан Өтепов қарсыласын жеңіп, алтын медальге…

Read More

CaspianLife, 13 желтоқсан — Бұл туралы Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов мәлім етті, деп хабарлайды CaspianLife.  Биыл Индер ауданында жалпы өнім көлемі 14 млрд 41 млн теңгеге жеткен. Бүгінде жалпы төрт түлік 155 мың 600 басты құрап, 3,5 пайызға өскен. Ірі қара мал 25 932, қой мен ешкі 112 842, жылқы 12 617, түйе 4 204 басты құрап отыр. «Ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі 13 мың 84 тоннаға жетті. Оның ішінде ет 5327 тонна, сүт 8245 тонна, жұмыртқа 324 мың дана өндірілді. Дақыл көлемі 50 гектарға немесе 3,3 пайызға артып, 50 шаруа қожалығы мен жеке секторды қоса алғанда барлығы 1630 гектар…

Read More

CaspianLife, 13 желтоқсан — Атырауда Mitsubishi Motors маркасының ресми автосалоны ашылды, деп хабарлайды CaspianLife. Дилерлік орталық жаһандық жаңа стандарттарға сай жаңғыртылған. Қасбеті мен ішкі кеңістігі де әдеттегідей фирмалық ақ, қара және қызыл түсті элементтермен көмкерілген. Орталық өкілдерінің айтуынша, автосалон өз тұтынушыларына жоғары деңгейде қызмет көрсетеді. «Біз тұтынушылардың сұранысын, оларға не қажеттігін жақсы білеміз. Толықтай жаңғырту жасап, барлық стандартты қарап шығатын боламыз. Тағы да айта кететін нәрсе бұл автомобильдер Жапониядан тікелей әкелінген. Ал жапондық көліктің сапасының қандай болатындығын бәрі біледі. Біз осы бреднті одан әрі дамытуға ниеттіміз», — дейді Eurasia Motor Atyrau Mitsubishi Orbis ЖШС директоры Темірлан АКИМОВ. Дилерлік орталықта Қазақстанда…

Read More

CaspianLife, 13 желтоқсан — «Амангелді» ЖШС-не тиесілі кеме Жайықтың Каспийге құятын сағасына жетпей тұрып қалды. Оған Кеңес кезінде кемелер өтуі үшін салынған каналдың таязданып қалуы себеп, деп хабарлайды Caspian Life. Қазіргі уақытта теңіздің астында 1 метр деңгейде су болса, оның 20 см-нде мұз қатып қалған. Енді мұнда «Амангелді» ЖШС-нің қызметкерлері осы кеменің ішіндегі жарақтарды, балықтарды, кеменің өзін де ауысыммен күзетуде. Өкінішке қарай, бұл кемені мұз ерігенге дейін шығару мүмкін емес. Қазір кеменің ішінде 6-7 тоннадай балық бар. Қызметкерлер кемені мұз қысып тастамауы үшін күні-түні мұз ояды. «Амангелді» кооперативінде осындай су көлігінің 4-еуі бар. Бұлардың біреуі істен шықса, кәсіпкерлік нысанына шамамен…

Read More