CaspianLife, 6 желтоқсан — Ақтаулықтар бір тәуліктен бері ыстық сусыз отыр. Қаладағы бірнеше шағын ауданда ауыз су мен жылу жоқ. Осы оқиғаға байланысты облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бірден 5 қызметкерге қатаң сөгіс жариялады. Олардың арасында облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Орынбасаров пен қала әкімі Ербол Ізбергенов және энергетика басқармасы мен «МАЭК» кәсіпорнының басшылары бар. Бірақ, шенеуніктер ұрыс естіді екен деп, түзеле қояр жағдай көрінбейді. Жауаптылардың «жұмыстарына немкетті қарайды» деген тұрғындардың пікірін аймақ басшысы да қостап отыр. Ол сондай-ақ, халықты алдамай, мәселенің себебін түсіндіру қажеттігін ескертті. «Халық артық сұрақ қоймасын деп, құр уәде берудің қажеті жоқ. Мәселеге жан-жақты қарау керек. Құрылғыларды енді…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 6 желтоқсан — «Нұрсая» ықшам ауданының 46, 47, 53 және 54 үй тұрғындары жылуға жарымай отыр. Олар жылудың тұрақты берілмейтініне наразы. Айтуларынша бірде бар, бірде жоқ. Болған күннің өзінде үй толықтай жылымайтын көрінеді. Оған қоса, ыстық су да жөнді берілмейді, деп хабарлайды Caspian Life. «3-4 күннен беру жылу сөніп қала береді. Шу шығарғаннан кейін барып жөндейді. Бірақ, кейін қайта өшіп қала береді», — дейді тұрғындардың бірі. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары жылусыз қалған үйлердегі құбырларды тексеріп, түк таппапты. Олар келгенде пәтерлердегі батареялардың жылуы қалыпты болып шықты. Ал, оның уақытша суып кетуіне тұрғындардың өздері кінәлі дейді әкімдіктен келгендер.…
CaspianLife, 6 желтоқсан — Атырауда 30 волонтер Азаматтық орталық мекемесі ұйымдастырған оқыту-семинарына қатысты, деп хабарлайды Caspian Life. Іс-шараның басты мақсаты – волонтерлар мен волонтерлік ұйымдардың бір-бірімен байланысын нығайту, олардың жұмысының тиімділігін арттыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, соңғы бір жылда жастардың мұндай тренингтерге қызығушылығы айтарлықтай артқан. «Осы шарадан кейін қатысқысы келетін волонтерлердің саны артты. Бірақ, біз тек 30 адамды қамти алатын болғандықтан, олардың арасынан түрлі салада үздіксіз еңбек етіп жүргендерді іріктеп алдық», — дейді «Азаматтық орталық» КММ маманы Ақбөбек Тәттібекқызы. Волонтерлар да мұндай семинар-тренингтің өткеніне дән риза. Өйткені, еріктілердің қатарында бірнеше жыл жүргендер көкжиекті кеңейтіп, білмегенді үйреніп, тәжірибе алмасу ешқашан артық етпейді деп…
CaspianLife, 6 желтоқсан — Атырауда Махамбет атындағы академиялық драма театрында Табылды Досымовтың шығармашылығына арналған концерт өтті, деп хабарлайды Caspian Life. Қазақтың тұңғыш бард ақынының әндерін тыңдауға келген халықтың қарасы көп болды. Концертте әншілер композитордың шығармаларымен қатар, оған арналған әндерді де орындады. Аудиторияны еріксіз тебірентіп әкететін бард ақынның шығармалары адамға рух беретін ерекше күшке ие дейді іс шарада өнер көрсеткен әншілер. «Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді. Классика деген жүрекке жеткен дүние. Сондықтан, Табылды – үлкен классик. Оның классиктігінде, оның шынайылығында, оның батырлығында, оның нағыз талант екендігінде. Табылды әндерінің құдіреті сонда», — дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықова. Ақынның шығармаларын сағынған…
CaspianLife, 6 желтоқсан — Атыраудағы 109 бірыңғай байланыс орталығына биыл 860 мыңнан астам арыз, шағым түсіпті. Және олардың 99,7 пайызы шешімін тапқан, деп хабарлайды Caspian Life. Мұндағы қызметкерлер халықтың өтінішін тек телефон арқылы емес, әлеуметтік желі арқылы да қабылдайды. «Инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілерінде бармыз. Сонымен қатар, 109 қысқа нөмеріне 24/7 тәулік бойы хабарласа алады. Хабарласқан әр тұрғынның қоңырауы жазылады. Орындалуға жолданады. Орындалуы бақыланады. Және кейін өтінім орындалып болғаннан кейін тұрғынмен кері байланыс орнатылады», — дейді 109 бірыңғай байланыс орталығының баспасөз хатшысы Гүлдәурен Тілегенов. Атыраудағы 109 бірыңғай байланыс орталығына биыл 860 мыңнан астам арыз, шағым түсіпті. Және олардың 99,7 пайызы шешімін…
CaspianLife, 6 желтоқсан — Атырауда 13 жасар жасөспірімді зорламақ болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Caspian Life. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Авангард ықшам ауданында ер адам Reno Duster көлігін заңсыз басқарып кетіп, көп қабатты үйлердің ауласына жасырынып, көлік ішіндегі 13 жастағы жасөспірімді зорлауға оқталған. Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел әрекет етуі нәтижесінде ол қылмысқа оқталу кезінде ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120 бабы 4 бөлігімен, яғни жасөспірімді зорлауға оқталу дерегі бойынша тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
CaspianLife, 6 қараша — Атырауда көлік ұрлап кеткен тұрғын қоқыс жәшігіне тығылып қалған. Жергілікті полицейлер күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Caspian Life. 5 желтоқсан күні уақыт 20:00 шамасында 49 жастағы азаматша «102» арнасына хабарласып, осыдан бес минут бұрын өзінің үйінің алдында оталып тұрған өзіне тиесілі маркасы Nissan Almera автокөлігін белгісіз адам белгісіз бағытқа заңсыз айдап әкеткені туралы хабарлады. Аталған хабарлама бойынша тәртіп сақшылары сергек бейнебақылау жүйесі арқылы автокөліктің Алиев көпіріне бағыт алып бара жатқанын анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама береді. Оқиға орнына жедел жеткен Батыс-15 қызметкерлері автокөлікті Махамбет-Сатыбалдиев көше қиылысында тоқтатқан кезде, күдікті полиция қызметкерлеріне бағынбастан автокөлікпен қашып кетеді. Бұнымен қоймай…
CaspianLife, 6 желтоқсан — Атырауда автокөлік көпірлерінің біріне жөнделуде, деп хабарлайды Caspian Life. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, Кеңөзек ауылдық округі Тасқала ауылында орналасқан автокөлік көпірінің жаяу жүргінші бөлігіне жөндеу жұмыстары жасалуда. Бұл жұмыстарды “СК Строй Гранд” мердігер мекемесі жүргізеді. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мамандары көпірдің екі жақ шетіндегі жаяу жүргіншілер жолдары апаттық жағдайда болғандақтына толықтай бұзылып, қайта салынатынын айтады. Сонымен қатар, жол жиегінде орналасқан бетондық қоршаулардың орнына жаңа темір қоршаулары орнатылады. Жөндеу жұмыстары биыл жыл соңына дейін аяқталып, қолданысқа беріледі деген жоспар бар, дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
CaspianLife, 5 желтоқсан — Атырауда Номад ММА-ден Қазақстан Республикасының кубогі өтіп, 200-ден астам спортшы бақ сынады, деп хабарлайды CaspianLife. Оның ішінде 150 адам Атырау өңірінен. Бапкердің айтуынша басты мақсат ұлттық құрама сапына енетін үздіктерді анықтау. «Бұл осымен үшінші рет өткізіліп тұрған шара. Мақсатымыз — атыраулық спортшылар арасында бәсекені күшейту», — дейді Номад ММА федерация бапкері Ибаргим Лұқпанов. Жарысқа Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, БҚ және Атырау облысының спортшылары қатысты. Олардың қай-қайсысы да алдағы уақытта әлемдік деңгейдегі сайыстарда үздік атанғылары келеді. «Жарыс жақсы деңгейде өтіп жатыр. Жылдан-жылға жаттықтырушылар мен олардың шәкірттері тәжірибелерін шыңдауда. Бұл спорт түрімен 2-3 жылдан бері айналысамын. Ал осы…
CaspianLife, 4 желтоқсан — Сырым Датов көшесінің тағы бір бөлігі қолданысқа берілді, деп хабарлайды Caspian Life. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сырым Датов көшесін қайта жаңғырту мақсатында Баймұханов көшесінен Құттығай батыр көшесіне дейінгі жалпы ұзындығы 1,5 шақырым тас жол пайдалануға берілді. Айта кетейік, аталмыш көше қайта жаңғыртылу үшін шілде айында жабылған болатын. Төрт жолақты жолдың жалпы ұзындығы 4,69 шақырымды құрайды. Атап айтсақ, жол жөндеу жұмыстары бірінші аумақ — “Азаттық даңғылынан бастап Қиғаш көшесіне” дейін, екінші аумақ — “Баймұханов көшесінен Абдрахманов көшесіне” дейінгі аралықты қамту жоспарланған еді. Жол құрылысын «Атырауинжстрой» мердігер мекемесі жүргізуде. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мамандарының айтуынша, жаңғырту…
