Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 3 желтоқсан — Ақтауда «МАЭК-Қазатомөнеркәсіптің» меншік иесі ауысты. Нақтырақ айтсақ, өңір халқын сумен және электр энергиясымен қамтып отырған энергокомбинат Маңғыстау облысы әкімдігінің балансына өтті. Осылайша шенеуніктер кәсіпорында қордаланып қалған мәселелерді шешпек ниетте. Бірақ компаниядағы 80 пайыз құрылғының тозып тұрғанын ескерсек, бұл оңай болмайын деп тұр. Ал оны жаңғыртуға ондаған миллиард теңге қажет. Бұған дейін облыс тұрғындары тариф өсіп кете ме деп қауіп қылып мемлекет басшысының атына петиция жазған болатын. Тарифті тағы да көтеру оның баламасына қолы жетпейтін тұтынушыларға қиындық әкелгелі тұр. Бұған өңір халқы мен орта және шағын бизнес өкілдерін жатқызуға болады. Және мұның соңы аймақтағы әлеуметтік шиеленістің күшеюіне…

Read More

CaspianLife, 2 желтоқсан — Биыл облыс орталығындағы көп қабатты тұрғын үйлердегі 14 лифт жаңартылды. Солардың қатарында Бауыржан Момышұлы көшесінде орналасқан №23,25 және 27 тұрғын үйлер де бар. Бұған тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы арқау болып отыр. «Осында көшіп келгеннен бері ескі лифтті қолданып жүрдік. Ол бір күн жасайды, бір күні бұзылады. 18 жылдан кейін ауыстырып жатқандарына рахмет!», — деді қала тұрғындарының бірі Саламат Тілепбергенов. Енді тұрғындар әкімдіктен лифт тез тозбасы үшін карталық жүйені енгізуді сұрап отыр. «Жөндеу жұмыстарын жүргізген — «Лифтспецстрой» ЖШС мердігер мекемесі. Компания тұрғындардың өтініш бойынша жеделсатынынң ішінде заманға сай бейнебақылау…

Read More

CaspianLife, 2 желтоқсан — Маңғыстау облысындағы жалғыз жоғарғы оқу орнының оқытушылары баспанасыз қаламыз деп қорқып отыр. Олар өңірге осыдан 15 жыл бұрын білім сапасын арттыру мақсатында келген болатын. Сол кезде басшылық мамандарға берілген пәтерді кейін олардың өз аттарына жекешелендіруге уәде етіпті. Бірақ, уәде орындалмады. Сондықтан оқытушылар сотқа жүгінген. «Тұрғын үй комиссиясының төрағасы университет ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов. Бізге ешқандай жауап берілмеді. Бірақ, олар аппеляция беріп отыр», — дейді оқытушылардың бірі Роза Махамбетвова. Сот барлық деректі қарай отырып, оқытушылардың шағымын қанағаттандырып, шешім шығарды. «Директорлар кеңесі мен тұрғын үй комиссиясының шешімі заңсыз деп танылды. Сондай-ақ сот жауапкерге кеткен қателіктерді жоюды міндеттеді. Пәтерлер…

Read More

CaspianLife, 2 желтоқсан — Ақтауда бірнеше құрылыс компаниясының иесі жауапқа тартылды. Нақтырақ айтсақ, прокурорлар «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңды 5 компанияның бұзғанын анықтапты. Ал құрылысы бітпеген үйлерге миллиондаған қаржы салған тұрғындар наразылығын білдіруде. «Талдау барысында салымшылардың есебінен салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің бары анықталды. Құрылыс компаниялары әртүрлі тетіктерді пайдалана отырып, алдын ала сатып алу шарттарын жасайды. Ал мұндай әрекет оларды үлескер ретінде тарту болып саналады», — деді Маңғыстау облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры Нұрат Саматов. Тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді сату кезінде күдікті механизм қолданған ірі бизнес субьектілеріне салынатын айыппұлды көлемі азғантай болып шықты. Әр компания бар болғаны 300 АЕК…

Read More

CaspianLife, 2 желтоқсан — Атырауда Ерлан Сақтанов пен Сәлімгерей Садықовтың күй жинақтарының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Caspian Life. «Домбыраға арналған шығармалар» және «Домбырашылар ансамбліне лайықталып түсірілген күйлер» деп аталатын қос еңбек балалар музыка мектептері мен орта оқу орындарының оқытушылары және студенттеріне арналған. Жинаққа балалайка мен фортепианоның сүйемелдеуімен орындалатын орыс халқының әндері мен шетел композиторларының аспаптық шығармаларының домбыраға лайықталған нұсқалары енген. «Жалпы оқу орнында репертуар тапшы. Мектеп пен ЖОО бағдарламасын қамту үшін үш бағытта екі жинақты жарыққа шығарып отырмыз», — дейді жинақтың авторы Сәлімгере Садықов. Домбыраны дәріптеу, оны насихаттау мақсатында шығарылған жинақта 1 күй 4 дауысқа түсірілген. Оның ерекшелігі осында.…

Read More

CaspianLife, 1 желтоқсан — Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандар концерт берді, деп хабарлайды Caspian Life. 1 желтоқсан күні Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Мәдениет саласының қызметкерлері мен мүмкіндіктері шектеулі жандардың арасында «Біз бақытты жандармыз» қалалық фестивалі өтті. Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде өткен байқауға қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов қатысып, өнерпаздарға сәттілік тіледі. Шарада бойында рух, өмір мен өнерге деген құштарлық, таланты мен қайсарлығы алға жетелеген, әлемнің жылуын жүрегіммен сезе білген ерекше жандар кәсіби маман иелерімен бірге сахнада өнер көрсетті. Олар еркін және ретро стильдегі екі әннен шырқап, көрермендерді тәнті етті. «Фестиваль мәдениет саласының қызметкерлері мен мүмкіндіктері шектеулі жандардың арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, аталған…

Read More

CaspianLife, 30 қараша — Атырауда қоғамдық кеңесте бұралқы иттер мен қоқыс тарифі мәселесі қаралды, деп хабарлайды Caspian Life. Қазір қоқыс тарифі адам басына шаққанда 167 теңге. Ал арнаулы автобаза басшылары оны 569 теңгеге дейін өсіруді ұсынып отыр. Жиынға келгендердің бірі мұны қолдаса, бірі онсыз да қымбатшылықтан қажыған халықтың мойнына салмақ түсіріп қажет емес дейді. Ақыры қарашаның атынан шешім қабылдайтын кеңес мүшелері бұл мәселені тағы да талқылау қажет деп тоқтады. Ал шенеуніктер коммуналдық мекеменің шығынға батпасы үшін бағаны өсіру керек деген пікірде. «Біз қалалық мәслихатқа өз ұсынысымызды жолдадық. Ары қарай бір шешімге тоқталамыз. Біз халықтың әл-ауқатын да ескеретін боламыз. «Арнаулы автобаза»…

Read More

CaspianLife, 29 қараша — Құрманғазы ауданына қарасты аумақта мұнай төгіліп жатыр. Бұл кешеден бері әлеуметтік желіде желдей ескен ақпарат. Қара май төгілу фактісі аудан орталығынан 250 шақырым жерде орналасқан Сүйіндік ауылдық округіне қарасты «Ыдырыс» қыстауының маңында болыпты, деп хабарлайды CaspianLife. Тұрғындар мұны мұнай деп ойлйады. Жергілікті атқарушы органдар сұйықтық 50 шаршы метрге жайылған дейді. Ал экология департаментіндегілер аталған аумақта сынама алу жұмыстары жүріп жатқанын айтады. «Экология департаментінің мамандары арнайы шықты. Барып арнайы комиссия ретінде жергілікті полициямен және әкімшілікпен бірге сол орынды анықтап, факт бойынша мұнай қалдықтарының өлшеемін анықтайды. Және топырақтың сынамасын алады. Енді мұнай қалдықтарыбар ма жоқ па? қандай деңгейде деген…

Read More

CaspianLife, 29 қараша — 17 қараша күні Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында қалалық жас орындаушылардың «Жаңа толқын-2022» сайысы өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Қалалық жас орындаушылардың «Жаңа толқын-2022» сайысына 12 үміткер қатысып ереже шарттарына сай өнер көрсетті. Қазылар алқасы үміткерлердің өнерін сараптай келе, төмендегідей орындарды белгіледі. І дәрежелі дипломмен Халел Досмұхамедов атындағы Атырау Университетінің студенті Сюнгалиева Көрікті, ІІ дәрежелі дипломмен Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі студенті Меңдібай Мақпал, ІІІ дәрежелі дипломды Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі студенті Қали Жақсылық ,Құрманғазы мәдениет сарайының жас өнерпазы Аружан Ақшабаева және Арнайы дипломмен Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің студенті Бекболатұлы Аман иеленді.

Read More

CaspianLife, 29 қараша — Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы, Томарлы ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Мен елімді сүйемін» атты қалалық патриоттық ән сайысы өтті, деп хабарлайды CaspianLife. «Мен елімді сүйемін» қалалық патриоттық ән сайысын «Аққу» биімен Гүлдер би тобы ашып, сайысқа қатысушы үміткерлер таныстырылды. Сайысқа төрелік жасаған, қазылар алқасының төрайымы, мүшелері: Нұрмахан Жантөрин атындағы филормония көркемдік жетекшісі, Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаты, әнші Машкалиева Венера Рамазановна. «Дина Нұрпейісова атындағы халық музыка академиясы» Атырау музыка колледжінің ән салу мамандығының оқытушысы, Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаты Сапанов Айбек Сыралыұлы. Айман – Шолпан өнер студиясының басшысы, вокал…

Read More