Ақтауда университет оқытушыларының далада қалуы мүмкін — CaspianLife ақпараттық порталы
Воскресенье, 29 января, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақтауда университет оқытушыларының далада қалуы мүмкін

03.12.2022
Жаңалықтар, Қоғам, Құқық
0
Ақтауда университет оқытушыларының далада қалуы мүмкін

CaspianLife, 2 желтоқсан — Маңғыстау облысындағы жалғыз жоғарғы оқу орнының оқытушылары баспанасыз қаламыз деп қорқып отыр. Олар өңірге осыдан 15 жыл бұрын білім сапасын арттыру мақсатында келген болатын.

Оқи отырыңыз...

Тағы бір ақтаулықтың үстіне диван құлады

Тағы бір ақтаулықтың үстіне диван құлады

28.01.2023
Бибісара Асаубаева халықаралық турнирдің басты фаворитін жеңді

Бибісара Асаубаева халықаралық турнирдің басты фаворитін жеңді

27.01.2023

Сол кезде басшылық мамандарға берілген пәтерді кейін олардың өз аттарына жекешелендіруге уәде етіпті. Бірақ, уәде орындалмады. Сондықтан оқытушылар сотқа жүгінген.

«Тұрғын үй комиссиясының төрағасы университет ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов. Бізге ешқандай жауап берілмеді. Бірақ, олар аппеляция беріп отыр», — дейді оқытушылардың бірі Роза Махамбетвова.

Сот барлық деректі қарай отырып, оқытушылардың шағымын қанағаттандырып, шешім шығарды.

«Директорлар кеңесі мен тұрғын үй комиссиясының шешімі заңсыз деп танылды. Сондай-ақ сот жауапкерге кеткен қателіктерді жоюды міндеттеді. Пәтерлер қалдық құны бойынша жекешелендіру жолымен талапкерлерге берілуі тиіс. Шешім заңды күшіне әлі енген жоқ», — деді Ақтау қалалық №2 сотының судьясы Қуандық Акеров.

Алайда, ЖОО басшылығы сот шешімін орындауға асығар емес. Өйткені оқу орнының меншік түрі акционерлік қоғам болып ауысуы бұған мүмкіндік бермей тұрған көрінеді.

«Біз бұл ережелер бойынша жекешелендіруді жүргізе алмаймыз, себебі заңсыз болады. Сот шешімін дәл қазір орындайтын болсақ, бізде нақты механизм жоқ. Жекешелендіру туралы шешімді алқалы органның немесе құрылтайшының қайсысы қабылдайтынын да білмейміз. Әзірге бұл жағдай түсініксіз», — Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті ректорының кеңесшісі Сабыр Түменбаев.

Қалалық соттың шешімінен кейін университет басшылығы аппеляциялық шағым түсірген. Ал талапкерлер болса басшыларымыз уақыт созып жүр дейді. Оқытушылардың барлығының да ғылыми атағы бар, зейнет жасына жақындаған жандар. Егер университет басшылары сот шешімін орындамаса олар еңбектің зейнетін көрер шақта далада қалғалы тұр.

Тегтер: Caspianақтаужоомаңғыстаууниверситетүй
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.