CaspianLife, 29 қараша — Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамту басқармасының бөлім басшысы Гүлболат Аманғалиева мәлім етті, деп хабарлайды CaspianLife. Жұмыспен қамту шаралары мемлекеттік бағдарламалар негізінде іске асады. Мәселен, жұмыспен қамтылғандардың 795-і жастар, олар жастар практикасы арқылы қабылданған. Ал оқуын аяқтаған 100 студент «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасымен жұмысқа орналасып отыр. Сондай-ақ биылдан бастап іске асқан «Ұрпақтар келісім-шарты» және «Күміс жас» жобасы аясында 41 адам жұмыспен қамтылған. «Өткен жылмен қоса есептегенде осы уакытқа дейін 30 598 адам түрлі шаралармен қамтылып, уақытша және тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Ал биыл жалпы жұмыспен қамту орталықтарына 28 мыңнан аса адам жұмыс мәселесі бойынша хабарласты. Қазір оның…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 29 қараша — Атырауда «Дос жүрегін шекара бөле алмайды » атты халықаралық фестиваль жетінші рет өтті. Фестивальға Астрахань облыстық «Жолдастық» қазақ мәдениеті ұйымының өкілдері қатысты, деп хабарлайды CaspianLife. «Бұл біздің дәстүрлі фестивалімізге айналды, бүгін міне 7-ші рет өтіп жатыр. Соңғы рет 2017 жылы өткізген болатынбыз, пандемия кезінде үзіліп қалды, . Биыл тек Астрахань облысының делегациясын шақыртып отырмыз. Ондағы мақсат екі елдің достығын нығайту», — деді «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ләззат Жылқышиева. Іс-шара барысында қатысушылар Атырау және Астрахан облыстары халқының мәдени қарым-қатынасын және бейбітшілік пен келісімді нығайту жолындағы іс-шаралардың маңызын талқылады. «Атырау облысы мен көршілес Астрахань облысын көп жылдардан бері мәдени,…
CaspianLife, 29 қараша — Атырауда тұрғындардың қатысуымен «ploggіng» деп аталатын экологиялық акция өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Оған қатысқандар қолдарына бір-бір қап алып, жүгіріп жүріп, қоқыс жинады. Акцияға мемлекеттік қызметкерлер, студенттер, қоғам белсенділер қатысып, Жайық өзенінің жағалауын тазалады. «Киіз үй құрдық, кофе брейк ұйымдастырамыз. Сонымен қатар, бүгінгі шараның қатысушыларына мотивация ретінде , көп қоқыс әкелген командаға, яғни 1 орынға 50мың тг, 2 орын- 30мың, 3 орын- 20 мың секілді қаржылай сыйлық беріп жатырқ», — деді «Жас Отан» корпоративтік қорының координатары Бекарыс Закария. Тазалық акциясы командалық жарыс ретінде ұйымдастырылып, әр командада 5-10 адам аралығында болды. Ереже бойынша олар 1 сағат бойы қоқыс…
CaspianLife, 29 қараша — «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан Құрманғазы ауданы Нұржаудағы ауылішілік жол салу жұмыстары биыл аяқталады, деп хабарлайды CaspianLife. Нұржау ауылына кірме және ауылішілік автомобиль жолдарын тротуарымен қоса қайта жаңғырту жұмыстары 2020 жылы басталған болатын. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Атырау Жолдары» ЖШС-гі жүргізуде. «Нұржау ауылдық округінің 8 көшесіне, атап айтқанда 10 шақырымға асфальт төсеу және 3,3 шақырым жаяу жүргіншілер жолына құрылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған болатынбыз. Оның ішінде 7 шақырым жолға асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолы толығымен аяқталды. Қазіргі кезде жолдың 9 шақырымына негізгі төсемелерін төсеу жұмыстары аяқталып, қалған 1 шақырымға құрылыс жұмыстары жүруде. Жол құрылысы жұмыстарында инерттік…
CaspianLife, 29 қараша — №4 қалалық емханада «Өкпе, қуықасты безі ,асқазан және ұйқы безі қатерлі ісігінің алдын-алу мақсатында ашық есік күні өтті. Бұл күні өзінде жаман аурудың белгісі бар-жоғын анықтағысы келген тұрғындар еш кезексіз тексерістен өтті. Оларға онколог, уролог мамандар тегін кеңес беріп, кейін ултрадыбыстық зерттеу жасады және рентгенге жіберді, деп хабарлайды Caspian Life. «Халық көп келетін болған соң, кезект тұратын едім. Бүгін бәрі тез өтіп жатыр. Мамандар қатерлік ісік туралы толыө мағлұматтар беруде. Қалай алдын алу керек, қалай ем алу керектігі туралы айтып жатыр», — дейді қала тұрғындарының бірі Әлимұқан Баяуов. Мамандар медициналық тексеруден үнемі өту әртүрлі ауруларды ерте…
CaspianLife, 29 қараша — Аққыстау ауылы АТП ықшам ауданы тұрғындарының көп уақыттан бері қозғап жүрген тоқ желісінің мәселесі шешімін тапты, деп хабарлайды CaspianLife. АТП мөлтек ауданындағы ток желілер 1975 жылдары орнатылған. Содан бері бағаналар, желілері жаңартылмауына байланысты ауа райының қолайсыз күндері жарық жиі өшіп, электр қуаты әлсіреп, тұрғындар үшін қолайсыздықтар тудырып келген. Осы мәселені шешу мақсатында өткен жылы жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, аудандық құрылыс бөлімі арқылы тапсырыс беріліп, осы жылдың тамыз айында басталған жұмыстар, қараша айында аяқталып халық игілігіне беріліп отыр. «Жаңартылған ток желілерінің ұзындығы 4 шақырымға жуық. Жұмыстар Нарын, Б.Нсанбаев, Келте Нарын, Х.Ерғалиев, Е.Қазақстан, С.Сейфуллин көшелерін қамтыды. Жоба аясында С.Сейфуллин…
CaspianLife, 28 қараша — «Сарайшық» коммуналдық базары мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Caspian Life. Облыстық прокуратураның мәлімдеуінше,мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыс прокуратурасы активтерді қайтару бойынша жұмыстар жүргізуде. Соның ішінде құны 1,3 млрд теңге «Сарайшық» коммуналдық базары прокурордың актісі бойынша мемлекеттік меншікке қайтарылды, ол бұған дейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға жеке қолға берілген. Тексеру барысында өзіне қабылданған шарттық міндеттемелерді орындамау, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тежеу бойынша бұзушылықтар анықталды. 17.11.2022 жылы Атырау облыстық соты Атырау қаласы әкімдігінің прокурордың ұсынысы негізінде берілген талап-арызы бойынша сенімгерлік басқару шартын бұзу туралы шешім шығарды. Айта кету керек, бюджет қаражатына салынған базардың маңыздылығы…
CaspianLife, 28 қараша — Атырауда қабірлерге арналған жаңа жер бекітілді, деп хабарлайды Caspian Life. Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметінің таратқан ақпараты бойынша, жаңадан бекітілген жерде зираттар енді бірізділікпен салынатын болады. Атырау қалалық әкімдігі бекіткен жаңа зират орындарының бірі Атырау қаласы маңындағы Қызылбалық ауылында орналасқан. Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы айтып берді. «Тумақ бар жерде, өлмек бар. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының зираттарда бірізділікті қалыптастыру мақсатында қабылдаған арнайы құжаты бар. Ондағы мақсат – зираттарды шариғат талаптарына сай біріздендіру. Өйткені, қазіргі қауымдарға қарасақ, марқұмды құбылаға қаратып жерлеу тәртібінің аса сақталмағанын көруге болады. Әрі бейіттердің орналасу реті де дұрыс бола бермейді. Дұрысында…
CaspianLife, 28 қараша — Атыраулық студенттер мен оқушылар Ақтау қаласына тегін экскурсияға барып келді, деп хабарлайды CaspianLife. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәлімдеуінше, «Әуедегі бір күн» жобасы «Балалар жылына» орай Кәсіпкерлік және туризм басқармасы мен «Fly Arystan» әуекомпаниясымен жасасқан ынтымақтастық жөніндегі меморандумға сәйкес ұйымдастырылып отыр. Жоба шеңберінде аз қамтылған, көп балалы отбасылардың 9-10 сынып оқитын 30 оқушысы мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 1, 2 курс оқитын 50 студенті Ақтау қаласына экскурсияға барды. Экскурсия аясында оқушылар мен студенттер Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық өлкетану мұражайы мен Қ.Сыдиқов атындағы облыстық кітапхана тарихымен танысты. Сондай-ақ, Ақтау қаласының агротуризм нысандарына және қаланың көрікті жерлеріне саяхаттады. «Бұл жобаның…
CaspianLife, 28 қараша — Атырауда грек-рим күресінен 2008-2010 жылғы жасөспірімдер арасындағы облыстық біріншіліктің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды CaspianLife. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, аталмыш жарысқа Атыраудағы 4 спорт мектептерінің 60-қа жуық спортшысы 10 салмақ бойынша сынға түсті. «Додаға мықты спортшыларымыз қатысты. Бұл жарыс Қазақстан чемпионатына іріктеу болып табылады. Жеңімпаздар алдағы сайысқа жолдама алады», — деді аға жаттықтырушы Қайырбек Беріков. Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға облыстың грек-рим күресінен аға-жаттықтырушы Ербол Адилбаев және халықаралық дәрежедегі бас төреші Саламат Шыныбеков қатысты. Жарыстың нәтижесі бойынша 38 келі салмақта Наурызбек Темірғали, 41 келі салмақта Нұрислам Алиев, 44 келі салмақта Максут Кете, 48…
