CaspianLife, 23 қараша — Атырауда көпқабатты үйлердің біріндегі жертөлеге рұқсатсыз жөндеу жұмыстарын жүргізген. Бұл туралы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Бейбарыс даңғылында орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындары басқармадан жертөледе жүріп жатқан жөндеу жұмыстарының заңдылығын тексеруді сұрапты. Тексеріс нәтижесінде, жөндеу жұмыстарын жүргізген азаматтың рұқсат қағазы жоқ екендігі анықталды. Нәтижесінде Департамент «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 316 және 322 баптарының 1 бөлігімен әкімшілік хаттама жасалып, 459 450 теңге әкімшілік айыппұл салды. Сонымен қатар, нысан иесіне рұқсат құжаттарын және тұрғындардың келісімін алғанға дейін құрылыс жұмыстарын тоқтату туралы шешім шығарылды.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 23 қараша — Атырауда ғимараттардың қабырғасындағы есірткі жарнамалайтын граффитилерге қарсы күрес күшеюде. Бұл істе еріктілер де белсенділік танытуда. Мысалы, олар күні кеше ықшам аудандардың бірінде орналасқан гараждардағы граффитилерді арнайы бояудың көмегімен кетірді, деп хабарлайды Caspian Life. «Көбіне тұрғындар осыған байланысты шағым түсіреді. Сондықтан, осы шараны қолға алып, іске асырып жатырмыз. Бұған дейін осындай грффитилердің 11-і өшірілді. Бұл шара ары қарай да өз жалғасын табады. Ал, бүгін осы шағын ауданға келіп 30-дан астам граффитидің көзін жойдық», — дейді Атырау қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Асылхан Төлеген. Жалпы жыл басынан бері қала аумағында есірткіні жарнамалайтын 230-дан астам граффити жойылған. Дилерлер граффитилерді…
CaspianLife, 23 қараша — Атырауда ерекше жандардың басын қосқан «Өмір гүлі» шығармашылық орталығының концерті өтті. Сахнаға шыққан мүмкіндігі шектеулі балалар түрлі аспаптың сүйемелдеуімен ән шырқады, деп хабарлайды Caspian Life. Аталмыш шығармашылық орталығына 5 жыл толғанымен, 2009 жылы ансамбль ретінде ашылған. Кейін балалардың саны артып, үлкен орталыққа айналыпты. Қазір 18 жасқа дейінгі 60-тан астам бала бар. «Жыл сайын осылай үлкен концерт береміз. Бүгінгі кештің ерекшелігі арамызда алғаш рет сахнаға шыққалы тұрғандар бар. Бүгінгі шараға 32 бала қатысып отыр. Оның ішінде аудандардан келгендері де бар. Олар айына 1-2 рет келіп дайындалып кетеді», — деді «Өмір гүлі» шығармашылық орталығының жетекшісі Тыныш Джакупов. Мүмкіндігі…
CaspianLife, 23 қараша — Әлеуметтік желідегі мониторинг барысында 63 атыраулықтың дін саласында құқық бұзғаны анықталды. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. «Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 453 бабы бойынша яғни «Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату фактілері» – 23, ал ҚР ӘҚБтК-нің 490 бабы бойынша «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзудың- 40 фактісі тіркелді», — делінген департаменттің әлеуметтік желісінде. Анықталған әкімшілік құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453 және 490 баптары бойынша әкмішілік хаттамалары толтырылып, жинақталған іс-құжат Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына…
CaspianLife, 23 қараша — Бүгін Атыраудың кейбір көшелерінде уақытша жарық сөнеді. Бұл туралы Бірыңғай байланыс орталығы хабарлады. Жоспардан тыс электр желісіндегі жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу үшін төмендегі мекенжайларда жарық уақытша сөнідіріледі: 14.00 — 17.00 caғ. — Жөндеу жұмыстары — Водниково -2, ул. 9. 10.00 — 17.00 сaғ. — Жөндеу жұмыстары — п. Бірлік-2, Қорқыт ата к., Сүгірұлы к., Шернияз Жалғасұлы к. 10.00-17.00 сағ. — Оқшаулау тазалау жұмыстары — Геолог-2 ықшам ауданы. 10.00-14.00 сағ. — Оқшаулау тазалау жұмыстары — Зарослый с. 10.00-14.00 сағ. — Жөндеу жұмыстары — Жұмыскер, Шөреева к. 10.00-17.00 сағ. — Сымдарды оқшаулау және май құю — Сарықамыс ықшам…
CaspianLife, 22 қараша — Мақат ауданы Доссор кентінде робототехника орталығы ашылды. Бұл жобаны жергілікті кәсіпкер әйел «Жарқыра» бағдарламасы аясында жүзеге асырған. Енді 5 пен 16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер бағдарламалау негіздері, механика және инженерия курстарына катыса алады. «Бұл курс тек робототехниканың ашылуы емес. Бүгін ауылымыздағы көптеген балаларға үлкен мүмкіндіктің ашылуы деп білеміз. Қазіргі таңда ашылғанымызға тек 1 апта болсада, бүгінгі таңда біз 40 баланы қамтып отырмыз. Және 6 жұмыскерді жұмыспен қамтып отырмыз», — деді Робототехника орталығы жобасының авторы Фариза Сәнжанова. Орталықтың бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай үш бағытқа бөлінеді. «Шағын робоклуб» курсына 5 жастан 9 жасқа дейінгі, ал 10…
CaspianLife, 22 қараша — «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде «Каспий жұлдыздары» атты көркем гимнастикадан ашық чемпионаты өтуде. Аталған жарысқа облысымызбен қатар 7 қаланың 450 гимнастшылары бақ сынауда. Чемпионат топтық және жекелей бағдармала бойынша, облыс әкімдігі, дене шынықтыру және спорт басқармасы, Атырау көркем гимнастика федерациясының ұйымдастырумен өтуде. «Бүгінгі ашық чемпионатқа облысымыздан 200 гимнастшылар қатысуда. Жарыс әлі екі күнге созылады. Барлығы жоғары деңгейде өтуде. Қатысушыларға сәттілік тілеймін», — деді аға-жаттықтырушы Көклан Егеубаева. Айта кетейік, іріктеуден өткен ең үздік спортшылар Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алады.
CaspianLife, 22 қараша — Кеше кешкі сағат 20:24 де Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылынан 15 шақырым жерде Атырау-Ақтобе Республикалық маңызы бар тас жолында 2 автокөліктің соқтығысуы орын алды Салдарынан автокөлікте қысылып қалған 2 адамды құтқарушылар шығарып, жедел жәрдем қызметі қызметкерлеріне тапсырды. Жарақат алған адамдардың азаматтығы анықталуда. Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 4 кызметкер мен 1 бірлік техника қатысты.
CaspianLife, 22 қараша — Атырау облысында жоғалған үш адам бір күннен соң табылды. Оның екеуі балық аулауға, біреуі мал іздеуге шыққан. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, екі жігіт 20 қарашада кешкі сағат 09:00-де жоғалып кеткен. Құрсай ауылының екі тұрғыны – 23 және 21 жастағы екі жігіт моторлы қайықпен Каспий теңізіне қарай шығып кеткен. Алайда кері оралмаған. «Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жоғалған балықшыларды Каспий теңізінің жағалауынан іздестіруді 20 қарашада сағат 09:32-де бастап, кешкі сағат 21:25-ке дейін жүргізді. Іздестіру жұмыстары 21 қарашада қайта жалғасып, сағат 11:25-те хабарсыз кеткен балықшылар табылды», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. Сондай-ақ, Құрманғазы ауданында 40 жастағы әйелдің…
CaspianLife, 22 қараша — Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әнес Сарайдың 85-жыл толуына орай «Заманның көркем шежіресі» атты кітап көрмесі өтті. Кітап көрмесіне Ә.Сарайдың «Мұнарлар шақырады», «Бозқырау» атты повесть, әңгімелері, «Тосқауыл» романы, «Алтын арал», «Исатай мен Махамбет» атты еңбектері мен «Ару Алматы» пьесалар жинағы сонндай-ақ тағы да басқа шығармалары қойылды. «Бүгінгі көрменің негізгі мақсаты — тарихи танымдық әдебиеттерді зерттеп, өлке шежіресінен сыр шерткен Әнес Сарайдың шығармаларын оқырман назарына ұсынып, насихаттау. Оқушылар кітап көрмесімен танысып, өздерінің қызығушылықтарын танытып жатыр», — деді оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Жанаргүл Мұхтарова. Айта кетейік, Әнес Сарай 1937 жылы Астрахань облысы,…
