Доссорда алғашқы робототехника орталығы ашылды — CaspianLife ақпараттық порталы
Четверг, 8 июня, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам Білім

Доссорда алғашқы робототехника орталығы ашылды

22.11.2022
Білім, Жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, Қоғам
0
Доссорда алғашқы робототехника орталығы ашылды

CaspianLife, 22 қараша — Мақат ауданы Доссор кентінде робототехника орталығы ашылды. Бұл жобаны жергілікті кәсіпкер әйел «Жарқыра» бағдарламасы аясында жүзеге асырған.

Оқи отырыңыз...

Атырауда интернет арқылы жасалған алаяқтық өршіп тұр

Атырауда интернет арқылы жасалған алаяқтық өршіп тұр

07.06.2023
Облыстағы кәсіпорындар жылына 160 млн. текше метр су тұтынады

Облыстағы кәсіпорындар жылына 160 млн. текше метр су тұтынады

07.06.2023

Енді 5 пен 16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер бағдарламалау негіздері, механика және инженерия курстарына катыса алады.

«Бұл курс тек робототехниканың ашылуы емес. Бүгін ауылымыздағы көптеген балаларға үлкен мүмкіндіктің ашылуы деп білеміз. Қазіргі таңда ашылғанымызға тек 1 апта болсада, бүгінгі таңда біз 40 баланы қамтып отырмыз. Және 6 жұмыскерді жұмыспен қамтып отырмыз», — деді  Робототехника орталығы жобасының авторы Фариза Сәнжанова.

Орталықтың бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай үш бағытқа бөлінеді. «Шағын робоклуб» курсына 5 жастан 9 жасқа дейінгі, ал 10 жастан асқан балалар мен жасөспірімдер үшін «Бағдарламалау», «Жетілдірілген құрастыру және бағдарламалау» курстарына қатысады. «Жарқыра» жобасына «Теңізшевройл» компаниясы қаржылай қолдау көрсетіп отыр.

«2022 жыл Қазақстанда балалар жылы болып жарияланды. ТШО балалардың әлеуетін дамытуға бағытталған жобаларды қуана қолдайды. Осы жылдың өзінде ОАЕҚ-мен бірлесе отырып, біз балаларды дамыту үшін 8 орталық аштық, ал Qogamdyk Kenistikter жобасы аясында Атырау мен Жылыой ауданында 20-дан астам ойын, 19 спорт алаңы салынды. Нәтижесінде 2022 жылы ТШО әлеуметтік жобаларды іске асыруға 2,3 млн АҚШ долларын бөлді», — дейді «Теңізшевройл» ЖШС үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімі бас менеджерінің орынбасары Хэймиш Полс. 

Орталықтағы курстарға қатысу ақылы. Алайда жоба авторлары оның әлеуметтік бағытын ескере отырып, көп балалы отбасылар үшін білім алуға 20%, ал ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 50% жеңілдік жасайды. Жағдайы қиын отбасылардан шыққан балалардың тегін қатысуына мүмкіндік бар.

Тегтер: атыраудоссоржарқырамақатробототехникаТШО
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.