Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 22 қараша — Ұлттық жол сапа орталығының инженерлері «Доссор-Құлсары-Бейнеу» және «Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» бағытындағы тас жолда кезекті рет рейдтік бақылау жүргізді. Бірлескен шараға өңірлік көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері, полиция және «Маңғыстау — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері қатысты. «Уәкілетті орган қызметкерлерімен бірге Маңғыстау ауданы аумағындағы жолдарда 3 ауыр жүк көлігін тоқтатып, таразыда салмағын өлшедік. Нәтижесінде, олардың құрылыс материалын шектік шамадан асырып тасығаны анықталды. Әкімшілік хаттама толтырылып, көліктер Шетпедегі айыптұраққа жабылды. Рейдтік бақылау алдағы уақытта облыстық маңыздағы жолдарда жалғаса береді» — деді жол инженері Мерей Әлиев. Ережеге сәйкес жүк көлігінің бір білігіне (ось) түсетін салмақ 8 тоннадан аспауы керек. Өкінішке қарай, 25…

Read More

CaspianLife, 22 қараша — Атырау облысының құрамасы отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан чемпионатын жеңіп алды. Турнирдің финалдық ойынында фавориттер екі сағаттық кездесуде қарсыласынан басым түсіп, чемпион атағына ие болды.  Ұлттық чемпионаттың шешуші турнирі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өттікен болатын. Волейбол турнирінің үшінші кезеңінің басталуына тоғыз команда шықты, ал медальдар үшін ойындарға үш құрама — Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының командалары жолдама алды. «Өте қарқынды ойын. Нағыз ерлер күресі болды. Екі командада да ұлттық құраманың ойыншылары бар. Менің ойымша бәрі өте тең болды»,  — деп бөлісті ойын Бауыржан Сартаев. Қазақстандық отырып ойнаудан волейбол командасы әлемдік элитаға кіреді, деп есептейді Ұлттық құраманың…

Read More

CaspianLife, 22 қараша —  Өңірде күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасы қымбаттап, құны шарықтап тұр. Бағаның күннен күнге қымбаттауына әсіресе тұрғындар наразы. «Жасыратыны жоқ, биылғы инфляция мөлшері былтырғыдан асып түсті. Бұған Ресей рублінің де әсер еткені айқын. Бұл өз кезегінде тауар мен қызмет бағасының өсуіне ықпал етті», — дейді Ұлттық банкі Атырау филиалының мамандары. Қымбатшылық Қазақстанды ғана емес, басқа елдерге де әсер етуде. «Соңғы уақытта бүкіл әлем елдерінің басына «қара бұлт» үйірілді десек те болады. Мен мұны экономикалық тұрғыда айтып отырмын. Қарапайым халық жоғары инфляциялық күтілімдер, сыртқы инфляцияның толассыз өзгерісі, өндіріс шығындарының өсуі деген сөздерді түсіне бермейді. Ал, шын мәнінде бұл аталғандардың…

Read More

CaspianLife, 21 қараша — Елімізде сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың 69,44 пайызы дауыс берген. Яғни, 12 млн-ға жуық қазақстандықтың 8 млн 300 мыңнан астамы өз таңдауын жасаған. Мұны орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша сайлауға қатысқан халықтың 81,31 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдаса, Қарақат Әбденге – 206 206 адам, яғни 2,6 % сенім білдірген, ал Нұрлан Әуесбаевқа – 176 116, 2,22 %, Жигули Дайрабаевқа – 271 641 адам, 3,42 % дауыс берсе, Мейрам Қажыкенге – 200 907 адам, 2,53%, Салтанат Тұрсынбековаға – 168 731 адам яғни 2,12%, ал «бәріне қарсымын» нұсқасына 460 484 адам, 5,8% дауыс…

Read More

CaspianLife, 21 қараша — Атыраулық спортшы Русланхан Мадыханов Бірікке Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Даби қаласында өткен бразиялық джиу-джитсудан 4-ші рет әлем чемпионы атанды. Ол 75 мемлекеттен келген спортшылар қатысқан әлем біріншілігінде 69 келі салмақта күш сынасып, үздік атанды. Ал оның шәкірті Серікжан Накешев 94 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды. Қос спортшыны жанкүйерлері әуежайдан күтіп алып, қошемет көрсетті.

Read More

CaspianLife, 21 қараша — Бүгінде Қиғаш өзенінде түп тереңдету жұмыстары басталған. Ол 2024 жылы бітеді деп жоспарлануда. Нақты мерзімі, айы белгісіз. Дегенмен, қазу жұмыстарының сапасына байланысты құрманғазылықтардың көкейінде күдік-күмән көп. Қиғаш өзенінің суын көбейту және гидрологиялық режимін жақсарту мақсатында биыл қыркүйекте тереңдету жұмысы басталған еді. Жоба бойынша ұзындығы 99,6 шақырым болатын арналардың түбін қазып, жағасын кеңейту жоспарланған. Осы уақытқа дейін өзен түбінің 11 шақырымы тереңдетілген. Алайда, жергілікті тұрғындар мердігер мекеменің қызметіне көңілі толмайтындарын айтады. Олардың пікірінше, жұмыс сапасыз жасалып жатыр. Соның кесірінен арналардың бойы бітеліп, жағаның астан-кестеңі шыққан. Ал түп тереңдету жұмыстарын жүргізуші мердігер мекеме “Павлодар өзен порты” АҚ-ның қызметкерлері…

Read More

CaspianLife, 21 қараша — «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Жұмекен ауылындағы 113 жер учаскесіне инженерлік және коммуникациялық инфрақұрылым, яғни су, газ, электр желілері жүргізіліп,  құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. «Нысан Еңбекші ауылдық округі әкім аппаратына балансқа берілді. Аталған округке қарасты Жұмекен ауылында жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 243 жеке тұлға кезекке тіркелген. Желтоқсан айынан бастап үй кезегінде тұрған азаматтардың 113-не жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесі кезектілікпен беріледі»,- деді Еңбекші ауылдық округінің әкімі Жасқайрат Хамзин. Айта кетейік, Еңбекші ауылдық округіне Жұмекен, Қошалақ, Дәулеткерей, Кадырка елді мекендері қарайтын болса, мұндағы халық саны 3860 адам.

Read More

CaspianLife, 21 қараша — Атырау облысының перинаталдық орталығында салмағы 5700 грамм, бойы 64 сантиметр болатын алып бала дүниеге келді. «Ана мен баланың жағдайы жақсы. Алып нәресте отбасындағы төртінші бала екен. Сәбидің салмағы ірі болған соң, кесір тілігі жасалды. Ол — облыс бойынша биылғы жылы дүние есігін ашқан алғашқы алып бала»,-деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы. Медицинада ұрық салмағы 4 келіден асса, ірі, ал 5 келіден асса, алып саналады.

Read More

CaspianLife, 20 қараша — Атырауда президенттік сайлауда 104 жастағы кейуана дауыс берді. Ол 1918 жылы дүниеге келген. Әжей соғыс жылдары тылда еңбек етіп, 12 құрсақ көтеріпті. Қазір сол перзенттерінен тараған 11 шөбере, 17 жиен, 34 жиеншар, 1 шөпшектің қызығын көріп отыр. «Бәріңізді дауыс беруге шақырамын. Еліміз аман, аспанымыз ашық болсын. Тыныш болғай»,-дейді қаланың тұрғыны Балзиба Мажитова. Атырау облысы бойынша 773 адам денсаулығына байланысты үйден дауыс беретіндігін айтып, өтініш берген.

Read More

CaspianLife, 20 қараша — Өңірдегі учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үй-үйді аралап, дауыс жинауға кірісті. Олар учаскеге келе алмайтын жандарға арнайы жәшік апарып, дауыс берулеріне мүмкіндік жасап отыр. Қаладағы №8 сайлау учаскесінің мүшелері 71 жастағы зейнеткер Бақтылы Кемалованың отбасына барды. Ұзақ жыл мұнай-газ саласында еңбек еткен қария денсаулығына байланысты үйінен дауыс берді. «Бірінші рет үйге келіп, сайлауға дауыс алып жатқандары. Денсаулығыма байланысты келіп тұрсыздар. Рақмет, еліміз тыныш, халқымыз аман, қазағымыз жасай берсің! Балаларымыздың, немерелеріміздің болашағы жақсы болу үшін беріп жатырмын дауысымды»,- дейді қаланың тұрғыны Бақтылы Кемалова.   

Read More