CaspianLife, 20 қараша — Атырауда сайлау науқанын жалғасуда. Атыраудағы №7 сайлау учаскесіне тіркелген тұрғындар таңғы сағат 7:00-ден бері үздіксіз дауыс беруде. Олардың арасында жазушы, композитор, музыкатанушы, «Қазақстанның Еңбек Ері» орденінің иегері Ілия Жақанов бар. Ілия Жақанов сайлау учаскесіне жұбайы Тыйыш Алтаевамен бірге келді. Оның айтуынша, әрбір қазақстандық сайлау науқанына қатысу әділ қоғамды қалыптастыруға үлес қоса алады. «Тәуелсіздік тарихында өткен сайлауда өз таңдауымды жасадым. Осы науқанда біз бүгінгі және ертеңгі болашақ күніміздің дамуы мен жан-жақты өркендеуі, халқымыздың бақыты үшін осының барлығына аса жауапкершілікпен қызмет ететін кандидаттарды сайлауға келіп, дауыс беріп жатырмыз. Біздің қоғам әділетті, қуатты қоғам және мызғымас бірліктегі ынтымағы зор…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 20 қараша — Атыраулықтар ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруді бастады. Өңірде жұмыс істеп тұрған сайлау учаскелерінің саны — 261. Оның он бірі жабық бөлімше. Ал дауыс беруге құқылы сайлаушылардың саны 410 мыңға жуықтайды. Олардың 12 956-сы басқа облыстан келіп, тіркелгендер. Айта кетейік, осы жолғы саяси науқанда азаматтар президенттікке үміткер 6 кандидаттың біреуіне дауыс беру алады. Немесе оларды мемлекет басшысы мандатына лайық көрмесе «барлығына қарсымын» деген құғын пайдалануға мүмкіндігі бар. Барлық сайлау учаскесінде бірнеше дауыс беру кабинасы жабдықталып, мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасалған. Қаладағы Кіші өнер академиясында орналасқан №8 сайлау учаскесі де науқанға сақадай сай. «Еліміз егемендігін алғаннан…
CaspianLife, 18 қараша — Құрманғазыда аудандық Жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне қарасты зейнеткер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы 2017 жылы құрылған болатын. Жалпы аудан бойынша 298 мүмкіндігі шектеулі бала болса, осы орталықта 20 бала тәрбиеленіп, 8 бағыт бойынша қызмет алады. Осы тұрғыда орталықта балаларға музыкалық сауат беру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Соның нәтижесі болып балалар бірқатар жетістіктерге жетіп жүр. «Құрылысшылар мекенжайында орналасқан ескі ғимарат зейнеткер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы теңгеріміне берілген болатын. Қазіргі уақытта құрылыс бөлімі арқылы ғимаратты реконструкциядан өтуге жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жаңа ғимараттан осы…
CaspianLife, 18 қараша — Махамбет ауданында Жайық өзені жағасының 4,5 шақырымын бекіту жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы құны 12 млрд 136 мың теңге болатын жобаның құрылысын «Павлодар Өзен Порты» АҚ былтыр қыркүйек айында бастаған болатын. «Жаға бекіту жұмыстары жағаны қазу, топырақты күреу жұмыстарынан басталды. Күні бүгінге 1337 дана темір бетонды қадалық іргетастарын орнату, 3874 дана AZ-18-800 маркалы металл шпунттар жеткізу, 8445 м3 үйінді тастар жеткізу жұмыстары жасалды. Қазіргі уақытта 2247 дана шпунт қағылып, 2220 м3 үйінді тастар орнатылды»,-деді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Алтынбек Қуанғалиев. Оның айтуынша, жаға бекіту жұмыстары 2023 жылдың қыркүйек айында аяқталады…
CaspianLife, 18 қараша — Құрметті қала тұрғындары және қонақтары! Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және қала халқына қолжетімді бағада ұсыну мақсатында 2022 жылдың 19 және 20 қараша күндері сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін «Сарайшық» коммуналдық базарында Атырау қаласының тауар өндірушілері мен шаруашылық құрылымдарының қатысуымен ЖӘРМЕҢКЕ ұйымдастырылатынын хабарлайды.
CaspianLife, 18 қараша — Атырауда жол апатынан бір адам қаза тауып, төрт көлікке зақым келді. Атырауда Баймұханов көшесінің бойында Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Жапондық машинаның руліндегі азамат қарсы бағытқа шығып, жолдың жиегіндегі электр бағанасына, кейін құрылыс ғимаратының қоршауына соғылып, жолақтан өтіп бара жатқан тұрғынды қаққан. Мұнымен қоймай тұрақта тұрған Hyundai Elantra және Ваз 2111 авткөліктеріне соққан. Ал Еlantra соққы екпінімен өз жолымен келе жатқан Volkswagen Passatпен түйіскен. Қазіргі кезде Toyota Camry мінген 31 жастағы жүргізушінің жеке басына қатысты ақпарат жинақталып жатыр. Және осы оқиғаға байланысты тергеу де басталды.
Caspianlife, 18 қараша — Сайлауда мүмкіндігі шектеулі жандар үйден дауыс бере алады. «Ол үшін мүгедектігі бар жандар 109 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, өтініш бере алады. Орталық мамандары сайлаушыдан барлық ақпаратты алып, тұрғылықты мекенжайы бойынша белгіленген сайлау учаскесіне хабарлайды. Ары қарай, мобильдік топ сайлаушының үйіне тасымалдау жәшігі мен бюллетендерді алып келеді»,-деді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов. Оның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандардан бөлек, сайлау күні денсаулығы сыр берген азаматтар да бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, өтінім бере алады. Айта кетейік, өтінімдер 20 қараша сағат 12.00-ге дейін қабылданады.
CaspianLife, 18 қараша — Атырауда Мақат ауданы Доссор кентінде 6 пәтерлік тұрғын үйден өрт шықты. Мақаттық полицейлер тұрғындарды эвакуациялап, өрт сөндірушілермен бірге тілсіз жауды сөндіруге көмектесті. Бүгін таңғы сағат 07:00 шамасында 102 операторына тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсткен. 6 пәтерлік тұрғын үйдің төртеуі отқа оранған. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен полицейлер жедел қызмет атқарды. «Өрттің неден шыққаны нақты айтылмады. Бастысы зардап шеккен азаматтар жоқ. Өрт өршіп кетпеу үшін барымызша өрт сөндірушілерге де көмектесіп, зардап шекпеу үшін оқиға орнына ешкімді өткізбей қызмет етудеміз. Барлығы 8 адам эвакуацияланды, оның 5-і жасөспірім», — деді Мақат аудандық полиция бөлімінің Доссор полиция…
CaspianLife, 18 қараша — Атырау облысы Индер аудандық ПБ қызметкерлері «Браконьер-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Қызыл кітапқа енген киік жануарының мүйізін заңсыз сақтаған азаматты ұстаған. Анықталғандай, 12 қараша күні сағат 23:30 шамасында Индер АПБ полиция қызметкерлері «Охотазоопром» Батыс өңірлік филиалының инспекторларымен бірлесіп Сыралы учаскесіндегі қыстақтардың бірінен 8 дана киік жануарына тән мүйіздерін тәркіледі. Күдікті ретінде анықталған Өрлік ауылының 64 жастағы тұрғыны. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК 339 бабының 1-1 бөлігі «Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киіктің мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, тасымалдау» сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
CaspianLife, 18 қараша — Кеше 21:00 шамасында Атырау-Индер тас жолында жол апаты орын алды. «Youtong» маркалы қоғамдық көліктің 37 жастағы жүргізушісі Индер ауданына қарай бара жатып жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Қатты соққыдан 34 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталып, терегу амалдары жүргізілуде.
