Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 17 қараша — Бүгін 15:45 шамасында 102 кезекші пультіне 25 шағынауданда 4 көліктің бір-бірімен соғылғаны туралы шақыру түсті. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғадан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер туралы полиция кейінірек хабарлайтынын мәлімдеді.

Read More

CaspianLife, 17 қараша — Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының бұйрығымен «Атырау қалалық Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы болып Асылхан Төлеген тағайындалды. Асылхан Төлеген 1999 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 2018 жылы Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжін кеңесші заңгер мамандығы бойынша, 2021 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2018-2021 жылдар аралығында Атырау қалалық сотында әртүрлі қызметтерде жұмыс жасаған. 2021-2022 жылдары «Zan solutions» ЖШС-де заңгер, 2022 жылдың шілде айынан күні бүгінге дейін «Төлеген и партнеры» ЖК-нің құрылтайшысы, бірінші басшы қызметін атқарған.

Read More

CaspianLife, 17 қараша — Қазақстандағы McDonald’s жергілікті жеткізілімдердегі шектеулерге байланысты 18 қарашадан бастап өзінің барлық мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады. «Жұмысты тезірек қалпына келтіру үшін бар күшімізді салудамыз. Мейрамханалардың ашылу мерзімі туралы кейінірек хабарланады»,-делінген компанияның әлеуметтік желісінде.  «Food Solutions KZ» ЖШС компаниясы ҚР 6 жылдан астам уақыт жұмыс істейді және жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар индустриясының көшбасшыларының бірі болып табылады. Компанияның Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды қалаларында 24 мейрамханасы бар және олардың ішінде 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілген.

Read More

CaspianLife, 17 қараша — Өңірде 20 қараша күні қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсететін болады 20 қарашада өтетiн Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы күнi Атырау қаласындағы қоғамдық көліктер халықты тегiн тасымалдайды. Тегін маршруттар қала ішіндегі және қала маңындағы барлық бағыт бойынша қатынайтын болады.

Read More

CaspianLife, 17 қараша — Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның көмегімен ағымдағы жылдың 20 қарашасында жаппай тәртіпсіздіктерді жоспарлап, ұйымдастырмақшы болған қылмыстық топтың жолын кесті. Арнайы операция нәтижесінде 7 адам ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабының 2-бөлігі және 272-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу басталды. Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша заттай дәлелдемелер тәркіленген. Прокуратура санкциясымен олардың жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттарына қару мен тұтандырғыш қоспаларды қолдану арқылы шабуыл жасауға дайындалғандары анықталған. Топ мүшелері «бөтелке лақтырғыш» деп аталатын жабдықтар жасап, олардың көмегімен «Молотов коктейльдерін» лақтыра отырып полицейлерге қастандық жасамақ болған. Жасырын орындар ұйымдастырып, оған қылмыс жасауға арналған құралдар – Калашников автоматы, ойық ұңғылы…

Read More

CaspianLife, 17 қараша — Бүгін 11 сағат 19 минутта Атырау қаласы, Химпоселок ауылы, Жайық көшесінде жеке тұрғын үйлердің бірінен түтін шыққаны туралы шақырту түсті. Өрт сөндіру бөлімшесі шақырту орнына жеткен кезде уақытша тұрғын үйдің ашық отпен жанып жатқандығын анықтаған. Аталмыш мекенжайда тұрғын үй мен гараж төбе жабындысының өртенуі орын алды. Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының нәтижесінде жақын орналасқан көрші тұрғын үйге өрттің таралуына тосқауыл жасалды. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 12 қызметкер мен 3 бірлік техника жұмылдырылды. Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ.

Read More

CaspianLife, 17 қараша — Бұл туралы Шетелдік жұмыс күшін тарту және көші-қон бөлімінің басшысы Мейрамбек Алдияров мәлімдеді.  Осы жылы Атырау облысына шет елдерден 252 отбасы қоныс аударған. Өзге елден өз туған жерлеріне оралған қандастарымыздың барлығы қандас мәртебесін алды. «Қандастарымыз әлемнің түкпір-түкпірінен өз елдеріне оралып жатыр. Жалпы тәуелсіздік алғаннан бері Атырауға 15 мыңнан астам этникалық қазақ оралған. Бүгінде олардың басым көпшілігі Қазақстан Республикасының азаматтығын алды. Елге оралған этникалық қазақтардың осы жерде қалып, азаматтық алуына мүмкіндік беру мақсатында 1 жылға қандас мәртебесі беріледі. Осы аралықта этникалық қазақтар ҚР азаматтығын алып үлгермесе берілген қандас мәртебесін алты айға тек бір рет ұзартылу қарастырылған. Бүгінде…

Read More

CaspianLife, 17 қараша — Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен «Динислам» ЖШС-нің бұрынғы басшысы аз. Б. есімді азаматқа қатысты әдейі банкроттық дерегі бойынша қылмыстық іс аяқталып, айыптау актісімен сотқа жолданды. Б. 2018-2021 жылдар аралығында серіктестікті төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізу мақсатында, кәсіпорынның балансындағы автокөлік құралын және мүліктік масса болып табылатын есеп шоттағы қаражаттарды иеліктен шығарып, 49 млн.теңге салық төлемі түріндегі кредиторлық берешегін төлеместен, әдейі банкроттыққа ұшыратқан. Сот үкімімен серіктестік басшысы ҚР ҚК-нің 238-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша кәсіптік мекемелерінде басшысы қызметімен айналысу құқығынан 1 жылға айыра отырып 1 (бір) жыл мерзімге…

Read More

CaspianLife, 17 қараша — Атыраудағы ықшам аудандарда 2 балабақша пайдалануға беріледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Жұлдыз және Көктем ықшам аудандарында 160 орындық балабақшаның құрылыс жұмыстары аяқталды. Екі нысан «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» бағдарламасы аясында салынды. Жұлдызда мөлтек ауданындағы балабақшаны «Егеменді-құрылыс» ЖШС салса, Көктемдегі балабақшаның кірпішін «Диар и компания» ЖШС мердігер мекемесі қалады. Бір гектар жерге орналасқан мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ауданы 1749,62 және 1584 шаршы метр. Айта кетейік, аталмыш нысандардың құрылысы былтыр желтоқсан айында басталған еді. «Мұнда 160 балаға 7 топ қарастырылған. Әрқайсысы 20 баладан 2 жастағы кіші үш топ, 25 баладан 3 жастағы екі орта топ және…

Read More

CaspianLife, 16 қараша — Атырауда қаңтар оқиғасына қатысқандардың соты әлі де жалғасуда. Күдіктілер қатарында 27 адам. Оларға «жаппай тәртіпсіздікке қатысу», «билік өкіліне күш қолдану», «қару ұрлау» секілді айып тағылған. Ал жәбірленушілер саны 115. Басым көпшілігі құқық қорғау органдарының қызметкері. «Митинг жайлы болып жатқанын естідік. Автобуспен акиматтың алдына бардық. Акиматтың алдына келе жатыр дегесін шит, каскамен тұрдық. Сол кезде алдымнан адамдар келе жатқанын көрдім. Содан кейін есімнен айырылдым», — дейді жәбірленушілердің бірі. Істі Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Зарема Хамидуллина жүргізуде. Сот кезінде қорғаушы тарап судьядан жақында президент жарияланған рақымшылық туралы заңды ескеруді өтінді. Ал судья мұның…

Read More