Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 20 қараша — Самал вахталық кентінде және D аралында «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында, сондай-ақ компанияның теңіздегі кешенінде жұмыс істейтін қызметкерлер дауыс беруде, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.  NCOC-тың 726 қызметкері жұмыс уақыты екеніне қарамастан дауыс берулеріне мүмкіндік бар. Бұл бірдей дауыс беру мүмкіндігі бар мердігер компаниялардың жұмысшыларын есепке алмағандағы көрсеткіш. Ал ондағы жұмысшылардың саны 2067 адам. Ауысымдағы қызметкерлер жұмыс кестесін желілік басшысымен келісе отырып, дауыс бере алады. Дауыс беру кесте бойынша өтіп жатқандықтан, өндіріске кедергі емес. Қашаған кентіндегі жұмысшылар дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған. Көшпелі сайлау комиссиясы арнайы жәшік пен бюллетеньдерді қызметкерлердің жұмыс орнынf…

Read More

CaspianLife, 20 қараша — Атыраулықтардың 50 пайыздан астамы өз таңдауларын жасады. Мұндай деректі орталық сайлау комиссиясы беріп отыр. Облыста орналасқан 261 сайлау учаскесінің 117-сі Атырау қаласында. Сонымен бірге, 1966 сайлау комиссиясы өз жұмысын атқаруда. «Жағдай бірқалыпты. Байқаушылардың саны қазіргі уақытта 200-ден астам болды. Сонымен қатар, шетелдік байқаушылар сол 12. Ешқандай шағым қазіргі таңда түсе қойған жоқ. Сайлау жергілікті уақыт бойынша 20:00-ге дейін жалғасады. Сайлаушыларды әлі де сайлау учаскелерінде күтеді»,-дейді Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Есенжол Жұмағалиев.  Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, кезектен тыс президент сайлауында түркістандықтар белсенділік көрсетуде. Олардың 75 пайыздан астамы өз таңдауын жасапты. Ал, алматылықтардың тек 24…

Read More

CaspianLife, 20 қараша — Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге қатысты. Аймақ басшысы Атыраудағы Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясының ғимаратында орналасқан №8-сайлау учаскесінде тіркелген. Ол тұрғындарды сайлау учаскелеріне келіп, таңдау жасауға шақырды. «Құрметті жерлестер бүгін тарихи күн. Бүгінгі күн біздің болашақ ұрпағымыздың алдындағы парыз деп айтуға болады. Себебі бүгін біз қалай өз таңдауымызды жасаймыз, ертеңгі еліміздің болашағы осыған байланысты болады. Сондықтанда барша жерлестерімді өз таңдауын жасауға шақырамын»,-деді облыс әкімі Серік Шәпкенов. 

Read More

CaspianLife, 20 қараша — Атырау облысында таңғы 07:00-ден түске дейінгі аралықта 409 949 сайлаушының 40,04 пайызы өз таңдауын жасады.  Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Есенжол Жұмағаливтің мәліметінше, 261 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. 117 сайлау учаскесі облыс орталығы — Атырау қаласында орналасқан. «Бүгінде сайлау комиссияларының 1966 мүшесі қатысуда. Қазіргі уақытта заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Сонымен қатар, дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасын табады»,-деді Е.Жұмағалиев.

Read More

CaspianLife, 20 қараша — Атырау қаласы Жұлдыз ықшам ауданындағы №39 жалпы білім беру орта мектебінде орналасқан №251, 252 сайлау учаскесіне келушілерге ерекше жағдай жасалған. Мұнда мектеп оқушыларының үздік деген 20 туындысы және жергілікті қолөнершілер Нұрсұлтан Қалиевтің ағаш-тері бұйымдары мен Айнұр Меңдібайдың қыз жасауы қойылған. Келушілер ұлттық бұйымдар туралы тың ақпараттармен танысуда. «Сайлау учаскесіне келушілер ұлттық бұйымдарымызбен танысып, кейбірі ұнатқан дүниесін сатып алып жатыр. Басты мақсат — халыққа ұлттық өнерді насихаттау, қолөнершілердің еңбегін бағалау, оларды таныту. Барлық келушілердің көңіл күйі жақсы. Халық сайлауға белсенді қатысып жатыр»,- деді №39 жалпы білім беру орта мектебінің мұғалімі Рита Мұқанова.

Read More

CaspianLife, 20 қараша — Бүгін таңғы сағат 07:00 де Атырау облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) жабық мекемесінде (тергеу изоляторында) сайлау учаскесі жұмысын бастады. «№75 мекеменің жабық сайлау учаскесінде осы жерде орналасқан және заң бойынша таңдау құқығы бар 165 тергелуші өз таңдауын жасап, дауыс бере алады. Ол үшін тергеу изоляторында барлық жағдай жасалған. Акт залында бюллетеньдерге арналған кабиналар мен урналар орнатылды, аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері жұмыс істейді және дауыс беруге ниет білдіргендердің барлығына қолжетімділік қамтамасыз етілген»,-деп хабарлайды ҚАЖД баспасөз қызметі.

Read More

CaspianLife, 20 қараша — Жылыой ауданындағы ірі мұнай компаниялары бар Теңіз кен орнында да дауыс берушілерге барлық жағдай жасалған. Онда 24 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлау комиссияларының құрамында 215 адам бар. Аудан бойынша дауыс берушілер саны 58 684 адам. «Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Жұмыста жүрсек те, еліміздің ертеңі, балаларымның баянды болашағы үшін өз таңдауымызды жасауға келдік. Жаңа Қазақстанды құру үшін әркімнің дауысы маңызды»,- дейді СК мекемесінің қызметкері Руслан Салықов. Теңіз кенішінде жұмыс істейтін, өзге өңірлердің 14 мыңға жуық азаматы да сайлау процесіне қатысады. Оларға 15 жылжымалы бекет қызмет көрсетеді.

Read More

CaspianLife, 20 қараша — Астана уақытымын сағат ондағы есеп бойынша Атырау облысында тіркелген сайлаушылардың 25,03 пайызы сайлауға қатысты. Бұл 2 сағатта таңдау жасаған атыраулықтардың пайыздық үлесі. Қазіргі кезде өңірде 410 мыңға жуық азамат дауыс беру құқығына ие. Азаматтық құқығын пайдаланып, дауыс бергендердің бірі – Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова. «Бүгін 20 қараша қазан елі үшін өте маңызды күн. Әр адамның азаматтық құқығы – келіп, таңдау жасау. №31 учаскесі Сафи Өтебаев атындағғы мұнай және газ университетіне қарайды. Таңмен таласып келіп, өзіміздің азаматтық борышымызды өтедік.Бүгінгі күн тарихта қалатын күн. Сондықтан әр қазақстандықтың келіп, дауыс беруі –…

Read More

CaspianLife, 22 қараша — Атырау облысында 261 учаске бар болса, оның 117-сі облыс орталығында орналасқан. Шаһардағы барлық учаскелер өз жұмыстарын бүгін сағат 07:00-де бастады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  Учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары атап өткендей, қала тұрғындары таңның атысымен өз таңдауын жасау үшін белсенді түрде келуде. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай, өз дауысын беруге келген қала тұрғындарының көңіл-күйі жақсы. “Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Сайлауға өз дауысымды беруге келдім. Халқымыз үшін, елдің амандығы үшін таңдауымды жасадым. Жер бетінде ешқандай соғыс болмасын, сайланған президентіміздің әр қадамы құтты болып, елімізге бақыт әкелсін! Көңіл-күйім өте жақсы” — дейді қала тұрғыны…

Read More

CaspianLife, 20 қараша — Сайлау күні Атырау облысы бойынша 6 нәресте дүние есігін ашты. «Атырау қалалық перзентханасында 3 ер бала, 1 қыз, ал облыстық перинаталдық орталықта 1 ер бала мен 1 қыз дүниеге келді. Бүгінде аналар мен сәбилердің денсаулығы жақсы»,-деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Read More