CaspianLife, 15 қараша — Атырауда тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты деп хабарлайды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі. Құтқарушыларға түтін шығып жатқаны туралы хабар 14 қараша күні сағат 22:18-де түскен. Олар оқиға орнына жеткенде көп қабатты үйлердің бірінің асүйінде тұрмыстық заттар жанып жатқанын байқаған. Өрт сөндіру кезінде 2 ересек пен 4 кәмелетке толмаған бала өз күштерімен эвакуацияланған. Жарты сағаттан кейін өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. «Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 7 қызметкер мен 3 бірлік техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталуда», — делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Сондай-ақ, құтқарушылар тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырды.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 15 қараша — Атыраулық полицейлер қала аумағынан есірткі өндіруге арналған фито-зертхананы тапты. Жедел-іздестіру шарасын облыстық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өткізді. Оның барысында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіріп, сақтаған 54 жастағы күдікті ұсталды. Оның үйін тінту барысында 50 қарасора бұтасы, 2,7 келі кептірілген марихуана және 2 әйнек шыныға салынған шөптің дәндері тәркіленді. Қазіргі уақытта 54 жастағы азамат уақытша ұстау изоляторында отыр. Оған қатысты қылмыстық кодекстің есірткіні заңсыз өсіру және дайындау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Айта кетейік, есірткіні өсіруге арналған орын осымен екінші рет табылып отыр. Бұдан бір…
CaspianLife, 15 қараша — Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының экс-басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты сот үкімі шықты. Сот екі шенеунікті 7 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы Хаменованың кәмелетке толмаған 2 баласының бар екені есепке алынып, жазаны өтеу мерзімі 3 жыл кейінге шегерілді. Ал, «пара берді» деген күдікке ілінген кәсіпкер Өміртай Адамов 4 жылға сотталды. Сонымен бірге, барлық сотталушыларға өмір бойына мемлекеттік ұйымдарда лауазымды қызметтерді атқаруға тыйым салынды. Сот аяқталғаннан кейін осы уақытқа дейін Адамов пен Рысқалиев бірден қамауға алынды. Ал, 11 айдан бері тергеу абақтысында отырған Хаменова үйіне жіберілді. Ол жазасын үш жылдан соң өтейді.…
CaspianLife, 14 қараша — Атырауда 35 жыл құжатсыз жүрген тұрғын анықталды деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. 35 жастағы әйел адам отбасылық жағдайын байланысты Ресейден Қазақстанға көшіп келген. Алайда, тұрғынның денсаулығына байланысты төлқұжаты болмапты. Мұны анықтаған Құрманғазы ауданының Көші-қон полиция бөлімшесінің мамандары тиісті құжаттар тізбесін жинақтап, Орал қаласындағы Елшілікке жолдады. Кейін әйелге жаңа төлқұжат табысталды. Осы ретте тұрғынның әпкесі полицейлерге алғысын білдірді.
CaspianLife, 14 қараша — Атырауда Еуропа киносының фестивалі басталды. Көрермен назарына еуроодаққа мүше мемлекеттердің халықаралық кинофестивальдерде үздік танылған 6 фильмі ұсынылады. Кинокартиналар өзіңді, тұлғалық ерекшелігіңді және күйбең тіршілік арасынан бақытты іздеу тақырыбын қозғайды. Кинофестивальдың ашылу салтанатына Еуроодақтың және Еуропа елдерінің еліміздегі елшілері қатысты. «Еуроодақ пен Қазақстан экономикалық және сауда арқылы байланысады. Бірақ, бұл онымен шектелмеуі керек. Меніңше, мұндай фильмдер еуропалықтардың мәдениетін және өздерін тануға көмектеседі. Режиссерлер біздің аумақтағы мәселені астарлы ақиқатымен жеткізе білді. Сондықтан, бұл фестивальдың арқасында Еуропа мен Қазақстан халқының арасында экономикалық ғана емес, рухани жағынан да байланыс туындайды деп үміттенемін», — дейді Еуроодақтың Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас. Фестивальдің…
CaspianLife, 14 қараша — Атырауда сұйытылған газдың тапшылығына байланысты көршілес Ақтөбе облысынан күніне 70 тоннаға жуық автогаз жеткізілуде. Бірақ, бұл жергілікті жүргізушілердің сұранысын қанағаттандыра алмайды. Өйткені, облыстағы тәуліктік тұтыну көрсеткіші 200-250 тонна көлемінде. Нәтижесінде қаладағы бекеттердің алды бірнеше күннен бері ұзын-сонар кезек. Соңғы күндері өңірге Ақтөбе облысынан жалпы көлемі 243 тонна сұйытылған газ әкелініпті. Тасымалданатын газ көлемін әлі де көбейту үшін келіссөз жүргізіліп жатқан көрінеді. «Бұдан басқа Ақтөбеден тағы да 1000 тонна әкелу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Және де ТШО мекемесімен де келіссөздер жүргізілуде. Іске асырылғаннан кейін газ тапшылығы болмайды деп ойлаймыз. Жалпы АМӨЗ мәліметіне сәйкес қараша айының аяғына қарай, яғни…
CaspianLife, 14 қараша — Қарашаның 13-нен 14-не қараған түні Атырауда қосалқы станцияда өрт шығып, 6 бірдей шағын аудан жарықсыз қалған еді. «Атырау-Жарық» мекемесі өкілдерінің айтуынша, тұрғын үйлерге электр тарататын кабель бойынан өрт шыққан. Жалын басқа желілерді шарпымас үшін қосалқы станцияның жұмысы толықтай тоқтатылыпты. Қазіргі кезде қалпына келтіру жұмыстары жасалып жатыр. «Өртенген кабельдер ауыстырылып жатыр. Кешке дейін аяқтаймыз деп ойлаймын. Түстен кейін жайлап электр энергиясын бере бастаймыз», — деді «Атырау-Жарық» АҚ вице-президенті Мейірбек Ғұбашев. Геолог, Жұлдыз, Жұмыскер және Томарлыдағы мектептер жарықтың болмауына байланысты онлайн форматқа көшкен еді. Қалалық білім бөлімі басшысының айтуынша, кешке дейін жағдай тұрақталса мектептер мен балабақшалар ертең-ақ дәстүрлі…
CaspianLife, 14 қараша — Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының экс-басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты сот отырысы аяқталып келеді. Бүгін айыпталушылар соңғы сөздерін айтты. «Балқыту» ЖШС басшысы Өміртай Адамов жазаны айыппұл түрінде алғысы келетінін білдірді. Ал «пара алды» деген күдікке ілінген экс-шенеуніктер тағылған айыппен келіспейтіндіктерін айтып, соттан өздерін ақтауды сұрады. Ақылбек Рысқалиевтің адвокаты сотта келтірілген дәлелдердің сотталушылардан заңсыз алынғандығын алға тартты. «Мен — Рысқалиевтің адвокаты және Вранчев — Хаменованың адвокаты тергеу органдарының сотқа ұсынған деректері заңсыз жолмен табылған деп мәлімдейміз. Сондай-ақ, біздің қорғауымыздағы айыпталушылардың әрекеттерінде қылмыстың құрамы жоқ. Барының өзі дәйексіз. Осыған орай соттан олардың ақталуын…
CaspianLife, 13 қараша — Атырауда сатушыны тапаншамен қорқытқан күдікті ұсталды. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады. 12 қараша күні сағат 11:11 шамасында Авангард ықшам ауданындағы дүкендердің бірінде белгісіз ер адам тапаншамен сатушыны қорқытып. 208 мың теңгесін алып кеткен. Аталған оқиға бойынша жедел басқару қызметіне хабар түскеннен кейін полицейлер аз уақыт ішінде күдікті тапты. А. есімді азамат MP-65K травматикалық тапаншасымен қаруланғандығы анықталды.
CaspianLife, 13 қараша — Атырауда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 2 адам зардап шекті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Оқиға бүгін 15:00 шамасында болған. 53 жастағы автобус жүргізушісі екінші дәрежелі жолмен келе жатып, Ваз 2114 көлігіне соқтығысып, жеңіл көліктегі 2 адам жарақат алды. Зардап шеккендер облыстық аурухунаға жеткізілді. Ал, қоғамдық көлік екпін салдарынан электр бағанасына соқтығысқан. Полицейлердің дерегінше, автобус жүргізушісі автокөлікке жол бермеген. Аталған оқиға бойынша қазіргі уақытта тиісті іс құжаттар жинақталуда.
