CaspianLife, 10 қараша — Атырауда көлік айдаған 14 жасар жасөспірім жол апатына түсіп, қаза тапты. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға 9 қараша күні сағат 16:30 шамасында Құрманғазы ауданында Жасталап ауылы тұсында болған. Toyota Corolla автокөлігі жолдан шығып аударылып, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Оның жеке басын анықтау кезінде 2008 жылғы екені анықталды. Сондай-ақ, көлікте болған 15 жастағы 4 жасөспірім түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді. «Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайын анықтау бағытында кезек күттірмейтін тексеру жұмыстары жүргізілуде», — делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Полицейлер жасөспірім көлікті…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 9 қараша — «Атырау-Индер» тас жолының бір жақ бөлігі ашылды. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Аталмыш трассаның ұзындығы 2 шақырымды құрайды. Қайта жаңғырту мақсатында жасалған жол жөндеу жұмыстары «Атырау-Доссор» тас жолынан Томарлы елді мекеніне дейінгі аралықты қамтыды. «Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады. Туындаған уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауларыңыз сұралады», — делінген әкімдіктің инстаграм парақшасында.
CaspianLife, 9 қараша — Атырауда 2-3 күннен бері газ тапшы. Кейбір газ құю бекеттері жұмыстарын уақытша тоқтатса, өзгелері тек талон арқылы сатып жатыр. ҚР энергетика министрлігінің шешіміне сәйкес қараша айында Атырау мұнай өңдеу зауыты облысқа 5744 тонна сұйытылған газ сатуы керек еді. Алайда зауытта күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан министрлік бекіткен көлем 35 пайызға қысқарған. Қарашаның басынан күні бүгінгі дейін зауыт ішкі нарық үшін тәулігіне бар болғаны 90 тонна автогаз шығарыпты. Ал, бүгіннен бастап оның көлемі тағы азайып, зауыт қазір күніне тек 60 тонна сұйық отынды нарыққа жөнелтіп отыр. «Жергілікті атқарушы орган тарапынан және ҚР энергетика министрлігімен бірлесіп бүгінгі таңда…
CaspianLife, 9 қараша — ҚР Ұлттық статистикалық бюросы соңғы 12 айдағы баға өсімінің есебін жариялады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, тамақ бағасы шарықтап тұр. Мәселен, өткен жылы қант 75 пайызға өссе, ұн 44 пайызға, макарон және нан өнімдері үш есеге қымбаттаған. Күріш, сүт өнімдері мен балықтың бағасы да олардан қалыс емес. Сонымен қатар тізімде өсімдік майы, нан, ет, жеміс-жидек пен көкөністер бар. Азық-түліктен бөлек кеңсе тауарлары да бағаның өсімі жағынан қалысар емес. Олар 64%-ға қымбаттап, бұл оқушылардың ата-аналарына мектепке дайындық кезінде қатты білінді. Сондай-ақ үйде қолданылатын жуғыш заттар мен тазалау құралдарының бағасы да – 40%-ға жуық өскен, ірі тұрмыстық техника, электр тауарлар…
CaspianLife, 9 қараша — Атырауда заңсыз қару сақтаған азамат ұсталды. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. Полицейлер 24 жастағы тұрғынның гаражынан 2 дана қосауызды, 1 дана бірауызды аңшылық мылтықтарының кесінділері, 2 дана атыс қаруы, резеңке таяқшасы, тапаншаның бөлшектері мен электрошокерді тапқан. Табылған қару-жарақтар тәркіленіп, баллистикалық зерттеу тағайындалуда. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287 бабының 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
CaspianLife, 9 қараша — Каспий теңізінің жағалауынан 140-қа жуық өлі итбалық табылды. Өлекселер Түпқараған ауданындағы Баутино елді мекенінің жағалауында жатыр. Бұл туралы ақпарат Каспий итбалығын зерттеу орталығына 7 қарашада түскен. Қазіргі кезде оқиға орнында зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Итбалықтардың жаппай қырылуына не себеп болғанын анықтау мақсатында олардың тіндері зертханаға жіберілді. Оқиға орнына Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы басқармасының өкілдері, табиғатты қорғаушылар, экологтар мен жергілікті тұрғындар барған болатын. «Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Баутино елді мекен аумағында Каспий теңізінің жағалауында 139 итбалықтың өлген ұшалары жиналды. Қазіргі таңда, 9 қараша күні итбалықтардың өлу себебін анықтау мақсатында ғылыми институттары келуде және сол жерде Маңғыстау облысының Каспий…
CaspianLife, 9 қараша — Зейнет жасына жақындаған 22 атыраулық жұмысқа орналасты. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлімдеді. Азаматтар «Күміс жас» жобасы арқылы қызметтеріне кірісті. Жауапты басқарма басшысы бағдарламаны ары қарай жалғастыру үшін жұмыс беруші мекемелерге үнемі ұсынып беретінін айтады. «Бұл жоба жұмыс берушілерге де тиімді. Себебі «Күміс жас» жобасына қатысушылардың жалақысының жартысын мемлекет, жартысын жұмыс беруші төлейді», — деді Мәмбетов. Бұл бағдарлама бойынша зейнеткерлікке шығуға 2 жыл қалған азаматтар жұмысқа орналаса алады. Айта кетейік, мемлекеттік бағдарлама аясында зейнеткерлікке шығуға 2 жыл қалған азаматтар уақытша жұмыспен қамтылады. Жоба арқылы зейнетақы мөлшерлемесін көбейте алады.
CaspianLife, 8 қараша — Атырауда кейбір мектептер 6 күндік оқу аптасына ауысады. Бұл оқу жүктемесінің көбеюіне байланысты жасалып отыр. Нақтырақ айтқанда, осы форматқа мектеп-лицей, гимназия, үшауысымды мектептер көшетін болады. Еске сала кетейік, оқу жылының басында ата-аналар дәл осындай өзгерістер үшін шу шығарған болатын. Бірақ білім бөліміндегілер олардың өтінішінен кейін бастауыш сыныптардың барлығы 5 күндікке ауысқанын, бірақ барлығына бірдей жағдай жасау мүмкін емес екенін айтып отыр. «Енді міне үлгілі оқу жоспарына 30 қыркүйекте 412-ші оқу және ағарту министірінің бұйрығымен өзгерістер енгізілді. Сол өзегрістерде алгебра, Қазақстан тарихы, физика, биологиядан жаңа сағаттар қосылды. Осы сағаттардың қосылуы нәтижесінде оқу кестесіне өзгерістер енгіздік», — дейді…
CaspianLife, 8 қараша — Өңірдегі балық шаруашылығын дамыту қажет. Өйткені, бұл сала – аймақтың экономикасында маңызды рөлге ие. Жыл басынан бері Каспий теңізі мен Жайық өзенінен 12 мың тонна балық ауланған. Олар көбіне мұздатылып немесе өңдетілмеген түрде шетел асады. Алайда, саланы дамыту үшін қолға алынған іс-шаралар жеткіліксіз. «Ең алдымен, бекіре тұқымдас балықтың санын көбейтуге баса мән берген жөн. Әлемдік нарықта оған сұраныс өте жоғары.Биыл Жайыққа 8,5 миллион шабақ жіберілді. Бұл жұмысты жалғастыру қажет. Мемлекет қарамағында бекіре өсіретін екі зауыт бар. Осы кәсіпорындардың тозығы жетіп, құрал-жабдығы әбден ескірген. Зауыттарды заман талабына сай қайта жаңғырту керек. Сондай-ақ, шабақ өсіретін жоғары технологиялы жаңа…
CaspianLife, 8 қараша — Атырау облысының экономикасын әртараптандыру, балық шаруағылығының дамуы, инфрақұрылым, денсаулық сақтау, білім беру мен мәдениет, экология және туризм. Атырауға іссапармен келген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселелерге қатысты пікірін білдірді, тапсырма беріп, сынап та алды. Ол аймақтың мұнай мен газды өңдейтін орталыққа айналу керектігін айтып, мұнай-химия кластерін құрудың бірінші кезеңі аясында іске асып жатқан полипропилен өндірісіне тоқталды. «Облыста «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Онда жұмыс істейтін компанияларға салық және кеден жеңілдіктері беріледі. Сондай-ақ, инвестиция тарту үшін мемлекет тарапынан түрлі амал-тәсілдер қарастырылған. Басқа да ірі жобаларды жүзеге асыру көзделген. Олар инфрақұрылымды дамытуға, жаңа технологияларды тартуға…
